Ескерту. Қаулы мен шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен 14.12.2022 № 257 қаулысымен және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 16-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Сессия төрағасы | Б. Тұманов |
Облыстық мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 227 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5-3 бірлескен қаулысына және шешіміне қосымша |
Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен 14.12.2022 № 257 қаулысымен және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 16-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ауданның (қаланың) атауы | Жеке меншік құқығымен немесе уақытша жер пайдалану құқығымен (жалға) берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері | |||||||
Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | ||||||||
Барлығы (гектар) | Егістік (гектар) | Шабындық (гектар) | Жайылым (гектар) | Барлығы (гектар) | Егістік (гектар) | Шабындық (гектар) | Жайылым (гектар) | ||
1 | Ақжайық | 151 | 1 | 50 | 100 | 551 | 1 | 50 | 500 |
2 | Бөкей ордасы | 75 | 5 | 20 | 50 | 75 | 5 | 20 | 50 |
3 | Бөрлі | 55 | 5 | 20 | 30 | 55 | 5 | 20 | 30 |
4 | Жаңақала | 301 | 1 | 50 | 250 | 551 | 1 | 50 | 500 |
5 | Жәнібек | 101 | 1 | 50 | 50 | 101 | 1 | 50 | 50 |
6 | Бәйтерек | 101 | 1 | 50 | 50 | 101 | 1 | 50 | 50 |
7 | Казталов | 101 | 1 | 50 | 50 | 101 | 1 | 50 | 50 |
8 | Қаратөбе | 300 | 100 | 100 | 100 | 300 | 100 | 100 | 100 |
9 | Сырым | 400 | 100 | 100 | 200 | 400 | 100 | 100 | 200 |
10 | Тасқала | 105 | 5 | 50 | 50 | 105 | 5 | 50 | 50 |
11 | Теректі | 60 | 20 | 20 | 20 | 150 | 50 | 50 | 50 |
12 | Шыңғырлау | 120 | 50 | 20 | 50 | 120 | 50 | 20 | 50 |
13 | Орал | 40 | 5 | 20 | 15 | 40 | 5 | 20 | 15 |