"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 06 наурыздағы № 77 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8387 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 2 маусымдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7690 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 13 маусым № 318-319 (27393) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080  қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - Стандарт) шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.
      Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші мектепке дейінгі ұйымда баланың нақты болған уақытына және дәлелді себептермен жоқ болған балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын төлейді: баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі және сауықтырылуы, ата-аналарының біреуіне еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында 2 айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қалалық (аудандық) білім бөлімдері балалар құрамын топтастыруды жүргізеді.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар құрамын топтастыруда білім бөлімдері кезек тізімін басшылыққа алады.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармалары конкурс өткізеді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін комиссия жаңа орындарға конкурстық негізде қалыптастырады.
      Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.
      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармаларына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;
      2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
      4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;
      5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.
      Растайтын құжаттар:
      1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің (бұдан әрі – санитарлық ережелер) талаптарына сәйкестігі;
      2) санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;
      3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.
      Конкурсты ұйымдастырушы (аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармалары) конкурсты өткізу уақытын белгілейді, конкурс жариялайды, комиссия құрады және оның құрамын бекітеді, комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді, комиссияның шешімі негізінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін бекітеді.
      Комиссия өтініштер салынған конверттерді ашу және конкурсқа қатысушыларды анықтау процедурасын жүзеге асырады, өтініштерді қарастырады, мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін анықтайды және оны бекіту үшін 30 күнтізбелік күн ішінде конкурстың ұйымдастырушысына ұсынады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.», орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:
      1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;
      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатыспай отырыс хаттамасына кіргізіледі.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілген шешім хаттама түрінде рәсімделеді.
      Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
      1) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосу туралы;
      2) осы Қағиданың 10-тармағымен сәйкес болмаған жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосудан бас тарту туралы.
      Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі.
      Хаттаманы хатшы рәсімдейді, комиссия төрағасы және хатшы қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов 

О внесении изменений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 198 "Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 6 марта 2013 года № 77. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2013 года № 8387. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 29.01.2016 № 122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 198 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 2 июня 2012 года под № 7690, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 13 июня 2012 г. № 183-184 (27002-27003)) следующие изменения:
      в Правилах размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение размещается в организациях образования независимо от формы собственности и ведомственной подчиненности, типов и видов, за исключением дошкольных организаций автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы».
      В объеме государственного образовательного заказа возмещаются текущие затраты дошкольной организации по воспитанию и обучению в расчете на одного ребенка в рамках Государственного общеобязательного стандарта дошкольного воспитания и обучения, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080 (далее - Стандарт).
      При подушевом финансировании заказчиком государственного образовательного заказа оплачивается стоимость услуг на дошкольное воспитание и обучение детям, фактически пребывающим в дошкольной организации, и отсутствующим детям по уважительной причине: болезнь, лечение и оздоровление ребенка в медицинских, санаторно-курортных и иных организациях, предоставление одному из родителей трудового отпуска и оздоровление ребенка в летний период сроком до 2-х месяцев.»;
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      «8. Для размещения государственного образовательного заказа отделами образования городов (районов) проводится комплектование контингента детей.
      При комплектовании контингента детей по государственному образовательному заказу отделы образования руководствуются списком очередности.
      Для размещения государственного образовательного заказа районными и городскими отделами образования, управлениями образования области (города республиканского значения, столицы) проводится конкурс.»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Перечень частных дошкольных организаций образования формируется комиссией на конкурсной основе на новые места.
      К участию в конкурсе допускаются частные дошкольные организации, подавшие заявку на участие. Форма заявки произвольная.
      Для участия в конкурсе частные организации дошкольного воспитания и обучения в районные и городские отделы образования, управление образования области (города республиканского значения, столицы) представляют следующие документы:
      1) заявление на имя председателя комиссии в произвольной форме;
      2) копия справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица с присвоенным бизнес-индентификационным номером, устава, свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, справки из банка об отсутствии задолженности, справки из налоговых органов об отсутствии задолженности;
      3) копия правоустанавливающих документов на недвижимое имущество (собственное или арендуемое), используемое под организацию дошкольного воспитания и обучения;
      4) копия о наличии лицензии на медицинский кабинет или договор на обслуживание с поликлиникой с учетом места закрепления;
      5) обязательства поставщика о принятии детей по государственному образовательному заказу исключительно по направлению органов образования и установлении размера родительской платы на содержание ребенка по государственному образовательному заказу, не превышающего тарифа родительской платы, в соответствии с Законом «Об образовании» Республики Казахстан от 27 июля 2007 года. Форма обязательств поставщика произвольная.».
      Документы подтверждающие:
      1) соответствие оказания услуги требованиям Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам воспитания и образования детей и подростков», утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1684 (далее – санитарные правила);
      2) соответствие необходимому уровню оснащенности материалами и оборудованием по санитарным правилам;
      3) соответствие программ воспитания и обучения требованиям Стандарта.
      Организатор конкурса (районные и городские отделы образования, управление образования области (города республиканского значения, столицы)) устанавливает сроки проведения конкурса, объявляет конкурс, создает комиссию и утверждает ее состав, обеспечивает работу комиссии, на основании решения комиссии утверждает перечень дошкольных организаций, в которых будет размещен государственный образовательный заказ с указанием количества мест.
      Комиссия осуществляет процедуру вскрытия конвертов с заявками и определения участников конкурса, рассматривает заявки, определяет перечень дошкольных организаций и представляет его на утверждение организатору конкурса в течение 30 календарных дней.»;
      в пункт 11 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не изменяется;
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      «12. Дополнительными критериями при конкурсном отборе поставщиков являются:
      1) доля воспитателей высшей и первой категории не менее 10 % от их общего числа;
      2) наличие опыта по предоставлению услуг государственного образовательного заказа.»;
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. Комиссия после дня заседания в течение 3 рабочих дней выносит решение о включении в перечень дошкольных организаций, в которых будет размещен государственный образовательный заказ с указанием количества мест.
      Организации дошкольного образования с ранее размещенным государственным образовательным заказом включаются в протокол заседания без прохождения конкурса.
      Решение комиссии с указанием максимально возможного количества мест для размещения государственного образовательного заказа оформляется в виде протокола.
      Комиссия выносит одно из следующих решений:
      1) о включении в перечень на размещение государственного образовательного заказа в частной дошкольной организации образования;
      2) об отказе включения в перечень на размещение государственного образовательного заказа в частной дошкольной организации образования в случае несоответствия пункту 10 настоящих Правил.
      Большинством голосов членов комиссии путем открытого голосования решение считается принятым.
      Протокол оформляется секретарем, подписывается председателем и секретарем комиссии. Заседания комиссии проводятся ежемесячно и считаются действительными, если на них присутствуют более половины от общего числа ее членов.».
      2. Департаменту дошкольного и среднего образования (Жонтаева Ж.А.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Абенова М. А.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жумагулов