Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 13.11.2012 № 37 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 20 тамыздағы № 413 ұсынбасы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, әкім ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің Аңғиық қыстағы аумағында ірі қара малының арасында пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бөкейорда ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, мал дәрігері М. Төлегеновке жүктелсін.
Сайқын ауылдық округі әкімі Т. Бисекенов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Бөкей ордасы
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Б. Менешев
28.09.2012 ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Бөкей
ордасы аудандық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Ж. Султангалиев
28.09.2012 ж.
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Бөкейорда ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________С. Рамазанова
28.09.2012 ж.