Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалану үшін геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 маусымда № 8504 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 маусымдағы № 488 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.06.2016 № 488 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б. Нұрабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. «Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын басқа мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік жер бөлігін беру тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 16 ақпандағы № 74-П бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1087 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Қазақстан
      Республикасының Индустрия және
      жаңа технологиялар министрі                Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі
      ____________ С. Мыңбаев
      2013 жылғы 08 мамыр

Қазақстан Республикасы    
Премьер–Министрінің     
орынбасары – Қазақстан    
Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 18 сәуірдегі   
№ 126 бұйрығымен      
бекітілген         

Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын
өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және (немесе) тау-кендік
бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасының 7-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібін нақтылайды.
      2. Барлауға және өндіруге геологиялық және тау-кендік бөлулерді конкурс жеңімпазына немесе конкурсты өткізбей жер қойнауын пайдалану құқығы берілген тұлғаға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі  уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.

2. Геологиялық бөлуді ұсыну

      3. Геологиялық бөлуді ұсыну жер қойнауын пайдаланушыдан еркін нысанда жасалған өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жүзеге асырылады.
      4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша немесе конкурсты өткізбей тікелей келіссөздер жүргізу хаттамасы бойынша конкурс комиссиясы шешімінің көшірмелері;
      2) қысқаша геологиялық сипаттама;
      3) бөлудің жалпы ауданын көрсете отырып, бұрыштық нүктелердiң географиялық координаттары;
      4) көрнектiлiктi қамтамасыз ететiн ауқымдағы геологиялық бөлудiң картограммасы.
      5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген геологиялық бөлуді ұсынуға арналған құжаттар толық берілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтініші қаралмайды және ол келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмейтін мерзімде өтініш берушіге геологиялық бөлуді ұсынудан жазбаша дәлелді бас тартумен қайтарылады.
      6. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тау-кендік бөлуді қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады. Бөлуді қайта ресімдеу осы Нұсқаулыққа 4-тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

3. Тау-кендік бөлуді ұсыну

      7. Өтініш беруші уәкілетті органға тау-кендік бөлуді беруге өтінімді еркін түрде ұсынады.
      Осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тау-кендік бөлуді ұсыну өтініш берушіден өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктермей жүзеге асырылады.
      8. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша немесе конкурсты өткізбей тікелей келіссөздер жүргізу хаттамасы бойынша конкурс комиссиясы шешімнің көшірмелері;
      2) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген пайдалы қазбаларды өндіруге тау-кендік бөлу жобасы.
      9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген тау-кендік бөлуді ұсынуға арналған құжаттар толық берілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтініші қаралмайды және ол келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге тау-кендік бөлуді ұсынудан жазбаша дәлелді бас тартумен қайтарлады.
      10. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта беру тау-кендік бөлуді қайта ресімдеуің сөзсіз негізі болып табылады. Бөлуді қайта ресімдеу осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тау-кендік бөлудің жобасын ұсынусыз жүзеге асырылады.
      11. Қатты пайдалы қазбаларды өндiруге арналған тау-кендiк бөлудiң шекаралары, тау жыныстарының ығысу аймағын, карьер кемерi аумағын және жер асты тау-кен қазылымдарының даму шекараларын, ашу қазылымдарының орналасуын ескере отырып, мемлекеттік теңгерімдегі қорлар контурларымен айқындалады.
      12. Техногендiк минералдық түзілiмдердi өндiруге арналған тау-кендiк бөлудiң шекаралары топогеодезиялық түсірумен анықталған, түзілімдерді қоймаға жинау шекараларымен айқындалады.
      13. Тау-кендiк бөлудiң шекарасына жер асты суларының ластануын, карьерге су ағынын бақылауға арналған қолда бар гидрогеологиялық ұңғымалар және тау-кен қазбалары енгізіледі.
      14. Мұнай және газ кен орындарына арналған тау-кендiк бөлудiң шекаралары бекітілген қорлардың, пайдаланылатын және су айдағыш ұңғымалардың сызбасымен айқындалады.
      15. Егер кен орны бірнеше кен шөгінділерінен тұратын болса, олардың жоспардағы бекітілген қорларының шектері бірімен бірі үйлеспесеген жағдайда тұтас кен орнының барлық кен шөгінділерін қамтитын, жалпы шегі біртұтас сызбасы бар тау-кендік бөлуді ұсынуға рұқсат етіледі.
      Бiр өнеркәсiптiк алаңда мұнай және газ қабаттарын екi немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушылармен игеруді кезінде тау-кендiк бөлулер әрбір жер қойнауын пайдаланушыға ресiмделедi.

Пайдалы қазбаларды барлауға және  
өндіруге және жер қойнауын өзге  
мақсатта пайдалануға геологиялық/тау-
кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі
нұсқаулыққа 1-қосымша      
нысан               

Жер қойнауын пайдалануға   
арналған № _____ келісімшартқа
1-қосымша           

________________
(пайдалы қазба түрі)
_______________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
20___ жылғы ________________
тіркеу №_______

«ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ» ММ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛУ

____________________________________________________ негізінде
(тікелей келіссөздер хаттамасы, құзыретті органның шешімі, келісімшартқа толықтыру)

______________________________________________________________
              (жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)

жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін
______________________________________________________ берілді.
                     (жер қойнауын пайдаланушы)

Геологиялық бөлу ___________________________________ орналасқан.
                            (облыс, аудан)

Геологиялық бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден
№ ______________________ дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.
нүктелердің кейінгі нөмірлері

бұрыштық нүктелер

бұрыштық нүктелердің координаттары

солтүстік ендік

шығыс бойлық

гр.

мин.

сек.

гр.

мин.

сек.







Геологиялық бөлудің ауданы - ____________________ шаршы км (м.)
                                  (жазбаша цифр)

Барлау тереңдігі (егер Құзыретті органмен айқындалса) _____ м.

Орган басшысы __________________________________________
                             Басшының Т.А.Ә., қолы, мөр

                                    Астана қ.,
                                    айы, жылы.

Пайдалы қазбаларды барлауға және 
өндіруге және жер қойнауын өзге 
мақсатта пайдалануға      
геологиялық/тау-кендік бөлуді ұсыну
тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа  
2-қосымша            

Жер қойнауын пайдалануға   
арналған № ________ келісімшартқа
2-қосымша           
________________
(пайдалы қазба түрі)
__________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
20___ жылғы ________________
тіркеу №_______

«ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ» ММ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ ТАУ-КЕНДІК БӨЛУ

____________________________________________________ негізінде
(тікелей келіссөздер хаттамасы, құзыретті органның шешімі, келісімшартқа толықтыру)

_____________________________________________________________
             (жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)

жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін
______________________________________________________ берілді.
                 (жер қойнауын пайдаланушы)

Тау-кендік бөлу ____________________________________ орналасқан.
                               (облыс, аудан)

Тау-кендік бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден
№ _________________ дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.
   (нүктелердің кейінгі нөмірлері)

бұрыштық нүктелер

бұрыштық нүктелердің координаттары

солтүстік ендік

шығыс бойлық

гр.

мин.

сек.

гр.

мин.

сек.







Тау-кендік бөлудің ауданы - ____________________ шаршы км (м.)
                               (цифрмен, жазбаша)

Игеру тереңдігі _____________________________________________ м.
           қазу деңгейінің көкжиегі, тереңдігі, геология-стратиграфиялық шегі

Орган басшысы __________________________________________
                          Басшының Т.А.Ә., қолы, мөр

                                    Астана қ.,
                                    айы, жылы.

