Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 12 және ҚР Энергетика министрінің 25.02.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Электр және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4469 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (316) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Электр және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Электр энергиясын беру және тарату саласындағы:
1) мамандандырылған автокөлік құралдарын және басқа әуе желілері 0,4-220 килоВольт көлемі шағын жүктерді өткізу;
2) тұтынушылардың өтінімдері бойынша электр желілеріне қосу;
3) есептеу аспаптарын орнату;
4) электрмен жабдықтау (Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда);
5) электр желілеріне және жабдықтарға (әуе желілері, кабельдік желілер, шағын станциялар, трансформаторлық шағын станциялар, жиынтық трансформаторлық шағын станциялар, трансформаторлар, жоғары вольттік кірулер, орам ішіндегі жарықтандыру, көшені жарықтандыру, коммуналдық меншіктегі мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша қызмет көрсететін электр желілері мен жабдықтар) техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және реконструкциялау жөніндегі қызмет.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жылу энергиясын беру және тарату саласындағы:
1) технологиялық жабдықты жөнге келтіру;
2) жылу желілерін гидравликалық және температуралық сынау;
3) тұтынушылардың өтінімдері бойынша жылу желілеріне қосу;
4) жылу энергиясын беру мен таратудың бірыңғай циклына қатысушы бөгде ұйымдардың жылу объектілерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
5) есептеу аспаптарын орнату;
6) жылу желілеріне және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реконструкциялау жөніндегі қызмет.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін, кейіннен жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы |
Премьер-Министрінің орынбасары - | Табиғи монополияларды |
Қазақстан Республикасы Индустрия және | реттеу агенттігінің |
жаңа технологиялар министрі | төрағасы |
______________ А.Ө. Исекешев | ________ М.М. Оспанов |