2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 95 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 мамырда № 7-7-141 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 274 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" № 326 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуге дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Зеленов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                      М. Унгарбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Зеленов
      ауданының ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Ғ. Ислямов
      28.03.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      ішкі істер департаменті
      Зеленов ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы,
      полковник
      _____________Ж. Жұмағалиев
      28.03.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      Зеленов ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
      бастығы, майор
      _____________М. Есенов
      28.03.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Зеленов
      ауданының орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Н. Ахметова
      28.03.2012 ж.

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Постановление акимата Зеленовского района Западно-Казахстанской области от 28 марта 2012 года № 95. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 3 мая 2012 года № 7-7-141. Утратило силу постановлением акимата Зеленовского района Западно-Казахстанской области от 4 января 2013 года № 50

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Зеленовского района Западно-Казахстанской области от 04.01.2013 № 50

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить через государственное учреждение "Отдел по делам обороны Зеленовского района Западно-Казахстанской области" (по согласованию) призыв на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Акимам аульных округов обеспечить доставку граждан при проведении призыва граждан на воинскую службу.
      3. Рекомендовать государственному коммунальному предприятию на праве хозяйственного ведения "Зеленовская центральная районная больница" управление здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области (по согласованию) и государственному коммунальному предприятию на праве хозяйственного ведения "Зеленовская районная больница" управления здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области (по согласованию) обеспечить при проведении медицинского освидетельствования граждан медикаментами, инструментарием, медицинским и хозяйственным имуществом.
      4. Рекомендовать государственному учреждению "Отдел внутренних дел Зеленовского района Департамента внутренних дел Западно-Казахстанской области" (по согласованию) осуществлять розыск лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности, а также охрану общественного порядка при отправке призывников.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кульжанову Г. М.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района                      М. Унгарбеков

      СОГЛАСОВАНО:

      Директор государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Зеленовская
      районная больница" Управления
      здравоохранения акимата
      Западно-Казахстанской области
      _____________Г. Ислямов
      28.03.2012 г.

      Начальник отдела внутренних
      дел Зеленовского района
      департамента внутренних дел
      Западно-Казахстанской области
      полковник
      _____________Ж. Жумагалиев
      28.03.2012 г.

      Начальник отдела по делам
      обороны Зеленовского района
      Западно-Казахстанской области
      майор
      _____________М. Есенов
      28.03.2012 г.

      Директор государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Зеленовская
      районная центральная больница"
      Управления здравоохранения
      акимата Западно-Казахстанской
      области
      _____________Н. Ахметова
      28.03.2012 г.