"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Біріктірілген көрсеткішті, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін, кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының 0,1 коэффициентке тең біріктірілген көрсеткішке ең жоғары арақатынас мөлшері белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және қоса алғанда 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
4. Осы қаулының ережелері 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген кредиттерге қолданылады.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
министрі
Б.Жәмішев
2013 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 68 қаулысымен бекітілді |
Біріктірілген көрсеткішті, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін,
кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен
тәртібін айқындау қағидалары
1. Осы Біріктірілген көрсеткішті, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін, кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) біріктірілген көрсеткішті, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін, кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен тәртібін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін үмітсіз берешек деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің мөлшері бір жүз және одан көп пайыздан асатын кредит (қарыз) бойынша берешек түсініледі.
Үмітсіз берешекке өзара байланысты тараптарға не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес айқындалатын өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға банк берген берешек кірмейді.
3. Біріктірілген көрсеткіш берілген кредиттер (қарыздар) бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасына (күнтізбелік жылдың басындағы) тең.
4. Банк үмітсіз берешекті кешіру туралы шешім қабылдаған күні есептік көрсеткіштің банктің күнтізбелік жылдың басында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес айқындалған меншікті капиталының он пайызынан асуына жол берілмейді.
5. Қарыз алушыға кредит (қарыз) үмітсіз берешекті кешіру үшін мынадай жағдайлардың бірі негіз болып табылады:
1) банктің үмітсіз берешекті өндіруге байланысты күтілетін шығыстарының берешектің немесе қамтамасыз ету немесе қарыз алушының өзге мүлкінен асып кетуі;
2) "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шартты жасау күніне негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін кепілге берілген мүлік негізгі міндеттеменің сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сатылған кезде кредиттің (қарыздың) кепілге берілген мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген сомасына кредитті (қарызды) қайтару жөніндегі міндеттемені тоқтату (есептен шығару);
3) банктің қарыз алушыға және (немесе) қарыз алушымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаға берешекті өндіріп алу бойынша мынадай шараларды қолдануы, егер кешірілетін үмітсіз берешек үмітсіз берешектің қамтамасыз ету немесе қарыз алушының өзге мүлкінің сомасынан және (немесе) қарыз алушымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның мүлкінен асып кету мөлшерін құраса (кредитті (қарызды) қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыға қатысты сауықтыру рәсімдерін жүргізу жағдайларын қоспағанда):
қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені банктің уәкілетті органының қарауына енгізу. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау банктің Ішкі кредиттік саясат туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
қарыз алушы жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде алатын, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін, қарыз алушының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген) белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарындағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының және (немесе) қарыз алушымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның кез келген банк шотындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алу (егер осындай өндіріп алу банктік қарыз шартында келісілген жағдайда).
Осы Қағидалардың тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген шаралар банктің мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы алдында қолданылады:
1) қарыз алушыға банктік қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдарлары, банк хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыдан төлемдер енгізу бойынша бас тарту алу не қарыз алушыдан жауаптың болмауы немесе почта байланысы қызметін көрсететін тұлғаның хабарламаны қарыз алушы көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлау;
2) қарыз алушымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаға банктік қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және көрсетілген үшінші тұлғаның өз міндеттемелерін орындамау салдарлары, банк хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген үшінші тұлғадан төлемдер енгізу бойынша бас Тарту алу не көрсетілген үшінші тұлғадан жауаптың болмауы немесе почта байланысы қызметін көрсететін тұлғаның хабарламаны көрсетілген үшінші тұлға көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлау;
3) уәкілетті мемлекеттік органдарға қарыз алушының және (немесе) қарыз алушымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның меншігінде Қазақстан Республикасының аумағында басқа кредиторлардың құқықтарымен ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүліктің немесе автокөлік құралдарының болуы туралы сұрату жіберу. Уәкілетті мемлекеттік органдар осындай мүліктің болуы немесе болмауы туралы жауап берген немесе осындай мүліктің болуы туралы мәліметтер беруден бас тартқан не жоғарыда көрсетілген жауаптарды банктің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде алмаған кезде осы шара орындалған болып саналады;
4) почта байланысы қызметін көрсететін тұлғаның растауын алған, хабарламаны қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлға көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдарға қарыз алушының және (немесе) қарыз алушымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау туралы сұрату жіберу.
6. Кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады;
2) банктің басқару органы бекіткен Ішкі кредиттік саясат туралы қағидада айқындалған банк органының әрбір кредит (қарыз) бойынша Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша үмітсіз берешекті кешіру туралы шешімі қабылданады, онда сондай-ақ қарыз алушы туралы мәліметтер, кешіру туралы шешім қабылданған өтелмеген үмітсіз берешектің жиынтық мөлшері, банктің үмітсіз берешекті өндіруге байланысты шығыстарының мөлшері көрсетіледі;
3) кешірілген үмітсіз берешектің сомалары банктің берілген кредиттер (қарыздар) бойынша талаптарын азайтады, олар осы кредиттер (қарыздар) бойынша қалыптастырылған резервтер есебінен банктің бухгалтерлік балансынан есептен шығарылады;
4) қарыз алушы кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру туралы хабардар етіледі. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебінде тұратын жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, банк сондай-ақ Салық кодексінің 581-бабының 10) тармақшасында айқындалған тәртіппен қарыз алушы - салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қарыз алушының міндеттемелерін есептен шығару туралы хабарлайды.