Пайдалы қазбаларды барлауға және
өндіруге және жер қойнауын өзге
мақсатта пайдалануға     
геологиялық/тау-кендік бөлуді беру
тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа 
3-қосымша            

Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған
тау-кендік бөлу жобасының мазмұны

      1. Тау-кендiк бөлу жобасын жобалау жұмыстарына лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы жасайды және жер қойнауын пайдаланушы оны бекiтедi.
      2. Тау-кендiк бөлу жобасы мәтіндік бөлім мен графикалық материалдардан тұрады және қағаз және электрондық түрінде беріледі.
      3. Тау-кендiк бөлу жобасының мәтіндік бөлімі түсiндірме жазба мен мәтінге қоса берілетін құжаттардан тұрады.
      4. Түсiндірме жазбада тау-кендiк бөлудiң қандай мақсатқа сұратылатыны көрсетiледi және мынадай деректер келтіріледі:
      тау-кендiк бөлу жобасын дайындаған ұйымның атауы;
      сұратылған тау-кендiк бөлудің аумағы туралы жалпы мәлiметтер (географиялық және әкiмшiлiк орналасу орны, аудан көлемi, ауыл шаруашылығы және орман жерлерiнiң сипаттамасы, құрылыстар, инфрақұрылым);
      кен орнының қысқаша геологиялық сипаттамасы (қабаттардың, кен денелерінің өлшемдері және орналасу элементтерi), геологиялық құрылымы, тау-кен техникалық, гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық жағдайлары, шектес тау-кендік бөлулер туралы жалпы мәліметтер;
      кен орнының барлануы, негiзгi және онымен бiрге шөгу, қабат, желi бойынша жеке орналасқан пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының мөлшерi, сапасы, кен орны ашық игерiлген кезде қазылатын жыныстарының да кен орындары туралы деректер;
      тау-кендік бөлу ауданының (көлемін) есебі және тау-кендік бөлудің бұрыштық нүктелерінiң географиялық координаттары;
      игеру тереңдiгi.
      5. Тау-кендік бөлу жобасының мәтіндік бөліміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – ҚМК) немесе ұсынымдары бар Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссияның (бұдан әрі – ПӨК) пайдалы қазбалар қорын бекіту туралы хаттамасының көшірмесі;
      тау-кендік бөлуді беру уақытына қорлардың жағдайы туралы ҚМК-нің (немесе ПӨК-тің) сараптама қорытындысының түпнұсқасы;
      жобалауға арналған лицензияның көшірмесі;
      тау-кендiк бөлудiң орналасу картограммасы. Көрнектiлiктi қамтамасыз ететiн масштабта орындалады.
      Тау-кендiк бөлу жобасының мәтіндік бөлімі оны ұзақ мерзiм сақтауды қамтамасыз ететiн қатты түптемемен тапсырылады.
      6. Графикалық материалдар шолу (ситуациялық) схемасынан, жер бетiнiң топографиялық картасынан, геологиялық карталардан және қималардан тұрады.
      Топографиялық картада тау-кендiк бөлу ауданының жазық беткейге кескiндемесi, сұратылатын тау-кендiк бөлудің бұрыштық нүктелерінiң географиялық координаттары, игеру тереңдiгi (абсолюттік белгісі немесе геологиялық шегі) және кен орны ортасының географиялық координаттары көрсетiледi.
      Топографиялық жоспардың масштабы пайдалы қазбаларды өндiруге немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға белгiленген жер қойнауы учаскесінің көлемiне байланысты, бірақ оларда тау-кендiк бөлудiң шектерiн анықтау бойынша техникалық есептер мен есептеулерді айтарлықтай дәлдiкпен шешуге мүмкiндiк беретiндей масштабта қабылданады. Топографиялық жоспар жер қойнауын пайдаланушының қолымен және мөрімен бекітіледі.
      Геологиялық карталарда және қималарда:
      кен орнының және оған іргелес жатқан аумақтың геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалар шоғырларының шектері, олардың жер бетiне немесе көмбелер астына шығуы, тектоникалық бұзылыстар, пайдалануға жарамсыз үзiлу, сүйiрлену орындары және басқа жер телімдері;
      кен орнының және оған жақын орналасқан аумақтың гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары;
      сұратылған тау-кендік бөлудің пайдалы қазбалар қорларын ауданы және тереңдiгі бойынша есептеу шектерi.
      7. Көмiрдi өндiруге тау-кендiк бөлу жобасындағы геологиялық қималарда тау-кендiк бөлудiң жобаланған шегi бейнеленген барлық барланған қабаттар көрсетiледі.
      Екi және одан да көп қабаттардан құралатын көмiрдi өндiруге арналған тау-кендiк бөлудiң шегi, ығысу бұрышын ескере отырып, ең шеткi бұрыштық нүктелердiң кескiндемелерi арқылы анықталады.
      8. Мұнайды және газды өндiруге арналған тау-кендiк бөлу жобасында геологиялық карта орнына қажет дәлдiкпен техникалық мiндеттердi және тау-кендiк бөлу шектерiн анықтау есептерiн жүргiзуге мүмкiн масштабта қорлар шегi көрсетiлген әрбiр өнеркәсiптiк мұнай немесе газ көкжиегінің деңгейі бойынша құрылымдық картасы, мұнай-газдылығының бірлескен шектерінің жоспары, сондай-ақ өнiмдi свиталар мен көкжиек деңгейлерінің орналасу тереңдiгi көрсетiлген, құрылымдық картамен сәйкестелген геологиялық кескіндер берiледі. Барлық құрылымдық карталарға тау-кендiк бөлудің шектерi және геологиялық кескіндердің сызықтары түсіріледі.
      9. Пайдалы қазбаларды геологиялық-технологиялық және басқа дәстүрлі емес тәсiлдермен (жер астында шаймалау, күкiрттi жер астында ерiту және т.б.) өндiруге арналған тау-кендiк бөлу жобасының мәтіндік бөлімі осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа кен сыйыстырушы таужыныстарынан, үстiңгi және табандағы қабаттардан, олардың су сүзгiштiк қасиеттерiнен, басқа сулы көкжиек деңгейлерінен оқшаулануы жөнiнде қысқаша сипаттамадан, сондай-ақ жер астында шаймалауға қолданылатын реагенттердiң және алынатын технологиялық ерiтiндiлердiң сипаттамасынан тұрады.
      10. Жер қойнауын пайдалы қазбаларды барлаумен және өндiрумен байланысты емес мақсатқа пайдалануға тау-кендiк бөлу жобасы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетiлген деректерге қосымша мыналарды:
      жерасты құрылыстарын салу жобаланған жердегi пайдалы қазбалардың кен орындары, сондай-ақ тау-кендiк жұмыстар және пайдалы қазбаларды өндiруге және пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсаттарға берiлген аралас тау-кендiк бөлулер жөнiндегi мәліметтерді;
      егер тау-кендiк бөлу жойылған, консервацияланған, не пайдалы қазбаларды өндiрiп жатқан ұйымдардың пайдаланылған тау-кен қазылымдарын пайдалану үшiн сұратылған болса, бұл ұйым жөнінде, оның ішінде кен орнын ашу схемасы және игеру жүйесi, пайдалануға жататын тау-кен қазылымдары және бұрғылау ұңғымалары туралы қысқаша мәліметтерді;
      тау-кендiк бөлудiң ауданы бойынша, сондай-ақ тiк белгілері бойынша, тау-кендiк бөлуге кiретiн жерасты кеңiстiгiнің көлемін анықтай отырып жүргізілетін тау-кендiк бөлу шегін негіздеуді және көлемін есептеуді құрайды.
      11. Зиянды заттарды, радиобелсендi қалдықтарды және қалдық суларды жер қойнауына көмуге арналған тау-кендiк бөлуді алу үшiн мыналарды көрсету қажет: өнiмнiң атауы, нәтижесінде өнiм пайда болатын технологиялық өндiрiс немесе процесс, оның сипаттамасы (толық химиялық құрамы, улы компоненттердiң болуы, өрт-қопарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасы.
      12. Мұнайды, газды жер астында сақтауға және зиянды заттарды, радиобелсендi қалдықтарды және қалдық суларды жер қойнауына көмуге арналған тау-кендiк бөлуді алу үшін тау-кендік бөлу жобасына аталған мақсаттарда пайдалануға жобаланған көкжиек деңгейінің үстіңгі жабындысы және асты бойынша құрылымдық карталар қоса беріледі.
      Топографиялық жоспарда пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу шегi көрсетiлуi керек.
      13. Пайдаланылған, жойылған, консервацияланған немесе пайдалы қазбаларды өндiрiп жатқан ұйымдардың тау-кендік қазылымдарын пайдалануға арналған тау-кендiк бөлуді беру жобасына осы ұйымдардың тау-кендiк қазылымдарының сызбалары қоса берiледi, онда пайдалануға жобаланған қазылымдар көрсетiледi.

Об утверждении Инструкции о порядке предоставления геологических и/или горных отводов для разведки и добычи полезных ископаемых и пользования недрами в иных целях

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 18 апреля 2013 года № 126. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 июня 2013 года № 8504. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 15 июня 2016 года № 488

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 15.06.2016 № 488.

      В соответствии с пунктом 7 Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о порядке предоставления геологических и/или горных отводов для разведки и добычи полезных ископаемых и пользования недрами в иных целях.
      2. Комитету геологии и недропользования Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан (Нурабаев Б.К.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в средствах массовой информации.
      3. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Министра природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан от 16 февраля 2000 года № 74-П «Об утверждении Инструкции о порядке предоставления геологических и/или горных отводов для разведки и добычи полезных ископаемых и пользования недрами в иных целях» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1087).
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Сауранбаева Н.Е.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
      Республики Казахстан - Министр
      индустрии и новых технологий
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министр нефти и газа
      Республики Казахстан
      _____________ С. Мынбаев
      8 мая 2013 года

Утверждена           
приказом Заместителя       
Премьер - Министра       
Республики Казахстан - Министра
индустрии и новых        
технологий Республики Казахстан
от 18 апреля 2013 года № 126

Инструкция
о порядке предоставления геологических и (или) горных отводов
для разведки и добычи полезных ископаемых и пользования
недрами в иных целях

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция о порядке предоставления геологических и (или) горных отводов для разведки и добычи полезных ископаемых и пользования недрами в иных целях (далее – Инструкция) разработана в целях реализации Закона Республики Казахстан «О недрах и недропользовании» от 24 июня 2010 года и пункта 7 Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120, и детализирует порядок предоставления геологических и (или) горных отводов.
      2. Геологические и горные отводы на разведку и добычу предоставляются уполномоченным органом по изучению и использованию недр (далее - уполномоченный орган) победителю конкурса или лицу, которому предоставлено право недропользования без проведения конкурса.

2. Предоставление геологических отводов

      3. Предоставление геологического отвода осуществляется в течение двадцати календарных дней со дня поступления заявления недропользователя, составляемого в произвольной форме.
      4. К заявлению прилагаются следующие документы:
      1) копия решения комиссии конкурса по предоставлению права недропользования или по протоколу проведения прямых переговоров без проведения конкурса;
      2) краткая геологическая характеристика;
      3) географические координаты угловых точек с указанием общей площади отвода;
      4) картограмма геологического отвода в масштабе, обеспечивающем наглядность.
      5. В случае не полного представления документов на предоставление геологического отвода, предусмотренного пунктом 4 настоящей Инструкции, обращение недропользователя остается без рассмотрения и возвращается заявителю с письменным мотивированным отказом в предоставлении геологического отвода в срок не позднее пяти календарных дней со дня его поступления.
      6. Передача права недропользования является основанием переоформления геологического отвода. Переоформление отвода осуществляется без предоставления документов, указанных в подпунктах 2), 3), 4) пункта 4 к настоящей Инструкции.

3. Предоставление горных отводов

      7. Заявитель предоставляет в уполномоченный орган заявку на предоставление горного отвода в произвольной форме.
      Предоставление горного отвода по форме согласно приложению 2 к настоящей Инструкции осуществляется не позднее двадцати календарных дней со дня поступления заявки заявителя.
      8. К заявке прилагаются следующие документы:
      1) копия решения комиссии конкурса по предоставлению права недропользования или по протоколу проведения прямых переговоров без проведения конкурса;
      2) проект горного отвода на добычу полезных ископаемых, оформленный согласно приложению 3 к настоящей Инструкции.
      9. В случае не полного представления документов на представление горного отвода, предусмотренных пунктом 8 настоящей Инструкции, обращение недропользователя остается без рассмотрения и возвращается заявителю с письменным мотивированным отказом в предоставлении горного отвода в срок не позднее пяти календарных дней со дня его поступления.
      10. Передача права недропользования является основанием переоформления горного отвода. Переоформление отвода осуществляется без предоставления проекта горного отвода, указанного в подпункте 2) пункта 8 настоящей Инструкции.
      11. Границы горного отвода на добычу твердых полезных ископаемых определяются контурами утвержденных запасов с учетом зон сдвижения горных пород, разноса бортов карьера и границ развития подземных горных выработок, расположения вскрывающих выработок.
      12. Границы горного отвода на добычу техногенных минеральных образований определяются границами складирования образований, определенных топогеодезической съемкой.
      13. В границу горного отвода включаются имеющиеся гидрогеологические скважины, предназначенные для наблюдения за загрязнением подземных вод и водопритоками в карьер, и подземные горные выработки.
      14. Границы горного отвода на нефтяные и газовые месторождения определяются контурами утвержденных запасов, размещения эксплуатационных и нагнетательных скважин.
      15. В случае, если месторождение состоит из нескольких залежей, контуры утвержденных запасов которых не совпадают друг с другом в плане, допускается представление горного отвода с единым общим контуром отвода, охватывающего все залежи месторождения в целом.
      При разработке нефтяного и газового горизонтов на одной промышленной площадке двумя или более недропользователями, горные отводы оформляются на каждого недропользователя.

Приложение 1           
к Инструкции о порядке предоставления
геологических/горных отводов для  
для разведки и добычи полезных   
ископаемых и пользования     
недрами в иных целях      

форма           

Приложение 1                 
к Контракту № _________           
на право недропользования           
____________________________           
(вид полезного ископаемого)            
____________________________           
(вид недропользования)               
от ________________ 20 ___ год рег.№ _______

            ГУ «КОМИТЕТ ГЕОЛОГИИ И НЕДРОПОЛЬЗОВАНИЯ»
            МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
                      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

                       ГЕОЛОГИЧЕСКИЙ ОТВОД

Предоставлен ________________________ для осуществления операций по
                 (недропользователь)
недропользованию на ______________________________________________
                          (наименование участка недр (блоков)
на основании _____________________________________________________
                    (протокол прямых переговоров, решение
                 компетентного органа, дополнение к контракту)

Геологический отвод расположен в _________________________________.
                                           (область, район)
Границы геологического отвода показаны на картограмме и обозначены
угловыми точками с № 1 по № ______________________________________.
                                    последующие номера точек

Угловые
точки

Координаты угловых точек

Северная широта

Восточная долгота

гр.

мин.

сек.

гр.

мин.

сек.








Площадь геологического отвода - __________________________ кв.км (м.)
                                        (цифра (прописью)
Глубина разведки (если определена Компетентным органом) __________ м.

Руководитель органа _______________________________________________
                             Ф.И.О. руководителя, подпись, печать

                                              г. Астана,
                                             месяц, год.

Приложение 2           
к Инструкции о порядке предоставления
геологических/горных отводов для  
для разведки и добычи полезных   
ископаемых и пользования     
недрами в иных целях      

форма           

Приложение 2                 
к Контракту № _________           
на право недропользования           
____________________________           
(вид полезного ископаемого)            
____________________________           
(вид недропользования)               
от ________________ 20 ___ год рег.№ _______

            ГУ «КОМИТЕТ ГЕОЛОГИИ И НЕДРОПОЛЬЗОВАНИЯ»
            МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
                      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

                          ГОРНЫЙ ОТВОД

Предоставлен ________________________ для осуществления операций по
                 (недропользователь)
недропользованию на ______________________________________________
                          (наименование участка недр (блоков)
на основании _____________________________________________________
                    (протокол прямых переговоров, решение
                 компетентного органа, дополнение к контракту)

горный отвод расположен в _______________________________________.
                                           (область, район)
Границы геологического отвода показаны на картограмме и обозначены
угловыми точками с № 1 по № ______________________________________.
                                    последующие номера точек

Угловые
точки

Координаты угловых точек

Северная широта

Восточная долгота

гр.

мин.

сек.

гр.

мин.

сек.








Площадь горного отвода - __________________________ кв.км (м.)
                           (цифра (прописью)
Глубина разработки ______________________________________________ м.
                            Горизонт отработки, глубина,
                            геолого-стратиграфическая граница

Руководитель органа _______________________________________________
                             Ф.И.О. руководителя, подпись, печать

                                              г. Астана,
                                             месяц, год.

Приложение 3           
к Инструкции о порядке предоставления
геологических/горных отводов для  
для разведки и добычи полезных   
ископаемых и пользования     
недрами в иных целях      

Содержание проекта горного отвода на добычу полезных ископаемых

      1. Проект горного отвода составляется специализированной проектной организацией, имеющей лицензию на проектирование, и утверждается недропользователем.
      2. Проект горного отвода состоит из текстовой части и графических материалов, и предоставляется в бумажном и электронном виде.
      3. Текстовая часть проекта горного отвода состоит из пояснительной записки и прилагаемых к тексту документов.
      4. В пояснительной записке указывается цель, для которой испрашивается горный отвод, и приводятся следующие данные:
      наименование организации, подготовившей проект горного отвода;
      общие сведения о территории испрашиваемого горного отвода (географическое и административное местоположение, размер площади, характер сельскохозяйственных и лесных угодий, застроенность, инфраструктура);
      краткая геологическая характеристика месторождения (размеры и элементы залегания пластов, рудных тел), геологическое строение, горнотехнические, гидрогеологические и инженерно-геологические условия, общие сведения о смежных горных отводах;
      разведанность месторождения, данные о количестве, качестве утвержденных запасов основных и совместно с ними залегающих полезных ископаемых отдельно по залежам, пластам, жилам, а при открытой разработке месторождения - также и вскрышных пород;
      расчеты (размер) площади и географические координаты угловых точек горного отвода;
      глубина разработки.
      5. К текстовой части проекта горного отвода прилагаются следующие документы:
      копия протокола Государственной комиссии по запасам (далее – ГКЗ) или межрегиональной комиссии по запасам полезных ископаемых (далее – МКЗ) об утверждении запасов полезных ископаемых с рекомендациями;
      оригинал экспертного заключения ГКЗ (или МКЗ) о состоянии запасов на время выдачи горного отвода;
      копия лицензии на проектирование;
      картограмма расположения горного отвода. Выполняется в масштабе, обеспечивающем наглядность.
      Текстовая часть проекта горного отвода представляется в твердом переплете, обеспечивающем длительное хранение.
      6. Графические материалы состоят из обзорной (ситуационной) схемы, топографической карты поверхности, геологических карт и разрезов.
      На топографической карте указываются площадь проекции горного отвода на горизонтальную плоскость, географические координаты угловых точек испрашиваемого горного отвода, глубина разработки (абсолютная отметка или геологическая граница), географические координаты центра месторождения.
      Масштаб топографического плана принимается в зависимости от размеров участка недр, намечаемого к использованию для добычи полезных ископаемых или иных целей, но позволяющий с достаточной точностью решать на них технические задачи и расчеты по определению границ горного отвода. Топографический план закрепляется подписью и печатью недропользователя.
      На геологических картах и разрезах указываются:
      геологическое строение месторождения и прилегающей территории, контуры залежей полезных ископаемых, их выходы на земную поверхность или под наносы, тектонические нарушения, места разрывов, выклинивании и других, непригодных для использования участков;
      гидрогеологические и инженерно-геологические условия месторождения и ближайшей к нему территории;
      контуры подсчета запасов полезных ископаемых, испрашиваемого горного отвода по площади и на глубину.
      7. В проекте горного отвода на добычу угля в геологических разрезах указываются все разведанные пласты с нанесением на них проектного контура горного отвода.
      На топографическом плане контуры горного отвода для добычи угля, состоящего из двух и более пластов, определяются по проекциям крайних угловых точек пластов с учетом углов сдвижения.
      8. В проекте горного отвода на добычу нефти и газа вместо геологической карты представляются структурные карты по каждому промышленному нефтяному или газовому горизонту, с указанием границ запасов в масштабе, позволяющем с достаточной точностью решать на них технические задачи и расчеты по определению границ горного отвода, план совместных контуров нефтегазоносности, а также увязанные со структурной картой геологические профили, на которых указываются глубины залегания продуктивных свит и горизонтов. На все структурные карты наносятся границы горного отвода и линии геологических профилей.
      9. Текстовая часть проекта горного отвода для добычи полезных ископаемых геолого-технологическими и другими нетрадиционными методами (подземное выщелачивание, подземная выплавка серы и т.д.) содержит краткую характеристику рудовмещающих пород, перекрывающих и подстилающих пластов, их фильтрационных свойств, изолированности от других водоносных горизонтов, а также характеристику применяемых реагентов для подземного выщелачивания и получаемых технологических растворов.
      10. Проект горного отвода для пользования недрами в целях, не связанных с разведкой и добычей полезных ископаемых, дополнительно к данным содержит:
      сведения о месторождениях полезных ископаемых, в местах залегания которых намечается строительство подземного сооружения, а также о горных работах и о смежных горных отводах, выданных для добычи полезных ископаемых и в целях, не связанных с добычей полезных ископаемых;
      в случае, если горный отвод испрашивается для использования отработанных горных выработок ликвидированной, законсервированной либо действующей организации по добыче полезных ископаемых, краткие сведения об этой организации, в том числе о схеме вскрытия и системе разработки месторождения, состоянии горных выработок и буровых скважин, подлежащих использованию;
      обоснование границ и расчет размеров горного отвода, которые производятся как по площади, так и по вертикальным отметкам с определением объема подземного пространства, включаемого в горный отвод.
      11. Для получения горного отвода для захоронения вредных веществ, радиоактивных отходов и сброса сточных вод в недра, в текстовой части проекта горного отвода необходимо указать наименование продукта, технологическое производство или процесс, в результате которого образуется продукт, его характеристика (полный химический состав, содержание токсичных компонентов, пожаро-взрывоопасность, растворимость, совместимость с другими веществами при хранении), характеристику системы транспортировки.
      12. Для получения горного отвода для подземного хранения нефти, газа и захоронения вредных веществ, радиоактивных отходов и сброса сточных вод в недра, к проекту горного отвода прилагаются структурные карты по кровле и подошве горизонта, намечаемого к использованию в указанных целях.
      На топографическом плане необходимо показать границы залегания месторождений полезных ископаемых.
      13. В проекты горных отводов на использование отработанных горных выработок ликвидированной, законсервированной или действующей организации по добыче полезных ископаемых включаются планы горных выработок этих организаций, на которых показываются выработки, намечаемые для использования.