Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 121-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 маусымда № 8498 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 240-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 № 240-Ө бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдеден Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) және 36) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалау Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 31 тамыздағы № 462 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 13 қазанда № 125(749) ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 14 мамырдағы     
№ 121-ө бұйрығымен       
бекітілген           

Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас
балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) және 36) тармақшаларына сәйкес әзірленді және белгіленген үлгідегі арнайы маркаларды енгізу арқылы ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың бірыңғай жүйесін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      әкімшілік орган - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
      сыйымдылық - уылдырықпен тікелей байланыстағы ыдыс;
      көз коды - шартты балык көзіне сәйкес келетін әріп: W - жабайы, С - жасанды өсірілген;
      маркалардың қозғалысы - Балық шаруашылығы комитетіне келіп түсуінен бастап өтініш берушіге беру сәтіне дейінгі кезеңдерді өзіне қамтитын маркалар қозғалысы;
      СИТЕС (СІТЕS) - Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция.
      топтаманың сәйкестендіру нөмірі - қайта өңдеу зауыттарында және орау кәсіпорындарында пайдаланылатын уылдырықты бақылау жүйесіне жататын нөмір;
      тығыздалған уылдырық - бекіре балықтарының бір және одан көп түрлерінің ұрықталмаған жұмыртқаларынан (уылдырықтарынан) тұратын, неғұрлым жоғары сапалы уылдырықты қайта өңдеуден және өндіруден кейін қалған уылдырық;
      уылдырық бекіре балықтарының қайта өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары);
      3. Осы Қағидалардың қолданылуы бекіре балық түрлерінің сатумен айналысатын заңды жеке жеке тұлғаларға таралады.
      Бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі рынокта сатуға арналған марканың берілуін қосады.
      4. Осы Қағидалар бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      5. Таңбалауды ішкі және сыртқы рыноктарда уылдырықты сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
      6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар транзитінің кедендік режимінде орны ауыстырылатындарды қоспағанда, барлық уылдырық түрлері таңбалауға жатады.
      7. Ішкі және сыртқы рыноктарда сатылатын бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын таңбалау үшін мынадай маркалар қолданылады:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, ішкі рынокта бекіре балык түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - Ішкі рынокқа арналған марка);
      2) осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, сыртқы рынокта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - сыртқы рынокқа арналған марка).

2. Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас
балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібі

      8. Ішкі рынокқа арналған марканың дайындалуы әкімшілік органмен қамтамасыз етіледі.
      Сыртқы рынокқа арналған марканың дайындалуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысына сәйкес, Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге берілген рұқсат қағазында көрсетілген көлемді таңбалауға қажет мөлшерге сәйкес бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен (бұдан әрі - уылдырықты сатумен айналысатын тұлғалар) қамтамасыз етіледі.
      9. Маркаларды жабыстырғанда қолданылатын желім оның кеуіп, тауардан ажырамауын және марканы қайта пайдалануының болмауын қамтамасыз ету үшін жоғары және төмен температураларға, әртүрлі ылғалдылыққа төзімді болуы тиіс.
      Марка сыйымдылыққа жабыстырылғанда оның көріну мүмкіндігі ескеріледі.
      10. Ішкі рынокқа арналған маркаларды беруді әкімшілік орган жүзеге асырады.
      Ішкі рынокқа арналған маркалардың құны дайындауды ескере отырып айқындалады.
      11. Ішкі рынокқа арналған маркаларды алу үшін, әкімшілік органға осы Қағиданың 3-қосымшасында берілген нысанға сәйкес өтініш жолданады.
      12. Ішкі рынокқа арналған марканы алу үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі (жеке тұлға үшін);
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтамасының көшірмесі;
      3) заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
      4) құрылтай құжатының көшірмесі (заңды тұлға үшін) (болған жағдайда);
      5) егер өтінілген уылдырық:
      отандық-табиғи (яғни жабайы) болса, өтінілген уылдырық алынған бекіре балық түрлерін заңды аулауды дәлелдейтін жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат қағазын ұсыну қажет;
      импорттық болса, әкімшілік органның Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге берілген рұқсатының көшірмесін ұсыну қажет;
      тәркіленген болса, тәркіленгені туралы сот қаулысын ұсыну қажет;
      6) маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының түпнұсқасы.
      13. Әкімшілік орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды, бұдан кейін маркалар беруді жүргізеді немесе дәлелді бас тарту жолдайды.
      Ішкі рынокқа арналған маркаларды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) өтінішті белгіленген нысан бойынша ұсынбау, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болуы.
      14. Алынған маркалар әкімшілік органға қайтарудан басқа, қайта сатуға және беруге жатпайды.
      15. Маркалар өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға маркалар есебі журналына қол қоя отырып беріледі.
      16. Маркаларды берген кезде әкімшілік органның уәкілетті тұлғасы екі данада жүкқұжат жазады. Жүкқұжаттың бір данасы алушыға беріледі.
      Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      1) маркалардың түрі, нөмірі және саны;
      2) маркаларды беру күні;
      3) жеке тұлғаны куәландыратын деректер;
      4) ішкі рынокқа арналған марканы алушының сенімді тұлғасының жеке басын куәландыратын деректері;
      5) заңды тұлғаның атауы;
      6) ішкі рынокқа арналған марканы алушының қолы.
      17. Алушыларға маркаларды беру өтініште көрсетілген саны мен түрлеріне сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ереже

      18. Ішкі рынокқа арналған марка қатаң есептілік құжаты болып табылады. Маркаларды беру туралы мәліметтер осы Қағиданың 4-қосымшасында берілген нысан бойынша нөмірленген, түптелген, әкімшілік органның мөрімен расталған ішкі рынокқа арналған маркалар есебі журналына жазылады.
      Ішкі рынокқа арналған маркалар есебі журналы 5 жыл сақталады.
      19. Әкімшілік орган ішкі рынокқа арналған маркалардың есебін жүргізу, сақтау, беру және есептілігі үшін жауапты лауазымды тұлғаны бұйрықпен тағайындайды.
      20. Ішкі рынокқа арналған маркаларды алушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға алынған маркаларды пайдалану туралы деректерді көрсете отырып, мынадай мәлімет ұсынады:
      1) нөмірі және уылдырық түрі бойынша алынған ішкі рынокқа арналған маркалар саны;
      2) пайдаланылған ішкі рынокқа арналған маркалар саны;
      3) пайдаланылмаған ішкі рынокқа арналған маркалар саны және оларды пайдаланбау себептері.
      21. Бүлінген ішкі рынокқа арналған маркалар әкімшілік органға қайтарылады.
      Ішкі рынокқа арналған маркалардың қайтарылуы алушының ерікті нысанда жазылған қайтару туралы өтінішінің негізінде, қайтару себептерін көрсете отырып және олар алынған жүкқұжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.
      Алушы бүлінген маркаларды жеке параққа жабыстырады, ал олардың жеке бөлшектері біріктірулері тиіс.
      22. Бүлінген маркалардың жойылуы құрамы әкімшілік органның үш лауазымды тұлғасынан кем емес комиссиясымен іске асырылады.
      Бүлінген маркаларды жою актісінде, жойылған маркалардың түрлері, нөмірлері және саны көрсетіледі.
      Комиссия қол қойған актілер әкімшілік органның мөрімен расталады.

Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына 
1-қосымша         

                                                                Нысан

Ішкі рынокқа арналған марка

Ішкі рынокқа арналған марканың сипаттамасы

      1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.
      2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырыққа арналған маркасының негізгі реңі жасыл, импортталған уылдырық үшін - қызыл.
      3. Марканың сол жағында:
      металсыздандырғылған мыс жолағы, «уылдырық» микро мәтіні орналастырылған.
      4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.
      5. Оң жағында:
      нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «СIТЕS» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады.

Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына 
2-қосымша          

                                                                Нысан

Сыртқы рынокқа арналған марка

Сыртқы рынокқа арналған марканың сипаттамасы

      1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.
      2. Марканың негізгі реңі - көгілдір.
      3. Марканың сол жағында;
      металсыздандырылған мыс жолағы, «уылдырық» микро мәтіні орналастырылған.
      4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.
      5. Оң жағында:
      нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «CITES» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады.

*Ескертпе: Бекіре тұқымдас балықтарының бірдейлендіру кодын көрсеткен кезде келесі кесте қолданылады:

Түрлері

   Коды

Сібір бекіресі

Сибирский осетр

Acipenser baerii

BAE

Орыс бекіресі

Русский осетр

Acipenser gueldenstaedtii

GUE

Пілмай

Шип

Acipenser nudiventris

NUD

Парсы бекіресі

Персидский осетр  

Acipenser persicus

PER

Сүйрік

Стерлядь

Acipenser ruthenus

RUT

Шоқыр

Севрюга

Acipenser stellatus

STE

Қортпа

Белуга

Huso huso

HUS

Ескектұмсық

Веслонос  

Polyodon spathula

SPA

Калуга

Калуга

Huso dauricus

DAU

Аралас түрлер
(Тығыздалған уылдырық)

Различные виды
(Паюсная икра) 

Mixed species
(for ‘pressed’ caviar exclusively)

MIX

Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына  
3-қосымша          

                                                                Нысан

Қазақстан Республикасындағы
Әкімшілік орган
_________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
_________________________________________
жеке тұлғаның (жеке кәcіпкердің),
_________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
_________________________________________
мекенжайы, телефоны)

Өтінім

      Бекіре балық түрлерінің уылдырығын ішкі рынокта сатуға арналған маркаларды беруді сұраймын.

1

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауымен уылдырық түрі


2

Уылдырықтың шығу тегі (отандық, импортталған, тәркіленген), Қазақстан Республикасында жасанды өсірілген болса, әкімшілік органда тіркелгені туралы куәлігінің нөмірі мен мерзімін көрсету қажет


3

Өтінім берушінің мемлекеттік және орыс тіліндегі заңды мекенжайы (жеке тұлға үшін - үй мекенжайы, паспорттық деректері), олардың телефондары


4

Банкалар саны және уылдырықтың түрі мен салмағы


      20__ жылғы _________________ Мөр орны _________________________
               (өтініш берушінің күні)   (өтінім берушінің қолы және
                                          тегі, аты, әкесінің аты
                                               (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына  
4-қосымша          

                                                                Нысан

      Ішкі рынокқа арналған маркалар есебі журналы

Маркаларды алушы заңды тұлғаның атауы

Алынған маркалар саны

Жүкқұжат нөмірі

Алушыға маркаларды беру күні

Марканың түрі, сыйымдылық

Алушының ЖСН

Маркалар алушысы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Маркалар алушысы өкілінің құжаттарының деректері



















Об утверждении Правил маркирования икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках

Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 14 мая 2013 года № 121-Ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июня 2013 года № 8498. Утратил силу приказом Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 27 июня 2014 года № 240-Ө

      Сноска. Утратил силу приказом Министра окружающей среды и водных ресурсов РК от 27.06.2014 № 240-Ө (порядок введения в действия см. п. 3).

      В соответствии с подпунктами 12) и 36) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила маркирования икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках.
      2. Признать утратившими силу приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 августа 2004 года № 462 «Об утверждении Правил маркирования икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3202,  опубликован в газете «Юридическая газета» от 7 октября 2005 года № 185-186 (919-920).».
      3. Комитету рыбного хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа а Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                    Н. Каппаров

Утверждены         
приказом Министра охраны  
окружающей среды      
Республики Казахстан   
от 14 мая 2013 года № 121-е

Правила маркирования икры
осетровых видов рыб для торговли
на внутреннем и внешнем рынках 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила маркирования икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктами 12) и 36) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» и определяет порядок маркирования икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках.
      2. В настоящих Правилах используются следующие определения:
      административный орган - Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан;
      емкость - тара, в которой непосредственно размещается икра;
      код источника - буква, соответствующая источнику икры (W - дикий, С - выведенный в неволе);
      СИТЕС (CITES) - Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения;
      идентификационный номер партии - номер, используемый на перерабатывающих заводах и упаковочных предприятиях, относящийся к системе отслеживания икры;
      паюсная (спрессованная) икра - икра, состоящая из не оплодотворенных яиц (икринок) одного или более видов осетровых, которая осталась после переработки и производства икры более высокого качества;
      икра - переработанные неоплодотворенные яйца (икринки) осетровых.
      3. В Республике Казахстан устанавливается единая система маркирования икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках.
      Маркирование икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках включает ее изготовление и выдачу марки для торговли икрой осетровых видов рыб на внутреннем рынке.
      4. Действие настоящих Правил распространяется на физических и юридических лиц, осуществляющих торговлю икрой осетровых видов рыб.
      5. Маркировку обеспечивают физические и юридические лица, осуществляющие торговлю икрой на внутреннем и внешнем рынках.
      6. Маркировке подлежат все виды икры, за исключением перемещаемых через территорию Республики Казахстан в таможенном режиме транзита товара.
      7. Для маркирования икры осетровых видов рыб для торговли на внутреннем и внешнем рынках используются следующие виды марки:
      1) марка для торговли икрой осетровых видов рыб на внутреннем рынке (далее - марка для внутреннего рынка) по форме согласно приложения 1 к настоящим Правилам;
      2) марка для торговли икрой осетровых видов рыб на внешнем рынке (далее - марка для внешнего рынка) по форме согласно приложения 2 к настоящим Правилам.

2. Порядок маркирования икры
осетровых видов рыб для торговли
на внутреннем и внешнем рынках

      8. Изготовление марок для внутреннего рынка обеспечивается административным органом.
      Изготовление марки для внешнего рынка обеспечивается физическими и юридическими лицами, осуществляющими торговлю икрой осетровых видов рыб (далее - лица, осуществляющие торговлю икрой) в количестве необходимом для маркирования объема икры указанном в разрешении на вывоз за пределы Республики Казахстан видов животных, их частей и дериватов, находящихся под угрозой исчезновения, выдаваемого административным органом в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 705 «Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на ввоз в Республику Казахстан и вывоз за ее пределы видов животных, их частей и дериватов, находящихся под угрозой исчезновения».
      9. При наклеивании марок используется клей, не позволяющий снять марку с товара без ее повреждения, устойчивый к высоким и низким температурам, различным уровням влажности для исключения его высыхания и отслоения от товара и обеспечить невозможность повторного использования марки.
       Марка наклеивается на каждую емкость обеспечивающее его визуальный просмотр.
      10. Выдача марок для внутреннего рынка осуществляется административным органом.
      Стоимость марок для внутреннего рынка определяется с учетом затрат на изготовление.
      11. Заявление на приобретение марок для внутреннего рынка направляется в административный орган по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      12. К заявлению на приобретение марок для внутреннего рынка прилагаются следующие документы:
      1) копия документа, удостоверяющего личность (для физического лица);
      2) копия справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;
      3) копии документов, предоставляющих право на осуществление предпринимательской деятельности без образования юридического лица;
      4) копия учредительного документа (для юридического лица) (при  наличии);
      5) если заявленная икра:
      отечественная - естественная (дикая), необходимо представить копию разрешения на пользование животным миром, подтверждающую законность вылова осетровых видов рыб, из которых была изготовлена заявленная икра;
      импортированная, необходимо представить копию разрешения административного органа на ввоз икры в Республику Казахстан;
      конфискованная, необходимо представить судебное постановление о конфискации;
      6) подлинник платежного поручения об оплате за марки.
      13. Административный орган рассматривает заявление на приобретение марок для внутреннего рынка и прилагаемые к нему документы в течение 5 рабочих дней со дня их предоставления, после чего производит выдачу марок, либо направляет мотивированный отказ в  выдаче марок для внутреннего рынка.
      В выдаче марок для внутреннего рынка заявителю отказывается в случаях:
      1) представления заявления не по установленной форме, а также предоставление неполного пакета документов, предусмотренных пунктом настоящих Правил;
      2) наличия в представленных документах недостоверных сведений.
      14. Приобретенные получателями марки для внутреннего рынка не подлежат перепродаже, передаче и отчуждению за исключением возврата в Административный орган.
      15. Марки для внутреннего рынка выдаются заявителю или другому лицу по доверенности заявителя под роспись в журнале учета марок для внутреннего рынка.
      16. При выдаче марок для внутреннего рынка уполномоченным лицом административного органа выписывается накладная в двух экземплярах. Один экземпляр накладной передается получателю.
      В накладной отражаются следующие данные:
      1) вид, номер и количество марок;
      2) дата выдачи марок;
      3) данные документа удостоверяющего личность для физического лица;
      4) данные документа удостоверяющего личность доверенного лица получателя марок для внутреннего рынка (номер и дата доверенности);
      5) наименование юридического лица;
      6) подпись получателя марок для внутреннего рынка.
      17. Выдача марок для внутреннего рынка получателям производится в соответствии с количеством и видами, указанными в заявлении.

3. Заключительное положение

      18. Марка для внутреннего рынка является документом строгой отчетности. Сведения о выдаче марок для внутреннего рынка заносятся в журнал учета марок для торговли икрой осетровых видов рыб на внутреннем рынке по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам, пронумерованный, прошнурованный, заверенный печатью административного органа.
      Журнал учета марок для внутреннего рынка хранится 5 лет.
      19. Административный орган назначает приказом должностное лицо, ответственное за учет, хранение, выдачу и отчетность марок для внутреннего рынка.
      20. Получатели марок для внутреннего рынка ежегодно до 1 февраля, следующего за отчетным годом, представляют в административный орган сведения об использовании полученных марок в письменной форме, с указанием следующих данных:
      1) количество полученных марок для внутреннего рынка по их номеру и виду икры;
      2) количество использованных марок для внутреннего рынка;
      3) количество неиспользованных марок для внутреннего рынка и причины их неиспользования.
      21. Поврежденные марки для внутреннего рынка возвращаются в административный орган.
      Возврат марок для внутреннего рынка получателем производится на основании заявления о возврате полученных марок, составленного в произвольной форме. В заявлении указываются причины возврата и к нему прилагается накладная, по которой были получены марки для внутреннего рынка.
      Поврежденные марки наклеиваются получателем на отдельные листы, а их отдельные части должны быть соединены.
      22. Уничтожение поврежденных марок осуществляется комиссионно в составе не менее трех должностных лиц административного органа.
      В акте уничтожения поврежденных марок указываются виды, номера и количество уничтоженных марок.
      Акты, подписанные комиссией, заверяются печатью Административного органа.

Приложение 1        
к Правилам маркирования икры
осетровых видов рыб для торговли
на внутреннем и внешнем рынках

Форма           

                        Марка для внутреннего рынка

Описание марки для внутреннего рынка

      1. Размер марки 100x19 мм.
      2. Основной фон марки для икры, произведенной в Республике Казахстан - зеленый, для импортируемой икры - красный.
      3. С левой стороны марки расположены: деметаллизированная медная полоса, микротекст «уылдырық».
      4. В центре марки изображение осетра.
      5. С правой стороны расположены:
      нумерация (с ультра фиолетовым свечением), государственный герб Республики Казахстан, голограмма со словами «CITES» с эффектом изменения цветов дифракции. Под другим углом изображения на голограмме вместо слов «CITES» читается слово «KZ».

Приложение 2       
к Правилам маркирования икры
осетровых видов рыб для торговли
на внутреннем и внешнем рынках

Форма           

                  Марка для внешнего рынка

Описание марки для внешнего рынка

      1. Размер марки 100х19 мм.
      2. Основной фон марки – голубой.
      3. С левой стороны марки расположены:
      деметаллизированная медная полоса, микротекст «уылдырық».
      4. С правой стороны расположены:
      нумерация (с ультра фиолетовым свечением), государственный герб Республики Казахстан, голограмма со словами «CITES» с эффектом изменения цветов дифракции. Под другим углом изображения на голлограмме вместо слов «CITES» читается слово «KZ».

* Примечание: При указании кода идентификации осетровых видов рыб используется следующая таблица:

Виды

Код

Сібір бекіресі

Сибирский осетр

Acipenser baerii

BAE

Орыс бекіресі

Русский осетр

Acipenser gueldenstaedtii

GUE

Пілмай

Шип

Acipenser nudiventris

NUD

Парсы бекіресі

Персидский осетр

Acipenser persicus

PER

Сүйрік

Стерлядь

Acipenser ruthenus

RUT

Шоқыр

Севрюга

Acipenser stellatus

STE

Қортпа

Белуга

Huso huso

HUS

Ескектұмсық

Веслонос

Polyodon spathula

SPA

Калуга

Калуга

Huso dauricus

DAU

Аралас түрлер (Тығыздалған уылдырық)

Различные виды (Паюсная икра)

Mixed species (for ‘pressed’ caviar exclusively)

MIX

Приложение 3       
к Правилам маркирования икры
осетровых видов рыб для торговли
на внутреннем и внешнем рынках

Форма           

Административный орган
в Республике Казахстан
от ___________________________
(полное наименование юридического лица,
___________________________
фамилия, имя, отчество (при наличии)
физического лица
___________________________
(индивидуального предпринимателя), адрес,
___________________________
номер телефона)

                        ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу выдать марки для торговли икрой осетровых видов рыб на
внутреннем рынке.

1

Вид икры с указанием его названия на государственном, русском и латинском языках


2

Происхождение образца (отечественная, импортирована, конфискована), если произведена в Республике Казахстан искусственно, то необходимо указать номер и дату свидетельства о регистрации в административном органе


3

Юридический адрес (для физических лиц - домашний адрес, паспортные данные) заявителя на государственном и русском языках, их телефоны


4

Количество банок и вес икры по видам


___________________ 20 __ года Место печати ________________________
(дата подачи заявления)                    (подпись и фамилия, имя,
                                   отчество (при наличии) заявителя)

Приложение 4       
к Правилам маркирования икры 
осетровых видов рыб для торговли 
на внутреннем и внешнем рынках

Форма           

                  Журнал учета марок для торговли икрой
                осетровых видов рыб на внутреннем рынке

Наименова-
ние юридичес-
кого лица получателя марок

Количество получен-
ных марок

Номер накладной

Дата выдачи марок получа-
телю

Вид марки, емкость

ИИН получателя

Фамилия имя отчество (при наличии) представи-
теля получателя марок

Данные документов представи-
теля получа-
теля марок