Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 45.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген

Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк нормативтерге сәйкес әзірленді және режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) режимдік аумақтардың аймақтары – елді мекендердің шегіндегі және олардан тыс жерлердегі қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар;

      2) режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтар – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес режимдік аумақтардың шекараларына тікелей жанасып жатқан аумақтар.

2-тарау. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртiбi

      3. Осы Қағидалардың талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары шекаралары шегіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.

      4. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің ерекше реттелетін және қала құрылысын регламенттеудің аумақтық объектілері болып табылады.

      5. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес санитариялық-қорғалатын және күзетілетін аймақтар белгіленетін ерекше режимдегі объектілер орналастырылатын (орналастырылған) арнаулы аймақтарды қамтиды.

      6. Елді мекендерде күзетілетін объектілерді орналастыруға арналған режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары периметрі бойынша 100 (бір жүз) метр, ал елді мекендерден тыс жерлерде жер учаскесінің сыртқы шекараларынан 1 (бір) километр қашықтықпен шектелген жер учаскелері болып табылады.

      Режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтарда орналастырылатын жаңа объектілерді салу кезінде арақашықтық, биіктік және қабаттылық бойынша нормалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерде айқындалады.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген аумақтардың шегiнде құрылыс қызметін жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру кезінде жер учаскесiн таңдау актісі және беру схемасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына, 44-1-бабының 4-тармағына және 44-2-бабының 10-тармағына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

      8. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес бекітілген қала құрылысы жобаларына (бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) сәйкес жүзеге асырылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады