Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Зеленов ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылсын.
2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012.06.22 № 281 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттiк мекемесi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Ғ. Қапақов