Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.11.21 N 6/3-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы № 21/6–IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-107 тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2009 жылғы 27 қарашадағы № 48 санында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-бөлімнің 3–тармағындағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек жыл сайын біржолғы ақшалай төлем түрінде 7700 теңге мөлшерінде көрсетіледі.»;
2-бөлімнің 4–тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік көмек жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органымен тағайындалады. Әлеуметтік көмегін тағайындау үшін келесі құжаттар тапсырылады:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);
5) жұмыс орнынан анықтама;
6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шот бар екендігін растайтын құжат.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Серохвостова
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов