Қаратөбе ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 ақпанда № 7-9-114 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 11.04.2012 № 10 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қаратөбе ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлікпен жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      4. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                            Н. Қарағойшин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысы
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Қаратөбе
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорын
      директоры
      _____________Мағзомов Зейіл Жөкенұлы
      23.01.2012 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Қаратөбе ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Мажитов Рафхат Қуанаевич
      23.01.2012 ж.

Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Каратобинском районе

Решение акима Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 23 января 2012 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 10 февраля 2012 года № 7-9-114. Утратило силу решением акима Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 11 апреля 2012 года № 10

      Сноска. Утратило силу решением акима Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 11.04.2012 № 10

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", РЕШИЛ:
      1. Рекомендовать государственному учреждению "Отдел по делам обороны Каратобинского района Западно-Казахстанской области" (по согласованию) организовать и обеспечить в январе-марте 2012 года приписку к призывным участкам граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет в Каратобинском районе.
      2. Рекомендовать государственному коммунальному казенному предприятию "Каратобинская районная центральная больница" управления здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области (по согласованию) обеспечить проведение медицинского освидетельствования граждан при приписке к призывным участкам, снабжение медикаментами, инструментарием, медицинским и хозяйственным имуществом.
      3. Государственному учреждению "Каратобинский районный отдел занятости и социальных программ" обеспечить необходимым количеством технических работников для организации приписки к призывным участкам.
      4. Поручить акимам сельских округов обеспечить явку граждан к призывным участкам.
      5. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      6. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района С. Омирзакова.

      Аким района                      Н. Карагойшин

      СОГЛАСОВАНО:

      Директор государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Каратобинская
      центральная районная больница"
      управлении здравоохранения
      акимата Западно-Казахстанской
      области
      _____________Магзомов Зеил Жокенович
      23.01.2012 г.

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел по делам
      Обороны" Каратобинского района
      Западно-Казахстанской области
      _____________Мажитов Рафхат Куанаевич
      23.01.2012 г.