«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 64-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 396 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6517 тіркелді, 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 27-28 (26448-26449) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымы кандидатына қойылатын біліктілік талаптарына:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшы лауазымына кандидат Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттық түрде расталған жоғары білімі бар және азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат көздерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев