Күршім ауданының Қарой ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 маусымдағы N 2549 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 шілдеде N 2596 тіркелді. Күші жойылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 01-05/137 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 2013.01.22 № 01-05/137 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 365 ұсынысын қарап, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданының Қарой ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитариялық эпидемиялық қадағалау Комитеті Шығыс Қазақстан Облысы бойынша Департаментінің Күршім ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы (М. Садуақасова) және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық қадағалау және бақылау Комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Ә. Шапатов) тұрғындар арасында сарып ауруының алдын алу бойынша жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы іс-шаралары орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Теректі ауылдық округінің әкіміне (С. Ақсартов) шектеу белгіленген аумақтан ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
 

      Күршім ауданы әкімі                        А. Сеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық қадағалау және бақылау
      Комитетінің Күршім аудандық
      аумақтық инспекциясының бастығы            Ә. Шапатов

      2012 жылғы 16 маусым

      Қазақстан Республикасы
      денсаулық сақтау Министрлігі
      мемлекеттік санитариялық
      эпидемиялық қадағалау Комитеті
      Шығыс Қазақстан Облысы бойынша
      Департаментінің Күршім ауданы бойынша
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
      басқармасының бастығы                      М. Садуақасова

      2012 жылғы 16 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады