Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Еңбек жөнінде нормативтік базаны жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7755 тіркелген, Заң газеті 14.08.12 ж., 15.08.12 ж., 16.08.12 ж. 17.08.12 ж., 21.08.12 ж., 22.08.12 ж., 23.08.12 ж., 24.08.12 ж., 28.08.12 ж., 29.08.12 ж., 30.08.12 ж., 04.09.12 ж., 05.09.12 ж., 06.09.12 ж., 07.09.12 ж., 11.09.12 ж. № 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135 (2128, 2129, 2130, 2131, 2132, 2133, 2134, 2135, 2136, 2137, 2138, 2139, 2140, 2141, 2142, 2143), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 14 жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басшылардың, мамандардың және тағы да басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында:
"2. Ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасы" бөлімінде:
"1. Басшылардың лауазымдары" кіші бөлімінде:
"2. Бас бухгалтер" тарауында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және қаржылық бухгалтерлік жұмыс, оның ішінде кемінде басшылық лауазымында 5 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.";
"26. "Қойма меңгерушісі" тарауында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Біліктілікке қойылатын талаптар. Орта техникалық және кәсiптік (арнайы орта, орта кәсiптік) бiлiм және қойма меңгерушісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе негізгі орта білімі және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуға тиіс.".
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Әбденов |