Шақыру жасындағы азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы N 556 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 сәуірде N 7-1-205 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі N 752 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012.04.05 N 752 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы N 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын. Шақыру комиссиясының құрамында медициналық комиссия құрылсын. Шақыру учаскесі Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100 мекенжайында орналасқан "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2-ші қабатында ұйымдастырылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      4. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) бағынысты медициналық мекемелерде шақыру жасындағы азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде шақыру пункттерін жабдықтауды, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      6. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Орал қаласы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2010 жылғы 5 тамыздағы N 1785 (Нормативтік–құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 7-1-192 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 19 тамызда "Жайық үні" газетінде N 33 жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      8. Аталған іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Орал қаласының ішкі істер
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы,
      полиция полковнигі
      _____________Айткалиев Шадияр Қамиярұлы
      17.03.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Ирменов Қамидолла Мұтиғоллаұлы
      17.03.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Орал қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы, полковник
      _____________Жакьяев Альберт Юсупұлы
      17.03.2011 ж.

Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 17 наурыздағы
N 556 қаулысына қосымша

Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

      Жакьяев Альберт Юсупұлы    - "Батыс Қазақстан облысы
                                   Орал қаласының Қорғаныс
                                   істері жөніндегі
                                   басқармасы" мемлекеттік
                                   мекемесінің бастығы
                                   шақыру комиссиясының
                                   төрағасы (келісім бойынша)

      Сафималиев Азамат          - Орал қаласы әкімінің
      Сафимәліұлы                  орынбасары, шақыру
                                   комиссиясы төрағасының
                                   орынбасары

Комиссия мүшелері

      Дүйсенгалиев Нұрлан        - Орал қаласының ішкі істер
      Серікұлы                     басқармасы бастығының
                                   орынбасары (келісім
                                   бойынша)

      Дәулетқалиев Жангелді      - N 1 қалалық емхананың
      Хамзаұлы                     дәрігер-невропатологы,
                                   медициналық комиссия
                                   төрағасы (келісім бойынша)

      Құнарова Жібек             - N 4 қалалық емханасының
      Қабдырахымқызы               медбикесі, комиссия
                                   хатшысы (келісім бойынша)

Резервтік қалалық шақыру комиссиясының
құрамы

      Мифтахов Виталий Сабырұлы  - Орал қаласының қорғаныс
                                   істері жөніндегі басқарма
                                   бастығының орынбасары -
                                   аумақтық қорғаныс және
                                   жұмылдыру дайындығы
                                   бөлімінің бастығы, шақыру
                                   комиссиясының төрағасы
                                   (келісім бойынша)

      Қуанов Рауан Есболатұлы    - Орал қаласы әкімі
                                   аппаратының ұйымдастыру-
                                   бақылау,кадр жұмысы және
                                   мемлекеттік қызмет көрсету
                                   моноторинг бөлімінің
                                   меңгерушісі, шақыру
                                   комиссиясы төрағасының
                                   орынбасары

Комиссия мүшелері

      Кусаинов Альбек Жакимұлы   - Орал қалалық ішкі істер
                                   басқарма бастығының
                                   орынбасары, полиция
                                   подполковнигі (келісім
                                   бойынша)

      Сарбасов Есбол Аронұлы     - дәрігер-отолоринголог,
                                   қалалық медициналық
                                   комиссия төрағасы
                                   (келісім бойынша)

      Силантьева Эльмира         - медициналық комиссияның
      Фаадовна                     хатшысы (келісім бойынша)

      Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ.8.00-ден 16.00-ге дейін белгіленсін.

Қалалық медициналық комиссияның құрамы

      Дәрігер-мамандар:
      1. Хирург
      2. Офтальмолог
      3. Невропатолог
      4. Дерматолог
      5. Стоматолог
      6. Отоларинголог
      7. Терапевт
      8. Психиатр
      9. Фтизиатр
      10. Эндокринолог

Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 17 наурыздағы
N 556 қаулысымен
бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

N р/с


Комиссияның жұмыс күндері,
уақыты 8.00-ден 16.00-ға дейін

1.

"Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Сәуір

Мамыр

Маусым

Қазан

Қараша

Желтоқ-сан

1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14,  15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29

2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30, 31

1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30

3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30

1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады