Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 274 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" № 326 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуге дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Зеленов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі М. Унгарбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
ауданының ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Ғ. Ислямов
28.03.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысы
ішкі істер департаменті
Зеленов ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы,
полковник
_____________Ж. Жұмағалиев
28.03.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор
_____________М. Есенов
28.03.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
ауданының орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Н. Ахметова
28.03.2012 ж.