Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2012.11.19 № 12 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 141 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауында ірі қара малының арасында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, малдәрігері Н. Таужановқа жүктелсін.
Қызылкөл селолық округі
әкімінің міндетін атқарушы Қ. Ғ. Искалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Шыңғырлау аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________С. Досказиев
18.10.2012 ж.