Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 14.11.2013 N 2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2012.12.25 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялы инспекторының 2012 жылдың 13 сәуірдегі № 266 ұсынысы негізінде Науалы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Науалы ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2012.12.25 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С. Күлмұхаметовке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Науалы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Н. Алтынбеков сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науалы ауылдық округінің әкімі Ө. Шоқпарбаев
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Үржар
аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
инспекторы С. Күлмұхаметов
03 мамыр 2012 жыл