Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 2 маусымдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7690 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 13 маусым № 318-319 (27393) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - Стандарт) шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.
Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші мектепке дейінгі ұйымда баланың нақты болған уақытына және дәлелді себептермен жоқ болған балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын төлейді: баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі және сауықтырылуы, ата-аналарының біреуіне еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында 2 айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қалалық (аудандық) білім бөлімдері балалар құрамын топтастыруды жүргізеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар құрамын топтастыруда білім бөлімдері кезек тізімін басшылыққа алады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармалары конкурс өткізеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін комиссия жаңа орындарға конкурстық негізде қалыптастырады.
Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармаларына мынадай құжаттар ұсынады:
1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;
2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.
Растайтын құжаттар:
1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің (бұдан әрі – санитарлық ережелер) талаптарына сәйкестігі;
2) санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;
3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.
Конкурсты ұйымдастырушы (аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармалары) конкурсты өткізу уақытын белгілейді, конкурс жариялайды, комиссия құрады және оның құрамын бекітеді, комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді, комиссияның шешімі негізінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін бекітеді.
Комиссия өтініштер салынған конверттерді ашу және конкурсқа қатысушыларды анықтау процедурасын жүзеге асырады, өтініштерді қарастырады, мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін анықтайды және оны бекіту үшін 30 күнтізбелік күн ішінде конкурстың ұйымдастырушысына ұсынады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.», орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:
1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатыспай отырыс хаттамасына кіргізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілген шешім хаттама түрінде рәсімделеді.
Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
1) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосу туралы;
2) осы Қағиданың 10-тармағымен сәйкес болмаған жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосудан бас тарту туралы.
Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі.
Хаттаманы хатшы рәсімдейді, комиссия төрағасы және хатшы қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.».
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов