Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 16-6 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-140 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Екпін" газетінің № 18-19 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдарға, санаторлық курорттық емделу алу үшін әлеуметтік көмек, бір жолғы - сауықтыру емделудің 10 күндік курсының ең төменгі төлемақы мөлшерінде;";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына, бір жолғы – 5 000 теңге.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Сарсенбаев
Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов