Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 25.11.2013 N 8 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 2012.12.24 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылдың 18 маусымдағы № 590 ұсынысы негізінде Жаңа тілек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңа тілек ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 2012.12.24 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы Қ. Кебиспаевқа осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Жаңа тілек ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Қ. Кунчаев сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі Қ. Карыбаев
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Үржар
аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-
санитарлық инспекторы Қ. Кебиспаев
«23» тамыз 2012 ж.