"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" 2009 жылғы 23 қазандағы № 21/6–IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 шілдедегі N 4/7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 06 тамызда N 2631 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы N 6/3-V шешімімен

      Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.11.21 N 6/3-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы № 21/6–IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-107 тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2009 жылғы 27 қарашадағы № 48 санында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-бөлімнің 3–тармағындағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек жыл сайын біржолғы ақшалай төлем түрінде 7700 теңге мөлшерінде көрсетіледі.»;
      2-бөлімнің 4–тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік көмек жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органымен тағайындалады. Әлеуметтік көмегін тағайындау үшін келесі құжаттар тапсырылады:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);
      5) жұмыс орнынан анықтама;
      6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шот бар екендігін растайтын құжат.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Н. Серохвостова

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ә. Баяндинов

О внесении изменений в решение от 23 октября 2009 года № 21/6-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 12 июля 2012 года N 4/7-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 06 августа 2012 года за N 2631. Утратило силу - решением Шемонаихинского районного маслихата от 21 ноября 2012 года N 6/3-V

      Сноска. Утратило силу - решением Шемонаихинского районного маслихата от 21.11.2012 N 6/3-V.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 66 «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Стандартом государственной услуги «Назначение социальной помощи специалистам социальной сферы, проживающим в сельской местности, по приобретению топлива», утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами» Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Шемонаихинского районного маслихата от 23 октября 2009 года № 21/6-IV «Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-107, опубликовано в газете «Уба-Информ» от 27 ноября 2009 года № 48) следующие изменения:
      абзац второй пункта 3 раздела 1 изложить в следующей редакции:
      «Социальная помощь специалистам государственных организаций образования, социального обеспечения, культуры и спорта оказывается в виде ежегодной единовременной денежной выплаты в размере 7700 тенге.»;
      пункт 4 раздела 2 изложить в следующей редакции:
      «4. Социальная помощь специалистам социальной сферы назначается органом занятости и социальных программ. Для назначения социальной помощи предоставляются следующие документы:
      1) заявление;
      2) копию документа, удостоверяющий личность заявителя;
      3) копию свидетельства о регистрации налогоплательщика;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      5) справку с места работы;
      6) документ, подтверждающий наличие лицевого счета в банке второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций.».
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Председатель сессии                        Н. Серохвостова

      Секретарь Шемонаихинского
      районного маслихата                        А. Баяндинов