Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығын қараңыз.


      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен  
бекітілген     

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру
қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Қағидалар Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрi – Конвенция) бойынша әкiмшiлiк органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген жабайы жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшiн қажет рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
      1) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
      2) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;
      3) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
      4) тарап – өзі үшін Конвенция күшiне енген мемлекет;
      5) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      6) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты.

2. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртiбi

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда ғылыми ұйымға мыналарды жібереді:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
      3) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсат немесе кері экспорттауға сертификат.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Ғылыми ұйым өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми қорытынды береді.
      6. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
      7. Мынадай:
      1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
      3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда өтініш берушіге ғылыми қорытынды беруден бас тартылады.
      Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші ғылыми ұйымға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
      8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда әкімшілік органға мыналарды жібереді:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) құрылтай құжатының, мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлға үшін) анықтаманың немесе куәліктің*, сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
      ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
      4) үлгісі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі;
      5) ғылыми ұйым қорытындысының көшірмесі;
      6) сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Әкімшілік орган өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми ұйымның қорытындысы болған жағдайда рұқсатты ресімдеуді жүргізеді.
      Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі қоса беріледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      10. Мынадай:
      1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
      3) осы Қағидалардың 4 және 8-тармақтарында көзделген құжаттар топтамасы толық көлемінде ұсынылмаған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.
      Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші әкімшілік органға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланкiде ресiмделедi, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.
      12. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
      Рұқсат сирек кездесетін және құрып кету қауiпi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат болған жағдайда беріледі, бұл ретте бюджетке мемлекеттік баж тиісті құжат берілгенге дейін төленеді.
      13. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кедендiк декларациялау органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.
      14. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана үлгілерді әкелу мен әкету үшін пайдаланылуы мүмкін.
      15. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.
      Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат талап етіледі.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Бұл орынды және мүмкін болған кезде әкімшілік орган үлгіні тануды жеңілдету үшін кез келген үлгіге ен сала алады. Осы мақсаттар үшін «ен» кез келген өшпейтін таңбаны, қорғасын пломбаны немесе бөтен адамдардың оны қолдан жасауы барынша қиын болатындай етіп орындалған үлгінің түпнұсқа екенін анықтаудың басқа да лайықты құралын білдіреді.
      17. Рұқсатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2012 жылғы 31 мамырдағы      
№ 705 қаулысымен бекітілген     
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi
төнген жабайы фауна мен флора  
түрлерімен халықаралық сауда  
туралы конвенция қолданылатын  
жануарлар түрлерiн Қазақстан  
Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының 
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына          
1-қосымша            

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 Құрып кету қаупi төнген жабайы 
фауна мен флора түрлерімен  
халықаралық сауда туралы   
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк 
органның ғылыми ұйымы     
_______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
_______________________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
_______________________________________
мекенжайы
_______________________________________
телефон мен факстің нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған
ӨТІНІШ

      Үлгілерді әкелуге, әкетуге арналған ғылыми қорытынды беруіңізді
сұраймын
                      ___________________________
                       (қажеттісінің астын сызу)

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер, аңшылық олжалар және басқалар)


2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі


3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)


4

Үлгілердің саны немесе салмағы


5

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар)


6

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)


Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
2012 жылғы 31 мамырдағы    
№ 705 қаулысымен бекітілген  
Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi
төнген жабайы фауна мен флора  
түрлерімен халықаралық сауда  
туралы конвенция қолданылатын  
жануарлар түрлерiн Қазақстан  
Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына           
2-қосымша            

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна
мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция жөніндегі
әкiмшiлiк орган          

_______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның
________________________________________
(дара кәсіпкердің) тегі, аты, әкесінің аты,
_________________________________________
мекенжайы,          
_________________________________________
телефон мен факстің нөмірі)   

Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған
ӨТІНІШ

      Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
                    ___________________________
                     (қажеттісінің астын сызу)

1

Әкелу және әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берушілер, аңшылық олжалар және басқалар)


2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі


3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)


4

Үлгілердің саны немесе салмағы


5

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар)


6

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)


Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2012 жылғы 31 мамырдағы      
№ 705 қаулысымен бекітілген    
Әкімшілік органның Құрып кету қаупі
төнген жабайы фауна мен флора  
түрлерімен халықаралық сауда туралы
конвенция қолданылатын жануарлар 
түрлерін Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелуге және Қазақстан 
Республикасының аумағынан әкетуге
рұқсаттар беру қағидаларына  
3-қосымша             

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (СИТЕС)

ТҮПНҰСҚA
Original

Convention on International Trade
in Endangered Species of Wild Fauna
and Flora (CITES)

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі
Министерство окружающей среды и водных ресурсов
Республики Казахстан
Ministry of Environment and Water Resources
of the Republic of Kazakhstan


Экспорт
Export

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС
әкімшілік органы
Aдминистративный орган СИТЕС в
Республике Казахстан
Management Authorities for CITES in
the Republic of Kazakhstan

010000,
Ministry House,
Orynbor 8,
Astana city,
Republic of
Kazakhstan
Tel.: (+7172)
743325 Fax:
(+7172) 743300


Импорт
Import


Реэкспорт
Reexport


Өзгелері
Other

Экспорттаушы / Реэкспорттаушы:
Exporter / Re-exporter:

Рұқсат №:
Permit №:

Қорғаныш маркасы №:
Security stamp №:

Дейін жарамды:
Valid until:

Импорттаушы:
Importer:

Ерекше шарттар:
Special conditions:

Тірі жануарлар үшін бұл рұқсат тасымалдау шарттары СИТЕС ұсынымдарына, ал авиатасымалы жағдайында ИAТA қағидаларына сәйкес келгенде ғана жарамды
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the
CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA
Live Animal Regulations

Жануардың орысша және латынша атауы
Russian and scientific name of animal

Салынған енді қоса алғанда, үлгінің сипаттамасы
Description of specimens, including identifying marks or numbers

Қосымша
Appendix

Көзі
Sourc
е

Мақсаты
Purpos
е

Даналар саны немесе салмағы
Quantity: number of
specimens or weight

A






Шыққан елі
Country of origin

Рұқсаттың нөмірі және күні
Permit № and date

В






Шыққан елі
Country of origin

Рұқсаттың нөмірі және күні
Permit № and date

Осы рұқсат берілді:
This permit was issued on: ______________ ___________________________________________
Күні/ Date Қорғаныш маркасы, қолы және мөрі
Қазақстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Экспортты / реэкспортты растау

Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту бекетінде толтырылады
Өткізу бекеті _____________
Күні ______________________
Лауазымды адамның қолы және
мөр: _______________________
Коносаменттің/авиақұжаттың нөмірі: _____________________

Үлгінің атауы

Саны

A


В


CITES PERMIT/CERTIFICATE №




Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген 
жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелуге және Қазақстан Республикасының   
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына
қосымша                   

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция
қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
журналы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Кімге берілді

Үлгінің атауы

Саны

Қайда/қайдан

Рұқсат берілген күн және нөмірі

Алушының Т.А.Ә., сенімхат

Алушының қолы

1








2








3








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады