2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 "Тұрғын ұй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" шешімге өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 наурыздағы N 18 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 23 сәуірде N 5-17-165 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы N 203 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 30.06.2014 N 203 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1626 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 «Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы ережесінде:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерiнiң немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      4) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.».
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            М. Құсайынов

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           Н. Сейсембина

О внесении изменений в решение № 181 от 15 апреля 2010 года "Об утверждении Правил о размерах и порядке оказания жилищной помощи"

Решение Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26 марта 2012 года N 18. Зарегистрировано Управлением юстиции Уланского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 23 апреля 2012 года за N 5-17-165. Утратило силу решением Уланского районного маслихата от 30 июня 2014 года N 203

      Сноска. Утратило силу решением Уланского районного маслихата от 30.06.2014 N 203.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94-1 «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2011 года № 1626 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» Уланский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение № 181 от 15 апреля 2010 года «Об утверждении Правил о размерах и порядке оказания жилищной помощи» следующие изменения:
      в правилах о размере и порядке оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:
      «1. В приложении используются следующие основные понятия:
      1) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно–допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) – общая сумма доходов, полученных семьей (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функцию по управлению объекта кондоминиума;
      4) уполномоченный орган – исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), финансируемый за счет средств местного бюджета, осуществляющий назначение жилищной помощи;
      5) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      6) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг, семьями (гражданами), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища в порядке, установленном законодательством в области связи;
      4) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.»;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой  оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию книги регистрации граждан;
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.
 

      Председатель сессии                        М. Кусаинов

      Секретарь
      районного маслихата                        Н. Сейсембина