Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 08.01.2013 № 4 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға арналған жастар практикасы техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектерi арасынан тiркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын.
2. Жастар практикасын өткізуді қаржыландыру шаралары мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
3. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
4. Аудан әкімдігінің "Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға арналған жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2012 жылғы 29 ақпандағы № 47 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-11-158 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірде "Екпін" газетінің № 17 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышкалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Мусин