Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қарашада № 3104 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2012.11.19 № 12 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 141 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауында ірі қара малының арасында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, малдәрігері Н. Таужановқа жүктелсін.

      Қызылкөл селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы       Қ. Ғ. Искалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің
      Шыңғырлау аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________С. Досказиев
      18.10.2012 ж.

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима на пастбище Копа Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района

Решение акима Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 18 октября 2012 года № 11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 5 ноября 2012 года № 3104. Утратило силу - решением акима Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 19 ноября 2012 года № 12

      Сноска. Утратило силу - Решением акима Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 19.11.2012 № 12

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно–санитарного инспектора Чингирлауской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан № 141 от 25 сентября 2012 года и в целях ликвидации очагов заразных болезней животных РЕШИЛ:
      1. Установить ветеринарный режим карантинной зоны с введением карантинного режима на пастбище Копа Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района, в связи с возникновением заболевания эмфизематозного карбункула среди крупного рогатого скота.
      2. Рекомендовать государственному учреждению "Чингирлауская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию) принять необходимые меры вытекающие из данного решения.
      3. Данное решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      4. Контроль за выполнением данного решения возложить на ведущего специалиста аппарата акима Кзылкульского сельского округа, ветеринарного врача Н. Таужанову.

      Исполняющий обязанности акима
      Кзылкульского сельского округа    Искалиев К. Г.

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Чингирлауская
      районная территориальная
      инспекция Комитета
      ветеринарного контроля
      и надзора Министерства сельского
      хозяйства Республики Казахстан"
      _____________ Досказиев С.
      18.10.2012 г.