Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы N 2720 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қаңтарда N 2843 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы N 3523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 02.12.2014 N 3523 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 111629 баптарына, Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11 бабы 1 тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әр мүгедек балаға ай сайын 7582 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      3. Келесі шарттар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) отбасының жиынтық табысына тәуелсіз үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне берілсін;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап, "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кенестің қорытындысымен белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін көрсетілсін;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар болған кезде (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігі алып тастау) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Күршім ауданының әкімі

А. Сеитов

Об оказании дополнительной социальной помощи

Постановление акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 27 декабря 2012 года N 2720. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 23 января 2013 года N 2843. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 02 декабря 2014 года N 3523

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 02.12.2014 N 3523.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 111629 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", пунктом 1 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" акимат Курчумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать дополнительную социальную помощь лицам, имеющим право на материальное обеспечение детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому (далее - социальная помощь).
      2. Предоставить социальную помощь в размере 7582 тенге в месяц на каждого ребенка-инвалида.
      3. Установить следующие условия:
      1) социальная помощь на детей-инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому, независимо от дохода семьи;
      2) социальная помощь предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Управление образования Восточно Казахстанской области";
      3) выплата социальной помощи производится за истекший месяц. При наличии обстоятельств, повлекших прекращение выплаты социальной помощи (достижение ребенком-инвалидом возраста 18 лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Калелова М.Ж.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким Курчумского района

А. Сеитов