Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 01-04-03/47 НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда 8481 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 690 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.11.2015 № 690 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңдарына, «Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерлердің пайдалану ережесі мен режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1269 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өткен мәжілістің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 11-5/007-952, 07-139 хаттамасының 4.2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеудің ережесі бекітілсін.
      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті осы бұйрықтың әділет органдарында тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің бірінші
      орынбасары -
      Өңірлік даму министрі                      Б. Сағынтаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Астана қаласының әкімі
      И. Тасмағамбетов _______
      2013 жылғы «__»________

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
бірінші орынбасары – 
Қазақстан Республикасы 
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі 
№ 01-04-03/47 НҚ бұйрығымен
бекітілген        

Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу, сондай-ақ
қала құрылысын регламенттеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1) тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу тәртібін анықтайды және Астана қаласы және оның қала маңы аймағы аумағының шекарасында қызмет ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.
      3. Астана қаласын дамыту және құрылыс салу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласы бас жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы қала құрылысын регламенттеу - Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағында құрылыс салуды реттеуге арналған жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері параметрлерінің және түрлерінің жиынтығы;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу аймағы (бұдан әрі – Ерекше реттеу аймағы) – қала құрылысын реттеу мен дамыту құрылыс салудың аумақтық ережелерін сақтаған жағдайда ғана жүзеге асырылатын аумақтар мен қоныстар (облыстық, аудандық, қалалық);
      3) аумақтарды аймақтарға бөлу – қала құрылысын жоспарлау кезінде кейбір аймақтарды қала құрылысы пайдаланудың түрлері мен оларды пайдалану жөніндегі болжамды шектеулерді белгілей отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу – құрылыс салудың аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) ережелерінде көзделген аумақтарды жобалауға және құрылыс салуға қойылатын ерекше талаптарды белгілеу арқылы қала құрылысы қызметін реттеу;
      5) режимдік аумақтар аймақтары – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу аумақтық объектілері, оларға елдi мекендердегі немесе олардан тыс жерлердегі ерекше реттелетiн өзге де аумақтар – ерекше режим объектiлерiнiң маңындағы санитарлық, қорғаныш немесе қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары мен белдеулерi, қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар кіреді;
      6) резервтегi аумақтар - елдi мекендердi дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды игеруге (жайғастыруға) арналған қала құрылысының ресурстары, олар аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мен елдi мекендердiң және олардың функционалдық аймақтарының бас жоспарлары құрамында белгiленедi және бекiтiледi.

2. Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу,
сондай-ақ қала құрылысын регламенттеу

      5. Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеуге мыналар жатады:
      1) қаланың жасыл қорының жерлері (орман паркі аймағының түріндегі жасыл белдеу), сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғаларға, оның ішінде жалдау, өтеусіз және қысқа мерзімді пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына берілген жасыл қор учаскелері;
      2) су тоғандары, батпақтар алып жатқан су қоры жерлерінің бөлігі, сондай-ақ халықтың су, сауықтыру қажеттіліктері, табиғатты қорғау мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын су тоғандарын бөлу (жағалаулар бойынша) белдеулеріне бөлінген жерлер;
      3) табиғатты қорғау, рекреациялық, сауықтыру мақсатындағы жерлер;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
      5) тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
      6) жасыл қорға кіретін және кірмейтін жасыл алаптары учаскелері бар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, радиохабарлар тарату, теледидар, информатика және космостық қамтамасыз ету, қорғаныс және өзге мақсаттағы жерлер, сондай-ақ су тоғандары, су арналары, ағаш-бұта өсімдіктері учаскелері.
      6. Ерекше реттеу аймақтары құрамында оның шекараларын бекіту кіретін қала маңы аймағының жобасымен анықталады, ол аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларының және елді мекендердің бас жоспарларының негізінде әзірленеді.
      7. Ерекше реттеу аймақтарына жатқызылған қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, сондай-ақ елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
      8. Ерекше реттеу аймағында құрылысты жобалау және салу кезінде қала құрылысын регламенттеудің мынадай нормаларын сақтау қажет:
      1) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн усадьбалық учаскелердің нормативтiк мөлшерi нақты қала құрылысы жағдайына және тұрғын үй құрылысының қабылданған типтеріне байланысты белгiленеді, жеке тұрғын үй құрылысы ауданы аумағының жоспарлық шешiмi елдi мекеннiң басқа аудандарымен функционалдық және көлiктiк байланысын ескереді және барлық усадьбалық учаскелер мен әлеуметтiк-тұрмыстық объектiлерге автокөлiктің жүруiн қамтамасыз етеді;
      2) жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында көшелердiң, жолдардың және өтетiн жерлердiң қызыл сызықтарының ені олардың санаттарын, көлiк пен жаяу жүргiншiлер қозғалысының қарқынын, елдi мекеннiң көлiк жол-инфрақұрылымының перспективалық дамуын, санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды, сондай-ақ қолданыстағы қала құрылысы нормативтерiн ескере отырып, қабылданады;
      3) ірi қара мал ұстайтын үй иелерi басым жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында аумақтарды ұйымдастыру кезінде жеке меншiк малды айдау және усадьбалық учаскелерге жүк таситын көлiк пен тракторлар жүру үшін шаруашылық өту жолдары ескеріледі;
      4) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның алда құрылыс салынатын учаскенің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауын немесе аз болуын тексеруі.
      9. Аумақтары ерекше реттеу аймағына енгізілген елді мекендерді жоспарлау және онда құрылыс салу және қоршаған ортаға әсер ететін жекелеген объектілерді орналастыру Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 200-бабының 3-тармағының міндеттерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      10. Ерекше реттелетін санитариялық-қорғаныш аймағында жеке тұрғын үйлерді, ландшафтық-рекреациялы аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын, бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін, спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын қоса алғанда тұрғын үй құрылысын салуды орналастыруға (салуға) рұқсат етілмейді.
      11. Ерекше реттеу аймақтарының аумақтарын жобалау кезінде қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту аймағын, орман, орман саябақтары және қорғау мен санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын басқа да жасыл екпелер өсетін жасыл аймақтарды бөлу немесе резервтік аумақтар негізге алынады.
      12. Аз қабатты құрылыс пен бау-бақшаны қоса қалалық инфрақұрылымдардың объектілерін бұдан әрі дамыту және салу үшін учаскелерді резервке қою көзделмейді.
      13. Ерекше реттелетiн шекаралардағы резервтік аумақтарды пайдалану қала құрылысы құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Қала маңы аймағының аумағын пайдалану режимдері Астана қаласының табиғи кешенін қалыптастыратын, төмендегі негізгі аймақтар мен аумақтарды қоса алғанда, оның қала құрылысын аймаққа бөлуін және жоспарлы ұйымдастыруды ескере отырып, анықталады:
      1) табиғат қорғау аумақтары;
      2) тарихи-сәулет ескерткіштері мен олардың қорғау аймақтарының аумақтары;
      3) рекреациялық аймақтар;
      4) бағалы ландшафттарды қорғау аймақтары;
      5) суды қорғау аймақтары мен ауыз суымен жабдықтайтын көздерді санитарлық қорғау аймақтары;
      6) ауыл шаруашылығы алқаптары.  

Об утверждении Правил особого регулирования архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, а также градостроительной регламентации на территории города Астаны и ее пригородной зоны

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра регионального развития Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 01-04-03/47 НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 мая 2013 года № 8481. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 ноября 2015 года № 690

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 11.11.2015 № 690.

      В соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан», «О статусе столицы Республики Казахстан», а также постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2003 года № 1269 «Об утверждении Правил и режима использования земель, включенных в пригородную зону города Астаны и городов республиканского значения» и пунктом 4.2 Протокола совещания с участием Премьер-Министра Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 11-5/007-952, 07-139 ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила особого регулирования архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, а также градостроительной регламентации на территории города Астаны и ее пригородной зоны.
      2. Департаменту архитектуры, градостроительства и строительства обеспечить регистрацию в органах юстиции и официальное опубликование настоящего приказа.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Первый Заместитель
      Премьер-Министра Республики Казахстан-
      Министр регионального развития
      Республики Казахстан                       Б.Сагинтаев

      «СОГЛАСОВАН»
      Аким города Астаны
      _____________И. Тасмагамбетов
      «____»___________2013 года

Утверждены             
приказом Первого Заместителя   
Премьер-Министра Республики Казахстан-
Министра регионального развития  
Республики Казахстан от 15 апреля   
2013 года № 01-04-03/47 НҚ     

Правила
особого регулирования архитектурной, градостроительной и
строительной деятельности, а также градостроительной
регламентации на территории города Астаны и ее пригородной зоны

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила особого регулирования архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, а также градостроительной регламентации на территории города Астаны и ее пригородной зоны (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 20) пункта 1) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан».
      2. Правила определяют порядок особого регулирования архитектурной, градостроительной и строительной деятельности и градостроительной регламентации на территории города Астаны и ее пригородной зоны и распространяются на всех субъектов архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, действующих в границах территории города Астаны и ее пригородной зоны.
      3. Развитие и застройка города Астаны осуществляется на основании генерального плана города Астаны, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 августа 2001 года № 1064.
      4. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия и термины:
      1) градостроительная регламентация на территории города Астаны и ее пригородной зоны - совокупность параметров и видов использования земельных участков и объектов недвижимости для регулирования застройки на территории города Астаны и ее пригородной зоны;
      2) зона особого регулирования архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (далее – Зона особого регулирования) - территории и поселения, градостроительное регулирование и развитие которых может осуществляться только при соблюдении территориальных правил застройки (областные, районные, городские);
      3) зонирование территорий - при градостроительном планировании деление территорий на функциональные зоны с установлением видов градостроительного использования отдельных зон и возможных ограничений по их использованию;
      4) особое регулирование архитектурной, градостроительной и строительной деятельности - регулирование градостроительной деятельности посредством установления особых требований к проектированию и застройке территории, предусмотренных территориальными правилами застройки (областные, районные, городские);
      5) зоны режимных территорий - территориальные объекты архитектурной, градостроительной и строительной деятельности особого регулирования и градостроительной регламентации, которые включают иные территории особого регулирования в населенных пунктах или вне их пределов - санитарные, защитные или охранные зоны вокруг объектов особого режима, водоохранные зоны и полосы, территории предназначенные для размещения охраняемых объектов;
      6) резервные территории - градостроительные ресурсы, предназначенные для развития населенных пунктов или освоения (обустройства) межселенных территорий, которые определяются и утверждаются в составе комплексных схем градостроительного планирования территорий и генеральных планов населенных пунктов и их функциональных зон.

2. Порядок особого регулирования архитектурной,
градостроительной и строительной деятельности, а также
градостроительной регламентации на территории города Астаны и
ее пригородной зоны

      5. Особому регулированию архитектурной, градостроительной и строительной деятельности на территории города Астаны и ее пригородных зон подлежат:
      1) земли зеленого фонда города (зеленый пояс, в виде лесопарковой зоны), а также участки зеленого фонда, предоставленные гражданам и юридическим лицам, в том числе сельхозпредприятиям, на правах аренды, безвозмездного и краткосрочного пользования;
      2) часть земель водного фонда, занятая водоемами, болотами, а также земли, выделенные под полосы отвода (по берегам) водоемов, используемые для удовлетворения питьевых, оздоровительных нужд населения, природоохранных государственных и общественных потребностей и водные объекты вне зон градостроительного назначения;
      3) земли природоохранногорекреационногооздоровительного назначения;
      4) земли сельскохозяйственного назначения;
      5) земли историко-культурного назначения;
      6) земли предприятий промышленности, транспорта, связи, радиовещания, телевидения, информатики и космического обеспечения, оборонного и иного назначения, содержащие участки зеленых массивов входящие и не входящие в зеленый фонд, а также водоемы, водотоки, участки древесно-кустарниковой растительности.
      6. Зоны особого регулирования определяются проектом пригородной зоны, в составе утверждения ее границы, который разрабатывается на основе комплексных схем градостроительного планирования территорий и генеральных планов населенных пунктов.
      7. Разработка комплексных схем градостроительного планирования развития территорий, а также генеральных планов населенных пунктов, отнесенных к зонам особого регулирования, осуществляется в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.
      8. При проектировании и строительстве в зоне особого регулирования необходимо соблюдение следующих норм градостроительной регламентации:
      1) нормативные размеры усадебных участков для индивидуального жилищного строительства устанавливаются в зависимости от конкретной градостроительной ситуации и принимаемых типов жилой застройки планировочное решение территории района индивидуального жилищного строительства предусматривает функциональную и транспортную связь с другими районами населенного пункта и обеспечивает проезд автотранспорта ко всем усадебным участкам и объектам социально-бытового назначения;
      2) ширина красных линий улиц, дорог и проездов в районах индивидуального жилищного строительства принимается с учетом их категории, интенсивности движения транспорта и пешеходов, перспективного развития транспортно-дорожной инфраструктуры населенного пункта, санитарно-гигиенических и экологических требований, а также действующих градостроительных нормативов;
      3) в районах индивидуального жилищного строительства с преобладанием домовладельцев, содержащих крупный рогатый скот, при организации территории, предусматриваются хозяйственные проезды для прогона личного скота и проезда грузового транспорта и тракторов к усадебным участкам;
      4) обследования уполномоченного органа по изучению и использованию недр, на отсутствие или малозначительности полезных ископаемых в недрах под участком предстоящей застройки.
      9. Планировка, застройка населенных пунктов, территории которых включены в зону особого регулирования и размещение отдельных объектов, оказывающих влияние на состояние окружающей среды, осуществляются с учетом требований пункта 3 статьи 200 Экологического кодекса Республики Казахстан.
      10. В санитарно-защитной зоне особого регулирования, размещение (строительство) жилой застройки, включая отдельные жилые дома, ландшафтно-рекреационных зон, зон отдыха, территорий курортов, санаториев и домов отдыха, территорий садоводческих товариществ, коллективных или индивидуальных дачных и садово-огородных участков, спортивных сооружений, детских площадок, образовательных и детских организаций, лечебно-профилактических и оздоровительных организаций общего пользования не допускается.
      11. При проектировании территории зоны особого регулирования, за основу берется выделение зоны интенсивного развития пригородного сельскохозяйственного производства, зеленые зоны, занятые лесами, лесопарками и другими зелеными насаждениями, выполняющими защитные и санитарно-гигиенические функции, либо резервные территории.
      12. Резервирование участков для дальнейшего развития и строительства объектов городской инфраструктуры, включая малоэтажное строительство и садоводство не предусматривается.
      13. Использование резервных территорий в границах особого регулирования осуществляется в соответствии с градостроительной документацией.
      14. Режимы использования территории пригородной зоны определяются с учетом ее градостроительного зонирования и планировочной организации, включая следующие основные зоны и территории, формирующие природный комплекс города Астаны:
      1) природоохранные территории;
      2) территории историко-архитектурных памятников и их охранных зон;
      3) рекреационные зоны;
      4) зоны охраны ценных ландшафтов;
      5) водоохранные зоны и зоны санитарной охраны источников питьевого водоснабжения;
      6) сельскохозяйственные угодья.