Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 87 "Зеленов ауданы бойынша 2012 жылғы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 281 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 маусымда № 7-7-146 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеленов ауданы әкімдігінің "Зеленов ауданы бойынша 2012 жылғы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-139 тіркелген, 2012 жылдың 5 мамырында, 2012 жылдың 12 мамырында "Ауыл тынысы" газетінде № 18, № 19 жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      М. Унгарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады