Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 02 мамырдағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 маусымда № 8499 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.06.2016 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        М. Құл-Мұхаммед

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
________________С. Әбденов
2013 жылғы «__»_________

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы    
№ 93 бұйрығымен       
бекітілген           

Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау талаптары

1. Жалпы талаптар

      1. Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің еңбек қызметі барысында олардың өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған тәртібі, процедурасы және нормасы осы Талаптарда белгіленген, мына бөлімдер бойынша:
      1) еңбек қауіпсіздігі:
      жұмыс басталуы алдында;
      жұмыс барысы уақытында;
      апаттық жағдайда;
      жұмыс аяқталуы бойынша;
      2) сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
      құрал жабдықтар мен өндірістік үй жайларда;
      жұмыс орнын ұйымдастыру мен өндірістік құрал жабдықтарды орналастыруда;
      мұрағат құжаттарын тасымалдау мен сақтау әдістерінде;
      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің білімін тексеру мен кәсіптік іріктеуде;
      қорғаныш құралдарын қолдануда;
      тұрмыс-өндірістік үй жайларындағы санитарлық нормасында.
      3. Осы Талаптарда қолданылатын ұғымдардың мағынасы, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде қабылданған.
      4. Жұмыс барысы уақытында басшы және оның орынбасарлары мемлекеттік мұрағаттарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде жұмыстарын ұйымдастыруын қамтамасыз етеді, келесі іс-шараларына сәйкес:
      1) қызметкерлер өзінің лауазымдық міндеттерін өндірістік құрал жабдықтарында орындау кезінде қауіпсіздікті және мемлекеттік мұрағат ғимаратын тиісті түде ұсталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік мұрағатының құрал жабдықтары мен өндірістік жайларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мониторинг жүргізеді;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген Өндірістік нысандарын еңбек жағдайы бойынша мерзімдік міндетті түрде аттестациялау ережесіне сәйкес жұмыс жағдайлары бойынша өндірістік объектілерін аттестациялау өткізуді ұйымдастырады, соның қорытындысы бойынша денсаулыққа зиянды және қауіпті ықпалдарды жою шараларын жүзеге асырады;
      3) мемлекеттік мұрағат ғимаратында апатты жағдайлардың дамуын және қызметкерлеріне зиянды ықпал түсіру факторларын болдырмау үшін іс шаралар қабылдайды;
      4) қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысымен бекітілген Міндетті түрде медициналық тексеруден өткізу ережесіне сәйкес мерзімдік (еңбектік қызмет ағымында) және алдын ала (жұмысқа қабылдану кезінде) медициналық тексеруден өткізуді қамтамасыз етуді және кәсіптік ауруға шалдығу белгілері танылған кезінде іс-шаралар қабылдайды;
      5) арнайы ұйымдармен өрт қауіпсіздігі жүйесін, желдету және салқындату жүйесін, қорғау жүйесін және жылу жүйелерін тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік мұрағат қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізеді.

2. Жұмыс басталуы алдындағы еңбек қауіпсіздігі

      5. Жұмыс басталуы алдында мемлекеттік мұрағат қызметкері өзінің жұмыс орнын қарап шығады және жұмыс құрал жабдықтарының дұрыстығын тексереді.
      6. Әр бір қызметкер, құрал жабдықтың істен шыққан жағдайында, істен шыққан құрал жабдықты тез арада жалпы желіден ажырату шараларын қабылдайды және осы жағдай туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды, ал ол жоқ кезде – мемлекеттік мұрағаттың бірінші басшысына.

3. Жұмыс барысы уақытындағы еңбек қауіпсіздігі

      7. Еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығы сақталуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру-техникалық және алдын ала емдеу шаралары жұмыс барысы уақытында мемлекеттік мұрағаттарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жолдарымен қамтамасыз етеді.
      8. Жұмыс барысы уақытында ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау.
      9. Электр құралдарымен және ұйымдастыру техникасымен (жеке компьютерлер, принтерлер, сканерлер, көшірме аппараттары, факстар, тұрмыстық электр құралдары, жарық құралдары) жұмыс кезінде қызметкер автоматты түрде сөндіргіштердің және электр сақтандырғыштардың дұрыстығын, сондай-ақ электр сымдарының, электр құралдарының, сөндіргіштердің, штепсельдік розеткалардың, шамдардың патрондарының және шырақдандардың оқшаулығын тексереді.

4. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі

      10. Тұтанған немесе өрт болған жағдайда мемлекеттік мұрағат қызметкерлері дереу жұмысты тоқтатады, жеке компьютерді, электр құралдарын, жұмыс жабдықтарын сөндіреді, өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін шақырады және мемлекеттік мұрағаттың басшысына хабарлайды.
      11. Жазатайым оқиға орын алған жағдайда дереу дәрігер шақырылып және зардап (зақым) шеккен қызметкерге бірінші медициналық көмек көрсету бойынша шараларды қабылдау керек.
      12. Мемлекеттік мұрағаттардың әр қабатында оңай, қол жететін, көрнекті жерде бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған аптечкасы орналасқан.
      13. Қызметкерлермен өндiрiстік үй жайларда жазатайым оқиға болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерiн айқындау ережесiне сәйкес әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалуы және төленуі тиіс.
      14. Әр мемлекеттік мұрағатта басшымен бекітілген өртке қарсы реттемеленген тәртібі бар, қосулармен:
      жұмыс күні аяқталған соң үй жайларды жабу және қарап шығу;
      қызметкерлердің өрт шыққан кезіндегі әрекеті және электр құрал жабдықтарын тоқтан ажырату;
      құжаттарды жою.

5. Жұмыс аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі

      15. Жұмыс аяқталған соң электр құрылғылары мен ұйымдастыру техникасы қуатсыздандырылады және сөндіріледі (дербес компьютер, принтер, сканер, көшіргіш аппараттары, факстер, тұрмыстық электр құрылғылары, жарық беру құралдары), сонымен қатар жұмыс құрал жабдықтары.
      16. Ауысым жұмысы кезінде қызметкер жұмыс орнын жұмыс күйінде тапсырады.

6. Құрал жабдықтар мен өндірістік үй жайларда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      17. Мемлекеттік мұрағат арнайы салынған немесе мұрағаттық құжаттарды сақтауға ыңғайлы ғимаратта немесе өртке қатысы бар нысандардан (мұнай сақтайтын орын, бензоколонкалар, автотұрақтар, гараждар) және өндірістік нысандарынан алыс тұрған ғимарат жайларында орналасады. Тұрғын үй құрылыстары мемлекеттік мұрағат ғимаратының санитарлық қорғау зонасынан 50 метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы қажет.
      18. Мемлекеттік мұрағат ғимаратының кіре берісіне өту және кіріс жолдарына еркін өту мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Сырттағы өрт сатысына, қосымша есікке және өрт құрал-жабдығына еркін өтуді қамтамасыз ету тиіс, сонымен қатар кешкі уақытта жарықтандыру қажет.
      19. Мемлекеттік мұрағат ғимаратында келесі функционалды топта үй жайлар ескерілген:
      әкімшілік-шаруашылық (жұмыс бөлмелері, мұрағат қоймасы, оқу және көрме залдары, зертханалар, демалыс және қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету бөлмелері) сипаттамада;
      техника тұрмыстық сипаттамада.
      20. Сілкіну, тербеліс және шудың пайда болуына себепкер, осы желдету камералары, сорғыш, жылу құрал-жабдықтарымен жабдықталған техника тұрмыстық сипаттамадағы жайлардың үсті мен астына, көршілес әкімшілік-шаруашылық үй жайларын орналастыруға болмайды.
      21. Мемлекеттік мұрағатының аумағы жайластырылған, тазалықта ұсталынады және жүйелі түрде қоқыстан тазартылады. Қыстыгүні уақытылы қар мен мұздан тазартылады және құммен немесе шлакпен себіледі.
      22. Орталық сумен жабдықтау жүйесінен мемлекеттік мұрағат ғимараты шаруашылық ауыз суымен, санитарлық-гигиеналық, техникалық және өртке қарсы қажеттілік есебінде суық және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
      23. Мемлекеттік мұрағаттың канализация жүйесі қалалық және аудандық орталық канализация жүйесіне қосылады.
      24. Мемлекеттік мұрағат ғимаратын жылыту үшін бумен, сумен және ыстық ауамен жылыту жүйелері қолданысқа ұсынылады. Сумен жылыту жүйесінің қолдану температурасы 100 С артық емес, бумен жылыту жүйесінің температурасы 100 С артық емес, ыстық ауамен жылыту жүйесі 45-70 С дейін. Мемлекеттік мұрағаттың жылыту жүйесі қалалық, аудандық орталық жылыту жүйесіне қосылады.
      25. Мемлекеттік мұрағат ғимараты орналасқан ауданда, ауа атмосферасындағы зиянды қоспалар тәулік бойындағы орташа шоғырлануы келесі санитарлық нормасынан аспауы тиіс:
      0,1 мг/м3 - күкірт қышқылы;
      0,05 мг/м3 - күкірт оксиді;
      0,085 мг/м3 - азот оксиді;
      0,03 мг/м3 - хлор;
      0,008 мг/м3 - күкіртсутегісі.
      26. Барлық өндірістік үй жайлары мен мұрағат қоймалары бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

7. Жұмыс орнын ұйымдастыру мен өндірістік құрал жабдықтарды
орналастыруда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      27. Әр қызметкер үшін орналастыру норма бойынша үй жайлардың жалпы көлемінен 7,5 кв. метр жұмыс жайы бөлінуі қажет.
      28. Нормативті температура-ылғалдылық режимі: температура 17-19 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-55 % мөлшерінде сүйемелдеу үшін мұрағат қоймасы мен мемлекеттік мұрағат үй жайларында ауаны желдету және салқындату жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
      29. Мемлекеттік мұрағат үй жайлары мен мұрағат қоймалары жылжымалы және тұрақты металлды сөрелермен жабдықталған, сонымен қатар мұрағат қоймаларында оттан сақтайтын қоспалармен өңделген, тұрақты ағаш сөрелерін қолдануға болады. Сөре шкафтар мен сейфтерді, металлды шкафтарды арнайы жабдықтар немесе қажеттілік есебінде қолдануға болады. Мұрағат қоймаларында тұтану болдырмау мақсатында, мұрағат құжаттарын сақтауға арналған сөрелерді жылу көздеріне таяз орналастыруға рұқсат берілмейді.
      30. Мемлекеттік мұрағат қоймаларында тұрақты сөрелер мен шкафтардың орналастырылуы келесі нормативке сәйкес болуы қажет:
      сөрелер қатарынан ара қашықтығы (басты өту жолы) - 120 см кем емес;
      сөрелердің ара қашықтықтары (өту жолы) - 75 см кем емес;
      ғимараттың сыртқы қабырғасы мен сөрелер параллельді қабырғалар - 75 см кем емес.
      31. Егер мұрағат құжаттары мен қажетті құрал-жабдықтарды қол күшімен орнын ауыстыруға, оның көлемі, салмағы немесе нысаны мүмкіндік бермесе, мемлекеттік мұрағат ғимаратында лифт құрал жабдықтары орнатылған болуы қажет.

8. Мұрағат құжаттарын тасымалдау және сақтау
әдістерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      32. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604 қаулысымен бекітілген, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларындағы 120-тармағына сәйкес ұзақ сақтаудағы әр түрлі жеткізгіштегі құжаттардың температуралық-ылғалдылығының параметрлері қолданылады.
      33. Мемлекеттік мұрағат қоймасында табиғи немесе жасанды түрде ауаны желдету мүмкіндігі болу керек, ол ерікті ауа айналымын қамтамасыз етеді, желмен қақтырылмаған тұрақты ішкі ахуал аймағының қалыптасуын болдырмайды.
      34. Аудан, қала көлемінде (қоныстану жері) мұрағат құжаттарын қоса бара жатқан мемлекеттік мұрағат қызметкері үшін қауіпсіз, отыратын орны бар жабық автокөлігінде жеткізу жүргізіледі.
      35. Жүкті тиеу және түсіру жұмыстары арнайы аумақта үсті тегістелген және тұрақты жерде орындалады.
      36. Салмағы 20 килограммнан көптеу жүкті 3 метрден астам жоғарыға көтеру, тиеу және түсіру жұмыстары үшін механикалық тәсілі болуы міндетті.
      37. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1220 қаулысымен бекітілген «Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің жүкті қолмен көтеруінің және алып жүруінің шекті нормаларына» сәйкес қолмен ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға рұқсат етілетін шекті жүк нормасы құрайды:
      басқа жұмыспен (сағатына 2 ретке дейін) кезектестіріп ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) ер адамдарға 30 килограмға дейін;
      басқа жұмыспен (сағатына 2 ретке дейін) кезектестіріп ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) әйелдерге 10 килограмға дейін;
      жұмыс күн барысында ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) ер адамдарға 15 килограмға дейін;
      жұмыс күн барысында ауыр салмақты көтеруге және орын ауыстыруға (бір рет) әйелдерге 7 килограмға дейін.
      38. Мұрағат ішінде мұрағат құжаттарының орнын ауыстыру үшін жылжымалы арбалар және басқа да тасу құралдары пайдаланылады:
      бір сағат ішінде 1-5 метрге дейінгі ара қашықтықта жүктің орнын ауыстыру үшін ер адамдар 40-60 килограмм;
      бір сағат ішінде 1-5 метрге дейінгі ара қашықтықта жүктің орнын ауыстыру үшін әйелдер 20-40 килограмм;
      39. Осы белгіленген нормалардан асатын жүктерді тасымалдауға, жылжытуға және орнын ауыстыруға тыйым салынады.

9. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша
мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің білімін тексеру мен
кәсіптік іріктеуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      40. Әрбір мемлекеттік мұрағаттар осы Талаптарға сәйкес және мемлекеттік мұрағат басшысымен бекітілген, техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы нұсқаулық әзірленуі қажет.
      41. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес мұрағаттық мекемелердің штаттық кестесінде кәсіби инженерлік-техникалық қызмет қарастырылады.
      42. Мұрағаттық мекеменің инженерлік-техникалық қызметімен жұмыс істейтін электр сымдарына, электр желілеріне қызмет көрсетеді және оларды жедел ауыстырып қосуды, жөндеуді, құрастыруды және дайындауды жүзеге асырады.
      43. Жабдықтарды жөндегенде және қызмет көрсеткенде дәнекерлейтін аспапты және қуаттылығы 42 Вольттан жоғары емес электр шамын пайдалану қажет.

10. Қорғаныш құралдарын қолдануда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      44. Зиянды химикалық құралдармен жұмыс істейтін мемлекеттік мұрағат қызметкерлері арнайы киімдермен, арнайы аяқ киіммен және жекелік қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      45. Мемлекеттік мұрағаттың өндірістік үй жайларында санитарлық нормаларды сақтап тұру үшін әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері барлық қажетті санитарлық-гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етеді.

11. Тұрмыс-өндірістік үй жайларындағы санитарлық
нормасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      46. Мемлекеттік мұрағат қоймаларында ылғалды түрде жинастыру және жарты жылда бір рет сөрелер, шкафтар, сақтау құралдарын (корабтар, мұқабалар, қаптамалар) шаң сорғышпен шаңсыздандыруды жүргізу қажет. Сонымен қатар төменгі бөлімдегі өндірістік жайлардың едендерін, плинтустарын, терезе алдарын зарарсыздандырғыш (формалин - 2%, катамин - 5%) су ерітіндісімен сүртіледі.
      47. Санитарлық және гигиеналық шараларын сақтай отырып, келіп түскен мұрағат құжаттарын арнайы үй жайлардағы сорғыш шкафтарын пайдалануымен шаңсыздандырылады.
      48. Өндірістік үй жайлары мен мұрағат қоймасында дезинфекциядезинсекциядератизация жүргізілуі, мұрағат құжаттары мен мұрағат қоймаларында биологиялық зиянкестерді жоюмен бірге биоқорған, биологиялық алдын ала сақтандыру шаралары болып табылады.
      49. Басты жинастыру өндірістік үй жайлардың төбелері мен қабырғаларын, терезелерін шаң тозаңнан тазарту айына бір рет жүргізіледі.

Об утверждении Требований безопасности и охраны труда в государственных архивах

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 2 мая 2013 года № 93. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 июня 2013 года № 8499. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 июня 2016 года № 165

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 15.06.2016 № 165 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 Правил принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 721, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Требования безопасности и охраны труда в государственных архивах.
      2. Комитету информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                 М. Кул-Мухаммед

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр труда и социальной
      защиты населения
      Республики Казахстан
      ________________С. Абденов
      «___» __________ 2013 года

Утверждены       
приказом Министра   
культуры и информации
Республики Казахстан 
от 2 мая 2013 года № 93

Требования безопасности и охраны труда
в государственных архивах

1. Общие требования

      1. Требования безопасности и охраны труда в государственных архивах (далее - Требования) разработаны в соответствии с пунктом 9 Правил принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 721.
      2. В настоящих Требованиях устанавливаются порядок, процедуры и нормы направленные на сохранение жизни и здоровья работников государственных архивов в процессе их трудовой деятельности, в части:
      1) безопасности труда:
      перед началом работы;
      во время работы;
      в аварийных ситуациях;
      по окончанию работы;
      2) а также обеспечивают безопасности:
      в производственных помещениях и оборудованию;
      по размещению производственного оборудования и организации рабочих мест;
      к способам хранения и транспортировки архивных документов;
      к профессиональному отбору и проверке знаний работников государственных архивов по вопросам безопасности и охраны труда;
      к применению средств защиты;
      санитарных норм в производственно-бытовых помещениях.
      3. Понятия, используемые в настоящих Требованиях применяются в значениях, установленных Трудовым кодексом Республики Казахстан от 15 мая 2007 года.
      4. Организация безопасности и охрана труда во время работы в государственных архивах осуществляется руководителем и его заместителями, по следующим мероприятиям:
      1) обеспечение надлежащего содержания здания государственного архива и безопасности производственного оборудования при выполнении работниками своих должностных обязанностей, а также проведение мониторинга безопасности и охраны труда в производственных помещениях и оборудования государственного архива;
      2) организация проведения аттестации производственных объектов по условиям труда в соответствие с Правилами обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2011 года № 1457, по итогам которой принимаются меры по устранению опасных и вредных для здоровья факторов;
      3) принятие мер по предотвращению развития аварийной ситуации в здании государственного архива и воздействия травмирующих факторов на работников;
      4) обеспечение проведения предварительного (при приеме на работу) и периодического (в течение трудовой деятельности) медицинского осмотра работников согласно Правилам проведения обязательных медицинских осмотров, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2012 года № 166 и принятие мер при появлении признаков профессионального заболевания;
      5) обеспечение надлежащего технического обслуживания противопожарной системы, системы вентиляции и кондиционирования воздуха, охранной системы и систем отопления специализированными организациями, а также проведение противопожарного инструктажа работникам государственного архива.

2. Безопасность труда перед началом работы

      5. Перед началом работы работник государственного архива осматривает свое рабочее место и проверяет исправность рабочего оборудования.
      6. Работник, обнаруживший неисправность оборудования, представляющую опасность для людей, принимает меры к немедленному отключению неисправного оборудования от сети и сообщает об этом своему непосредственному начальнику, а в его отсутствие - первому руководителю архивного учреждения.

3. Безопасность труда во время работы

      7. Безопасность и охрана труда во время работы в государственных архивах обеспечивается путем проведения организационно-технических, санитарно-гигиенических, социально-экономических и лечебно-профилактических мероприятий, направленных на сохранение жизни, здоровья и трудоспособности работников в процессе трудовой деятельности.
      8. Во время работы соблюдаются правила внутреннего трудового распорядка.
      9. При работе с электроприборами и оргтехникой (персональные компьютеры, принтеры, сканеры, копировальные аппараты, факсы, бытовые электроприборы, приборы освещения) работник проверяет исправность автоматических выключателей и электрических предохранителей, а также исправность изоляции электропроводок, электроприборов, выключателей, штепсельных розеток, ламповых патронов и светильников.

4. Безопасность труда в аварийных ситуациях

      10. В случае возгорания или пожара работники государственного архива немедленно прекращают работу, отключают персональный компьютер, электроприборы, рабочие оборудования, вызывают сотрудников противопожарной службы и сообщают руководителю государственного архива.
      11. При несчастных случаях немедленно вызывается врач и принимаются меры по оказанию пострадавшему работнику первой медицинской помощи.
      12. На каждом этаже государственного архива предусматривается аптечка первой медицинской помощи, которая располагается на видном, доступном месте.
      13. При несчастных случаях в производственных помещениях, произошедшие с работниками, подлежат назначению и выплате социального пособия в соответствии с Правилами назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339.
      14. В каждом государственном архиве имеется утвержденный руководителем регламентированный противопожарный режим, включающий:
      осмотр и закрытие помещений после окончания рабочего дня;
      действия работников при обнаружении пожара и обесточивания электрооборудования;
      уничтожение документов.

5. Безопасность труда по окончанию работы

      15. После окончания работы работники государственных архивов отключают и обесточивают электроприборы и оргтехнику (персональные компьютеры, принтеры, сканеры, копировальные аппараты, факсы, бытовые электроприборы, приборы освещения), а также рабочие оборудования.
      16. При сменной работе работники передает рабочее место в рабочем состоянии.

6. Обеспечение безопасности в производственных
помещениях и оборудованию

      17. Государственный архив размещается в специально построенном или приспособленном для хранения архивных документов здании или отдельных помещениях здания, удаленном от опасных в пожарном отношении объектов (нефтехранилища, бензоколонки, автостоянки, гаражи) и промышленных объектов. Санитарно-защитная зона, расстояние от здания государственного архива до жилой застройки должно быть не менее 50 метров.
      18. Подъездные пути и проезд к подъезду здания государственного архива обеспечивается свободным доступом. Подходы к пожарному инвентарю, запасному выходу и наружной пожарной лестнице должны иметь свободный доступ, а также освещены в темное время суток.
      19. В зданиях государственных архивов предусматриваются следующие функциональные группы помещений:
      административно-хозяйственного (рабочие кабинеты, архивохранилища, читальные и выставочные залы, лаборатории, комнаты для отдыха и медицинского обслуживания работников) характера;
      техническо-бытового характера.
      20. Техническо-бытового характера помещения: вентиляционные камеры, насосные, тепловые помещения с оборудованием, которое является причиной возникновения шума и вибрации, не размещается смежно, над и под административно-хозяйственным помещением.
      21. Территория государственного архива содержится в чистоте, обустраивается и систематически очищается от мусора. Зимой своевременно очищается от снега и льда и посыпается песком или шлаком.
      22. Здание государственного архива обеспечивается холодной и горячей водой для хозяйственно-питьевых, санитарно-гигиенических, технологических и противопожарных нужд, через центральную систему водоснабжение.
      23. Канализационная система государственного архива подключается к центральной канализационной системе города и района.
      24. В зданиях государственного архива рекомендуется использовать паровые, водяные и воздушные системы отопления. Воду для системы отопления используют температурой не более 100 С, водяной пар температурой не более 100 С, воздух нагретый до 45-70 С. Система отопления государственного архива подключается к центральной системы отопления города, района.
      25. В районе расположения здания государственного архива среднесуточная концентрация вредных примесей в атмосферном воздухе не должна превышать санитарных норм:
      серной кислоты - 0,1 мг/м3;
      оксидов серы - 0,05 мг/м3;
      оксидов азота - 0,085 мг/м3;
      хлора - 0,03 мг/м3;
      сероводорода - 0,008 мг/м3.
      26. Все производственные помещения и архивохранилища оборудуются первичными средствами пожаротушения.

7. Обеспечение безопасности по размещению производственного
оборудования и организация рабочих мест

      27. На каждого работника по норме размещения отводится 7,5 квадратных метров рабочей площади от общего объема помещения.
      28. Архивохранилище и помещения государственных архивов оборудуются системами вентиляции и кондиционирования воздуха, для поддержания нормативного температурно-влажностного режима: температура 17-19 С, относительная влажность воздуха 50-55%.
      29. Архивохранилище и помещения государственных архивов оборудуется стационарными или передвижными металлическими стеллажами. Допускается эксплуатация в архивохранилищах стационарных деревянных стеллажей, обработанных огнезащитными составами. В качестве вспомогательного или специального оборудования могут использоваться металлические шкафы, сейфы, шкафы-стеллажи. В целях избежание возгорания в архивохранилищах, размещение стеллажей для хранения архивных документов вплотную к источникам тепла не допускается.
      30. Устройство стационарных стеллажей и шкафов в архивохранилищах государственного архива должны соответствовать следующим нормативам:
      расстояние между рядами стеллажей (главный проход) - не менее 120 сантиметров;
      расстояние (проход) между стеллажами - не менее 75 сантиметров;
      расстояние между наружной стеной здания и стеллажами, параллельными стенами - не менее 75 сантиметров.
      31. В здании государственного архива должны быть установлены лифтовое оборудование, для обеспечения возможности перемещения архивных документов и оборудования, если размеры, масса или форма его не позволяет сделать это вручную.

8. Обеспечение безопасности к способам хранения и
транспортировки архивных документов

      32. Температурно-влажностные параметры воздуха для долговременного хранения документов на любых носителях производятся согласно пункту 120 Правил комплектования, хранения, учета и использования документов национального архивного фонда, других архивных документов государственными и специальными государственными архивами, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 1604.
      33. В архивохранилищах государственного архива предусматривается естественная или искусственная вентиляция, при которой обеспечивается свободная циркуляция воздуха, исключающая образование непроветриваемых зон устойчивого микроклимата.
      34. Доставка архивных документов в пределах города, района (населенного пункта) осуществляется в закрытом автотранспорте, имеющем безопасное сидячие место для сопровождающего работника государственного архива.
      35. Погрузочно-разгрузочные работы осуществляются на специально отведенной территории с твердым и ровным покрытием.
      36. Механизированный способ погрузочно-разгрузочных работ является обязательным для грузов массой более 20 килограмм, а также при подъеме грузов на высоту более 3 метров.
      37. Согласно Списку работ, на которых запрещается применение труда работников, не достигших восемнадцатилетнего возраста, предельные нормы переноски и передвижения тяжести работниками, не достигшими восемнадцатилетнего возраста и Списку работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжести женщинами, утвержденному постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1220 предельно допустимые нормы груза при подъеме и перемещение тяжестей  вручную составляют:
      подъем и перемещение (разовое) тяжестей при чередовании с другой работой (до 2 раз в час) мужчинами до 30 килограммов;
      подъем и перемещение (разовое) тяжестей при чередовании с другой работой (до 2 раз в час) женщинами до 10 килограмм;
      подъем и перемещение (разовое) тяжестей постоянно в течение рабочего дня мужчинами до 15 килограммов;
      подъем и перемещение (разовое) тяжестей постоянно в течение рабочего дня женщинами до 7 килограмм.
      38. Для перемещения архивных документов внутри архива используются передвижные тележки и другие средства транспортировки:
      при перемещении груза на расстояние от 1 до 5 метров в течение каждого часа мужчинами 40-60 килограммов;
      при перемещении груза на расстояние от 1 до 5 метров в течение каждого часа женщинами 20-40 килограммов.
      39. Переносить и передвигать грузы, превышающие эти установленные нормы не допускается.

9. Обеспечение безопасности к профессиональному отбору и
проверке знаний работников государственного архива по вопросам
безопасности и охраны труда

      40. В каждом государственном архиве разрабатывается инструкция по технике безопасности и охране труда в соответствии с настоящими Требованиями и утверждается руководителем государственного архива.
      41. Согласно постановлению Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» в штатном расписании архивных учреждений предусматривается профессиональная инженерно-техническая служба.
      42. Инженерно-технической службой архивного учреждения осуществляется обслуживание действующих электропроводок, электросетей, электроприборов и проведение в них оперативных переключений, ремонта, монтажа и наладочных работ.
      43. При ремонте и обслуживании оборудования необходимо пользоваться паяльником и переносной электролампой напряжением не выше 42 Вольт.

10. Обеспечение безопасности к применению средств защиты

      44. Работники государственных архивов, использующие в процессе своей работы химические средства, обеспечиваются специальной одеждой, специальной обувью и средствами индивидуальной защиты.
      45. Эксплуатационно-технический персонал обеспечивается всеми необходимыми санитарно-гигиеническими средствами для поддержания санитарных норм в производственных помещениях государственного архива.

11. Обеспечение безопасности санитарных норм в
производственно-бытовых помещениях

      46. В архивохранилищах государственного архива производится влажная уборка и обеспыливание пылесосами стеллажей, шкафов, средств хранения (коробок, папок, упаковок) один раз в полгода. При этом полы, плинтуса, подоконники цокольных частей производственного помещения протираются водными растворами антисептиков (формалина - 2%, катамина - 5%).
      47. Обеспыливание поступивших архивных документов проводятся в специальном помещении с применением вытяжных шкафов и соблюдением мер санитарии и гигиены.
      48. Дезинфекциядезинсекциядератизация архивохранилищ и производственных помещений производится как меры биопрофилактики, биозащиты и уничтожения биологических вредителей в архивохранилищах и на архивных документах.
      49. Генеральная уборка в производственных помещениях с очисткой от пыли стены, потолки, окон проводиться один раз в месяц.