Шақыру жасындағы азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 752 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 мамырда № 7-1-232 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтарағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 31.01.2013 № 92 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде жабдықталған әскери пункттерімен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Орал қаласы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2011 жылғы 17 наурыздағы № 556 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 7-1-205 нөмірімен тіркелген, "Жайық үні" газетінде 2011 жылғы 12 мамырда № 19 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. Құттұмұрат-ұлына жүктелсін.

      Қала әкімі                             Б. Шәкімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Орал қаласының ішкі істер
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы,
      полиция полковнигі
      _____________Айткалиев Шадияр Қамиярұлы
      05.04.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Ирменов Қамидолла Мұтиғоллаұлы
      05.04.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Орал қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының у.м.а.,
      подполковник
      _____________Мифтахов Виталий Сабирович
      05.04.2012 ж.

Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Постановление акимата города Уральска Западно-Казахстанской области от 5 апреля 2012 года № 752. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 8 мая 2012 года № 7-1-232. Утратило силу постановлением акимата города Уральска Западно-Казахстанской области от 31 января 2013 года № 92

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Уральска Западно-Казахстанской области от 31.01.2013 № 92

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", Указом Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года  №274 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года" акимат города Уральска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить через государственное учреждение "Управление по делам обороны города Уральска Западно-Казахстанской области" (по согласованию) призыв на срочную воинскую службу в апреле–июне и октябре–декабре 2012 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Государственному учреждению "Управление здравоохранения Западно-Казахстанской области" (по согласованию) обеспечить при проведении медицинского освидетельствования граждан оборудованными призывными пунктами, снабжение медикаментами, инструментарием, медицинским и хозяйственным имуществом.
      3. Рекомендовать государственному учреждению "Управление внутренних дел города Уральска Департамента внутренних дел Западно – Казахстанской области" (по согласованию) осуществлять розыск лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности, а также охрану общественного порядка при отправке призывников в воинские части.
      4. Постановление акимата города Уральска "Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную воинскую службу в апреле–июне и октябре–декабре 2011 года" от 17 марта 2011 года № 556 (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации под номером 7-1-205, опубликованное от 12 мая 2011 года, опубликованного в газете "Жайық үні" № 19) признать утратившим силу.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      6. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Уральска А. Кұттұмұрат-ұлы.

      Аким города                      Б. Шакимов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник "Управления
      внутренних дел города
      Уральска Департамента
      внутренних дел Западно-
      Казахстанской области",
      полковник юстиции
      _____________Айткалиев Шадияр Камиярович
      05.04.2012 г.

      Начальник государственного
      учреждения "Управление
      здравоохранения Западно-
      Казахстанской области"
      _____________Ирменов Камидолла Мутиголлиевич
      05.04.2012 г.

      Вр.и.о. начальника
      государственного учреждения
      "Управление по делам обороны
      города Уральска Западно–
      Казахстанской области",
      подполковник
      _____________Мифтахов Виталий Сабирович
      05.04.2012 г.