Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 227 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5-3 "Батыс Қазақстан облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3154 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы";
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Мәслихат хатшысы | Б. Конысбаева |
Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
№ | Ауданның (қаланың) атауы | Жеке меншік құқығымен немесе уақытша жер пайдалану құқығымен (жалға) берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері | |||||||
Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | ||||||||
Барлығы (гектар) | Егістік (гектар) | Шабындық (гектар) | Жайылым (гектар) | Барлығы (гектар) | Егістік (гектар) | Шабындық (гектар) | Жайылым (гектар) | ||
1 | Ақжайық | 151 | 1 | 50 | 100 | 551 | 1 | 50 | 500 |
2 | Бөкей ордасы | 75 | 5 | 20 | 50 | 75 | 5 | 20 | 50 |
3 | Бөрлі | 55 | 5 | 20 | 30 | 55 | 5 | 20 | 30 |
4 | Жаңақала | 301 | 1 | 50 | 250 | 551 | 1 | 50 | 500 |
5 | Жәнібек | 101 | 1 | 50 | 50 | 101 | 1 | 50 | 50 |
6 | Бәйтерек | 101 | 1 | 50 | 50 | 101 | 1 | 50 | 50 |
7 | Казталов | 101 | 1 | 50 | 50 | 101 | 1 | 50 | 50 |
8 | Қаратөбе | 300 | 100 | 100 | 100 | 300 | 100 | 100 | 100 |
9 | Сырым | 400 | 100 | 100 | 200 | 400 | 100 | 100 | 200 |
10 | Тасқала | 105 | 5 | 50 | 50 | 105 | 5 | 50 | 50 |
11 | Теректі | 60 | 20 | 20 | 20 | 150 | 50 | 50 | 50 |
12 | Шыңғырлау | 120 | 50 | 20 | 50 | 120 | 50 | 20 | 50 |
13 | Орал | 40 | 5 | 20 | 15 | 40 | 5 | 20 | 15 |