Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 25.11.2013 N 8 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. 2012 жылғы 23 тамыздағы № 7 «Жаңа тілек ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2642 болып тіркелген «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 79 жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Жаңа тілек ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы»;
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Жаңа тілек ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.»;
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңа тілек ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы Е. Мұқажанов