Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 сәуірде № 7-11-140 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 16-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына:
      Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 50 000 теңге;
      монша, шаштараз қызметтері үшін, ай сайын – 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 10 000 теңге;
      3) Кеңес Одағы Батырының жесіріне, ай сайын – 25 000 теңге;
      4) соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 10 000 теңге;
      5) қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің әйелдері (күйеулеріне), Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 5 000 теңге;
      6) соғыс жылдары тылда еңбек еткен азаматтарға, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 3 000 теңге;
      7) Ауған соғысының қатысушыларына, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 10 000 теңге;
      8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, 1988-1989 жылдарда Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 10 000 теңге;
      9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған соңғы әскерге шақырылған адамдарға, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы – 5 000 теңге;
      9-1) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған), әскери қызметшілердің отбасыларына, Жеңіс күніне орай, бір жолғы – 10 000 теңге;
      10) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға өтініштері бойынша, бір жолғы – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10-1) өртке, тасқын суға немесе басқа да табиғи және техногендық маңызы бар апаттардың зардабын шеккен азаматтарға өтініштері бойынша, бір жолғы – сәйкес аудандық комиссия белгілеген мөлшерде;
      11) жалғызбасты азаматтың, сонымен қатар аз қамтылған азаматтың жерлеу рәсімін өткізген тұлғаға, бір жолғы – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      12) облыс орталығындағы гемодиализ аппаратына мұқтаж І топтағы мүгедектерге өтініштері бойынша, бір жолғы – 50 000 теңге;
      13) ем қабылдаудың сүйемелдеу кезеңінде жүрген және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулез ауруларына өтініштері бойынша, бір жолғы – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      13-1) 3-4 сатыдағы онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарға, өтініштері бойынша, бір жолғы – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      14) ауданның 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлеріне өтініштері бойынша, бір жолғы – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      15) соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдарға, санаторлық курорттық емделу алу үшін әлеуметтік көмек, бір жолғы - сауықтыру емделудің 10 күндік курсының ең төменгі төлемақы мөлшерінде;
      16) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына, бір жолғы – 5 000 теңге.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2011.07.01 № 35-2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.03.15 № 2-3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.05.18 № 4-3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.25 № 8-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Н. Вологин
      Аудандық мәслихат хатшысы        Қ. Нұрмұханов

Тасқала аудандық мәслихатының
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 32-2 шешіміне қосымша

Тасқала аудандық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7-11-90 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 17 "Екпін" газетіне жарияланған);
      2. Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 шілдедегі № 16-4 "Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 7-11-96 тіркелген, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 47 "Екпін" газетіне жарияланған );
      3. Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 17-2 "Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7-11-99 тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 50 "Екпін" газетіне жарияланған);
      4. Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 қазандағы № 18-3 "Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 7-11-105 тіркелген, 2009 жылғы 13 қарашадағы № 63-64 "Екпін" газетіне жарияланған);
      5. Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 22-3 "Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 7-11-116 тіркелген, 2010 жылғы 22 наурыздағы № 18 "Екпін" газетіне жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады