"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 137 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8423 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 98 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 56-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2013 жылғы 15 наурыздағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы"
2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды
жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру
және жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 56-бабының 2-1-тармағына, 60-2-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасын Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) қолданылады.

      3. Қағидалар салық есебін ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін, бастапқы есеп құжаттарының нысандарын, бастапқы есеп құжаттарын жасауға және сақтауға қойылатын талаптарды көздейді.

2. Салық есебін ұйымдастыру

      4. Дара кәсіпкерлер салық есебін ұйымдастыруды, оның ішінде бастапқы есеп құжаттарын жасауды, сақтауды, сондай-ақ түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Салық есебінің қанағаттанарлық емес жай-күйі немесе бастапқы есеп құжаттары жоғалған жағдайда, дара кәсіпкерлер оларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

      5. Операциялар мен оқиғалар бастапқы есеп құжаттарының түпнұсқаларын қоса бере отырып, салық есебінде көрсетіледі.

      6. Дара кәсіпкер операцияларды және кассадағы ақшаны есепке алуды қамтамасыз етеді. Операцияларды және кассадағы ақшаны есепке алуды дара кәсіпкердің өзі және (немесе) дара кәсіпкер уәкілеттік берген тұлға – кассир жүзеге асырады.

      7. Бастапқы есеп құжаттарына қол қоюға құқығы бар қызметкерлерді айқындау жазбаша нысанда құжатпен бекітіледі. Бұл ретте қызметкердің лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, іс-қимыл саласы мен операция мәніне байланысты қол қою құқығының иерархиясы белгіленеді.

      Жоғарыда көрсетілген құжат болмаған кезде бастапқы есеп құжаттарына қол қою құқығына және оларда операцияларды көрсетудің дұрыстығына жауапкершілік дара кәсіпкерге жүктеледі.

3. Салық есебін жүргізу
1-параграф. Есепке алу құжаттамасы

      9. Дара кәсіпкерлер Салық кодексінің 7 және 7-1-тарауларына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес салық есебін жүргізуді жүзеге асырады.

      10. Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің есепке алу құжаттамасы:

      бастапқы есепке алу құжаттарын;

      салықтық нысандарды;

      салықтық есепке алу саясатын;

      салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

      11. Есепке алу құжаттамасында түзету жазбалары жүргізілген кезде операцияның мазмұны және түзету себептері ашылады. Түзету жазбалары дара кәсіпкердің қолы қойылған, ерікті нысанда жазылған анықтамамен ресімделеді.

2-параграф. Бастапқы есеп құжаттарының нысандары
және оларды жасауға қойылатын талаптар

      12. Салық кодексінің 60-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес салық есебін жүргізу мақсатында дара кәсіпкерлер бастапқы есеп құжаттарын жасайды.

      Дара кәсіпкерлердің бастапқы есеп құжаттарын жасауы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары) 2, 3, 4, 5 параграфтарына сәйкес жүргізіледі, онда бастапқы есепке алу құжаттарының жасау, қолма-қол ақшаны қабылдау мен беруге және кассалық құжаттарды ресімдеу, касса кітабын жүргізу және ақшаны сақтау, есепке берілетін соманы есепке алуға қойылатын тәртібі белгіленген.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.10.2015 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бастапқы есеп құжаттары операция немесе оқиға болған күні не олар аяқталғаннан кейін жасалады.

      14. Бастапқы есеп құжаттары "Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша жасалады.

      Бұл ретте, бастапқы есеп құжаттары бухгалтерлік есеп шоттары көрсетілмей мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жасалады.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандары және оларға қойылатын талаптар бекітілмеген бастапқы есеп құжаттарын дара кәсіпкерлер "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес дербес әзірлейді.

3-параграф. Салық нысандары

      16. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.

      17. Салықтық нысандарды жасау тәртібі мен сақтау мерзімі Салық кодексінің 61 және 62-баптарында белгіленеді.

      18. Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты болып табылады.

      Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын Салық кодексінің 63-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Салық есептілігінің түрлері, оларды жасау, керi қайтарып алу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, салық есептілігінің жеке нысандарын жасау ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушінің салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту және салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта жаңарту) тәртібі Салық кодексінің 63-74-баптарына сәйкес белгіленеді.

      20. Салықтық өтініш Салық кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында мемлекеттік кірістер органына табыс ететін құжаты болып табылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Дара кәсіпкер салықтық өтінішті Салық кодексінің 75-бабы 2-тармағына сәйкес "Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген) бекітілген нысанда толтырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.10.2015 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Салықтық өтінішті табыс ету тәртібі Салық кодексінің 76-бабымен белгіленген.

      23. Салық тіркелімі салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын құжаты болып табылады.

      Салық тіркелімдері Салық кодексінің 56-бабының 3-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.

      24. Салық тіркелімдеріндегі жазулар бастапқы есеп құжаттары негізінде жүргізіледі.

      25. Дара кәсіпкерлердің салық тіркелімдері:

      1) Салық кодексінің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында олар белгілеген нысандар бойынша дербес кәсіпкерлер өздері жасайтын салық тіркелімдерін;

      2) Салық кодексінің 77-бабы 4-1-тармағына сәйкес нысандары мен жасау қағидалары "Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 271 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11076 болып тіркелген) бекітілген дара кәсіпкерлер жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 02.10.2015 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Салықтық есепке алу саясаты

      26. Салықтық есепке алу саясаты дара кәсіпкер қабылдаған, Салық кодексінің талаптарын сақтай отырып, салық есебін жүргізу тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      27. Дара кәсіпкер "Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10458 болып тіркелген) белгіленген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.10.2015 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Салықтық есепке алу саясатын дара кәсіпкерлер Салық кодексінің 60-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жасайды.

4. Салықтық есепке алудың ерекшеліктері

      29. Дара кәсіпкерлер салық есебін және салық міндеттемелерін анықтау мен орындау тәртібін жүргізу мақсатында Салық кодексінің 60-1-бабында белгіленген салық есебінің негізгі ұғымдары қолданылады.

      30. Дара кәсіпкерлер шетелдік валютада жасалған операцияларды операция жасалған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгеде қайта есептейді. Бағам айырмашылығы салық салу мақсатында ескерілмейді.

      31. Дара кәсіпкердің тауар-материалдық қорларды есепке алуы Салық кодексінің 60-3-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. Дара кәсіпкерлердің мүлік салығын салу объектілері бойынша салық салу объектісі мен салық базасы, тиісінше, Салық кодексінің 396-бабы 1-1-тармағы мен 397-бабы 4-тармағында белгіленген.

      33. Салық есебінде табыстарды тану ерекшеліктері Салық кодексінің 427-1-бабында белгіленген.

5. Түгендеу жүргізу тәртібі

      34. Салық есебі деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында дара кәсіпкер белгілеген тәртіпте активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізіледі.

      35. Орналасқан орнына қарамастан, сондай-ақ дара кәсіпкерге тиесілі емес, бірақ жауапты сақтаудағы, шартқа сәйкес жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссияға қабылданған барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбаған мүлік және міндеттемелердің барлық түрлері түгендеуге жатады.

      36. Дара кәсіпкер мүліктің орналасқан орны бойынша міндетті түгендеу жүргізеді:

      1) мүлікті талан-таражға салу немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүліну фактілері анықталған кезде;

      2) дүлей апат, өрт, авария жағдайларын немесе экстремалдық жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайларда;

      3) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасауға көшкен кезде жүргізіледі.

      37. Есептеу, өлшеу және салмақтау нәтижелері түгендеу тізімдемесіне - түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және белгілі бір күні мүліктің іс жүзінде болуын растайтын құжатқа енгізіледі, оған дара кәсіпкер қол қояды.

      38. Дара кәсіпкерге меншік құқығында тиесілі емес, бірақ олардағы мүлікке, сондай-ақ жарамсыз болып қалған мүлікке жеке түгендеу тізімдемелері жасалады.

      39. Түгендеу кезінде анықталған мүліктің нақты болуының салық есебінің деректерінен алшақтығы артықтары, Салық кодексінің 427-бабы 4-тармағы 7) тармақшасына сәйкес салық есебінде табыс деп танылады.

6. Есеп құжаттамасын сақтау

      40. Есеп құжаттамасын сақтауды дара кәсіпкерлер Салық кодексінің 59-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      41. Құжаттар жоғалған (ұрлау, бүліну, жойып жіберу) немесе бүлінген (өрт, су басу, дүлей апат) жағдайда, дара кәсіпкер олардың жоғалу немесе бүліну себептерін тексеру және кінәлі адамдарды анықтау жөніндегі комиссияны белгілейді.

      Комиссияның жұмыс нәтижелері бойынша акті ресімделеді, оны дара кәсіпкер бекітеді. Актіде: оқиға орны мен себептері, сыртқы зақымдану сипаты егжей-тегжейлі сипатталады, жоғалған (зақымдалған) құжаттардың тізбесі келтіріледі, бастапқы құжаттардың сақталуына жауапты адамдар көрсетіледі. Бұл тұлғалардан комиссия болған жағдай туралы жазбаша түсіндірме алады. Актіге құжаттардың жоғалғанын (ұрланғанын, бүлінгенін, жойылғанын) немесе бүлінгенін (өрт, су басу, дүлей апат) растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжаттары қоса беріледі.

      Құжаттар жоғалған жағдайда, дара кәсіпкер оларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Өтпелі ережелер

      42. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасау мен сақтаудан басқа) және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы дара кәсіпкерлер үшін белгіленген талаптардың біреуіне сәйкессіздік болған кезде дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүргізу туралы дербес шешім қабылдаған дара кәсіпкер осындай есепті жүргізуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдан бастап мұндай есепті жүргізуге құқылы.

      43. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлерге салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшкен кезде тіркелген активтердің түсуі Салық кодексінің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил организации и ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, которые в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не осуществляют ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 марта 2013 года № 137. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 апреля 2013 года № 8423. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 98 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 01.02.2018 № 98 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-1 статьи 56 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, которые в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не осуществляют ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности.

      2. Налоговому комитету Министерства финансов Республики Казахстан (Джумадильдаеву А.С.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2013 года.

Министр

Б. Жамишев


  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 15 марта 2013 года № 137

Правила организации и ведения налогового учета
индивидуальными предпринимателями, которые в соответствии с
Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года
"О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не осуществляют
ведение бухгалтерского учета и составление
финансовой отчетности
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 2-1 статьи 56, пунктом 1 статьи 60-2 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), а также в соответствии с пунктом 2 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 28 июля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности".

      2. Действие настоящих Правил распространяется на индивидуальных предпринимателей, которые в соответствии с пунктом 2 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не осуществляют ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности (далее – индивидуальные предприниматели).

      3. Правила предусматривают порядок организации и ведение налогового учета, формы первичных учетных документов, требования к составлению и хранению первичных учетных документов.

2. Порядок организации налогового учета

      4. Индивидуальные предприниматели обеспечивают организацию налогового учета, в том числе составление, хранение первичных учетных документов, а также проведение инвентаризации.

      5. Операции и события отражаются в налоговом учете с подкреплением оригиналов первичных учетных документов.

      6. Индивидуальный предприниматель обеспечивает учет операций и денег в кассе. Учет операций и денег в кассе осуществляется индивидуальным предпринимателем самостоятельно и (или) уполномоченным индивидуальным предпринимателем лицом – кассиром.

      7. Определение работников, имеющих право подписи первичных учетных документов, утверждается документально в письменной форме. При этом иерархия права подписи в зависимости от занимаемой работником должности, размеров денежных сумм, сферы действия и сущности операции устанавливается индивидуальным предпринимателем.

      При отсутствии вышеуказанного документа ответственность за право подписи первичных учетных документов и правильность отражения операций в них возлагается на индивидуального предпринимателя.

3. Ведение налогового учета
Параграф 1. Учетная документация

      9. Индивидуальные предприниматели осуществляют ведение налогового учета в соответствии с главами 7 и 7-1 Налогового кодекса, а также согласно настоящим Правилам.

      10. В соответствии с пунктом 6 статьи 56 Налогового кодекса учетная документация индивидуальных предпринимателей включает в себя:

      первичные учетные документы;

      налоговые формы;

      налоговую учетную политику;

      иные документы, являющиеся основанием для определения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, а также для исчисления налогового обязательства.

      11. При проведении в учетной документации исправительных записей раскрываются содержание операции и причины исправления. Исправительные записи оформляются справкой в произвольной форме, подписанной индивидуальным предпринимателем.

Параграф 2. Формы первичных учетных документов и требования
к их составлению

      12. В целях ведения налогового учета согласно подпункту 2) статьи 60-1 Налогового кодекса индивидуальными предпринимателями составляются первичные учетные документы.

      Составление первичных учетных документов индивидуальными предпринимателями производится в соответствии с параграфами 2, 3, 4, 5 Правил ведения бухгалтерского учета, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 241 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10954) (далее - Правила ведения бухгалтерского учета), которыми установлен порядок составления первичных учетных документов, приема и выдачи наличных денег и оформлению кассовых документов, ведения кассовой книги и хранения денег, учета подотчетных сумм.

      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра финансов РК от 02.10.2015 № 502 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      13. Первичные учетные документы составляются в день совершения операции или события, либо непосредственно после их окончания.

      14. Первичные учетные документы составляются по формам, утвержденным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 562 "Об утверждении форм первичных учетных документов", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8265.

      При этом, первичные учетные документы составляются на государственном и (или) русском языках без указания счетов бухгалтерского учета.

      15. Первичные учетные документы, формы и требования к которым не утверждены в соответствии с законодательством Республики Казахстан, разрабатываются индивидуальными предпринимателями самостоятельно в соответствии с пунктом 3 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности".

Параграф 3. Налоговые формы

      16. Налоговые формы включают в себя налоговую отчетность, налоговое заявление и налоговые регистры.

      17. Порядок составления и сроки хранения налоговых форм устанавливаются статьями 61 и 62 Налогового кодекса.

      18. Налоговой отчетностью является документ налогоплательщика (налогового агента), представляемый в органы государственных доходов в соответствии с порядком, установленным Налоговым кодексом, который содержит сведения о налогоплательщике, об объектах налогообложения и (или) объектах, связанных с налогообложением, а также об исчислении налоговых обязательств, обязательных пенсионных взносов, социальных отчислений.

      Формы налоговой отчетности и правила их составления в соответствии с пунктом 2 статьи 63 Налогового кодекса утверждаются Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 18 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 18.03.2016 № 139 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      19. Виды налоговой отчетности, порядок их составления, отзыва, внесения изменений и дополнений в них, особенности составления отдельных форм налоговой отчетности, а также порядок продления сроков представления налоговой отчетности и приостановления (продления, возобновления) представления налоговой отчетности налогоплательщиком устанавливаются в соответствии со статьями 63-74 Налогового кодекса.

      20. Налоговым заявлением является документ налогоплательщика (налогового агента), представляемый в орган государственных доходов с целью реализации его прав и исполнения обязанностей в случаях, установленных настоящим Кодексом.

      Сноска. Пункт 20 в редакции приказа Министра финансов РК от 18.03.2016 № 139 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Индивидуальный предприниматель заполняет налоговое заявление в соответствии с пунктом 2 статьи 75 Налогового кодекса по форме, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 604 "Об утверждении форм налоговых заявлений" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10175).

      Сноска. Пункт 21 в редакции приказа Министра финансов РК от 02.10.2015 № 502 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      22. Порядок представления налогового заявления установлен статьей 76 Налогового кодекса.

      23. Налоговым регистром является документ налогоплательщика (налогового агента), содержащий сведения об объектах налогообложения и (или) объектах, связанных с налогообложением.

      Налоговые регистры предназначены для обобщения и систематизации информации для обеспечения целей налогового учета, указанных в пункте 3 статьи 56 Налогового кодекса.

      24. Записи в налоговых регистрах производятся на основании первичных учетных документов.

      25. Налоговые регистры индивидуальных предпринимателей включают в себя:

      1) налоговые регистры, составляемые индивидуальными предпринимателями самостоятельно по формам, установленным ими в налоговой учетной политике с учетом положений статьи 56 Налогового кодекса;

      2) налоговые регистры, составляемые индивидуальными предпринимателями, формы и правила составления которых в соответствии с пунктом 4-1 статьи 77 Налогового кодекса утверждены приказом исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 271 "Об утверждении форм налоговых регистров и правил их составления" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11076).

      Сноска. Пункт 25 c изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 02.10.2015 № 502 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Параграф 4. Налоговая учетная политика

      26. Налоговой учетной политикой является принятый индивидуальным предпринимателем документ, устанавливающий порядок ведения налогового учета с соблюдением требований Налогового кодекса.

      27. Индивидуальный предприниматель самостоятельно разрабатывает и утверждает налоговую учетную политику по форме, установленной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 12 февраля 2015 года № 86 "Об утверждении формы налоговой учетной политики для налогоплательщиков, применяющих специальный налоговый режим для субъектов малого бизнеса, специальный налоговый режим для крестьянских или фермерских хозяйств" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10458).

      Сноска. Пункт 27 в редакции приказа Министра финансов РК от 02.10.2015 № 502 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      28. Налоговая учетная политика индивидуальными предпринимателями составляется в соответствии с требованиями, установленными статьей 60 Налогового кодекса.

