Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 02.12.2014 N 3523 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11, 16, 29 баптарына, Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11 бабы 1 тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
2. Әр мүгедек балаға ай сайын 7582 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
3. Келесі шарттар белгіленсін:
1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) отбасының жиынтық табысына тәуелсіз үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне берілсін;
2) әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап, "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кенестің қорытындысымен белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін көрсетілсін;
3) әлеуметтік көмекті төлеу өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар болған кезде (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігі алып тастау) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Күршім ауданының әкімі |
А. Сеитов |