Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға арналған жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 132 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда № 7-11-166 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 08.01.2013 № 4 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға арналған жастар практикасы техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектерi арасынан тiркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын.
      2. Жастар практикасын өткізуді қаржыландыру шаралары мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
      3. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      4. Аудан әкімдігінің "Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға арналған жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2012 жылғы 29 ақпандағы № 47 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-11-158 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірде "Екпін" газетінің № 17 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышкалиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Қ. Мусин

Об организации и финансировании молодежной практики по Таскалинскому району на 2012 год

Постановление акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 14 июня 2012 года № 132. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 20 июня 2012 года № 7-11-166. Утратило силу - постановлением акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 8 января 2013 года № 4

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 08.01.2013 № 4

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать молодежную практику по Таскалинскому району на 2012 год для зарегистрированных безработных из числа выпускников организаций образования, реализующих профессиональные образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, высшего образования, не старше двадцати девяти лет.
      2. Финансирование мероприятий по проведению молодежной практики осуществить за счет средств государственного бюджета.
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Таскалинского района" принять необходимые меры вытекающие, из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.
      4. Признать утратившим силу постановление акимата района "Об организации и финансировании молодежной практики по Таскалинскому району на 2012 год" от 29 февраля 2012 года № 47 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7-11-158, опубликовано 20 апреля 2012 года в газете "Екпін" № 17).
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Л.Жубанышкалиеву.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района                      К. Мусин