Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 11.04.2012 № 10 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қаратөбе ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлікпен жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Қарағойшин
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Қаратөбе
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорын
директоры
_____________Мағзомов Зейіл Жөкенұлы
23.01.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Мажитов Рафхат Қуанаевич
23.01.2012 ж.