4. Особенности налогового учета

      29. В целях ведения налогового учета и порядка определения и исполнения налоговых обязательств индивидуальными предпринимателями применяются основные понятия налогового учета, установленные статьей 60-1 Налогового кодекса.

      30. Индивидуальными предпринимателями операции, совершенные в иностранной валюте, пересчитываются в тенге с применением рыночного курса обмена валюты на дату совершения операции. Курсовая разница в целях налогообложения не учитывается.

      31. Учет товарно-материальных запасов индивидуальными предпринимателями осуществляется в соответствии с пунктом 2 статьи 60-3 Налогового кодекса.

      32. Объект налогообложения и налоговая база по объектам налогообложения налогом на имущество индивидуальных предпринимателей установлены пунктом 1-1 статьи 396 и пунктом 4 статьи 397 Налогового кодекса соответственно.

      33. Особенности признания в налоговом учете доходов индивидуальными предпринимателями установлены статьей 427-1 Налогового кодекса.

5. Порядок проведения инвентаризации

      34. В целях обеспечения достоверности данных налогового учета проводится инвентаризация активов и обязательств в порядке, определяемом индивидуальными предпринимателями.

      35. Инвентаризации подлежит все имущество независимо от его местонахождения, а также не принадлежащее индивидуальному предпринимателю, но находящееся на ответственном хранении, арендованное согласно договору, полученное для переработки, принятое на комиссию, а также имущество, не учтенное по каким-либо причинам, и все виды обязательств.

      36. Индивидуальными предпринимателями обязательная инвентаризация проводится по местонахождению имущества:

      1) при установлении фактов хищения или злоупотреблений, а также порчи имущества;

      2) в случае стихийных бедствий, пожара, аварий или других чрезвычайных ситуаций, вызванных экстремальными условиями;

      3) при переходе на ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности.

      37. Результаты подсчета, обмера и взвешивания заносятся в инвентаризационные описи - документы, составляемые в момент проведения инвентаризации и подтверждающие фактическое наличие имущества на определенную дату, которые подписываются индивидуальными предпринимателями.

      38. На имущество, не принадлежащее индивидуальным предпринимателям на правах собственности, но находящееся у них, а также на имущество, пришедшее в негодность, составляются отдельные инвентаризационные описи.

      39. Излишки, выявленные при инвентаризации фактического наличия имущества с данными налогового учета, признаются доходом в налоговом учете в соответствии с подпунктом 7) пункта 4 статьи 427 Налогового кодекса.

6. Хранение учетной документации

      40. Хранение учетной документации документов индивидуальными предпринимателями осуществляется в соответствии со статьей 59 Налогового кодекса.

      41. В случае пропажи (кражи, порчи, уничтожения) или гибели (при пожаре, затоплении, стихийном бедствии) документов, индивидуальными предпринимателями назначается комиссия по расследованию причин их пропажи или гибели и выявлению виновных лиц.

      По результатам работы комиссии оформляется акт, который утверждается индивидуальными предпринимателями. В акте подробно описывается: место и причины происшедшего, характер внешних повреждений, приводится перечень утраченных (поврежденных) документов, указываются лица, ответственные за сохранность первичных документов. От указанных лиц комиссия получает письменное пояснение случившегося. К акту прикладываются документы уполномоченного государственного органа, подтверждающие пропажу (кражу, порчу, уничтожение) или гибель документов (при пожаре, затоплении, стихийном бедствии).

      В случае утраты документов, индивидуальные предприниматели обеспечивают их восстановление.

7. Переходные положения

      42. При несоответствии одному из условий, установленных для индивидуальных предпринимателей, которые вправе не осуществлять ведение бухгалтерского учета (кроме составления и хранения первичных документов) и составление финансовой отчетности в соответствии с пунктом 2 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 28 июля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", индивидуальный предприниматель обязан осуществлять ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности с месяца, следующего за месяцем, в котором возникло такое несоответствие.

      Индивидуальный предприниматель, соответствующий условиям, установленным пунктом 2 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 28 июля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", и самостоятельно принявший решение о ведении бухгалтерского учета и финансовой отчетности, вправе осуществлять ведение такого учета с месяца, следующего за месяцем, в котором принято такое решение.

      43. При переходе на общеустановленный порядок налогообложения индивидуальных предпринимателей, указанных в пункте 2 настоящих Правил, поступление фиксированных активов осуществляется в соответствии с пунктом 11-1 статьи 118 Налогового кодекса.