"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 8/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда N 2831 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 25/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 30.01.2015 N 25/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-119 болып тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 санында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесінде:
      3 және 4–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай–ақ жекешелендірілген тұрғын үй–жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек–шот.";
      22-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".
      2. Осы шешімнің 1–тармағының 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын сегізінші, он бірінші, он екінші абзацтарын және осы шешімнің 1–тармағының оныншы және он төртінші абзацтарының жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрайымы

А. Яровикова

      Шемонаиха аудандық


      мәслихатының хатшысы

Ә. Баяндинов

О внесении изменений в решение от 16 апреля 2010 года 28/5-IV "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21 декабря 2012 года N 8/6-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 22 января 2013 года N 2831. Утратило силу - решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 30 января 2015 года N 25/2-V

      Сноска. Утратило силу - решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 30.01.2015 N 25/2-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Шемонаихинского районного маслихата от 16 апреля 2010 года № 28/5-IV "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-119, опубликовано в газете "ЛЗ Сегодня" от 28 мая 2010 года № 23) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах о размере и порядке оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:
      "3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.";
      пункт 7 дополнить абзацем следующего содержания:
      "квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.";
      первый абзац пункта 22 изложить в следующей редакции:
      "22. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев восьмого, одиннадцатого, двенадцатого пункта 1 настоящего решения и положений абзацев десятого и четырнадцатого пункта 1 настоящего решения об оказании жилищной помощи на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, которые вводятся в действие с 1 июля 2012 года и действуют до 1 января 2014 года.
 
 

      Председатель сессии

А. Яровикова

      Секретарь Шемонаихинского


      районного маслихата

А. Баяндинов