Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 31.01.2014 № 162 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" қаулысын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 3166 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-224 тіркелген, 2012 жылғы 19 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде № 3 және 2012 жылы 20 қаңтардағы "Пульс города" газетінде № 3 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілісін:
2–тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. В. Дремасовқа жүктелсін.
Қала әкімі Б. Шәкімов