"Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 142 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8347 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 64-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 396 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6517 тіркелді, 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 27-28 (26448-26449) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымы кандидатына қойылатын біліктілік талаптарына:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшы лауазымына кандидат Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттық түрде расталған жоғары білімі бар және азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат көздерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 сентября 2010 года № 396 "Об утверждении квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 февраля 2013 года № 142. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2013 года № 8347

      В соответствии с пунктом 2 статьи 64 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 сентября 2010 года № 396 «Об утверждении квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 6517, опубликован в газете «Казахстанская правда» от 26 января 2011 года № 27-28 (26448-26449) следующее изменение:
      в Квалификационных требованиях, предъявляемых к кандидатам на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Кандидатом на должность первого руководителя эксплуатанта аэропорта может быть гражданин Республики Казахстан, имеющий высшее образование и опыт работы на руководящих должностях в отрасли гражданской авиации не менее 3-х лет, которые должны быть подтверждены документально в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.».
      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и размещение его на ИПГО.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Бектурова А.Г.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев