"Пайдалы қазбаларды Барлауға және Өндіруге және жер қойнауын басқа мақсатта пайдалануға Гоелогиялық және/немесе Тау-кендік жер бөлігін беру тәртібі жөнінде" Нұсқауын бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2000 жылғы 16 ақпандағы N 74-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 17 наурызда өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1087. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 18.04.2013 № 126 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезiнде жер қойнауын қорғаудың бiрыңғай Ережелерiн" iске асыру мақсатында Бұйырамын:
      1. "Пайдалы қазбаларды Барлауға және Өндiруге және жер қойнауын басқа мақсатта пайдалануға Геологиялық және/немесе Тау-кендiк жер бөлiгiн беру тәртiбi жөнiнде" Нұсқауы бекiтiлсiн.
      2. "Пайдалы қазбаларды Барлауға және Өндiруге және жер қойнауын басқа мақсатта пайдалануға Геологиялық және/немесе Тау-кендiк жер бөлiгiн беру тәртiбi жөнiнде" Нұсқауы оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеген күннен бастап күшiне енедi.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

    "Келісілген"                   Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының        Табиғи ресурстар және қоршаған
Инвестициялар жөніндегі            ортаны қорғау министрінің
агенттігінің Төрағасы                міндетін атқарушының
     16.02.2000 ж.              16.02.2000 ж. N 74-П бұйрығымен
                                          Бекітілген 

Жер қойнауын барлауға және пайдалы қазбаларды
өндіруге және басқа мақсаттарға пайдалануға
Геологиялық және/немесе Тау-кендiк жер
бөлiктерiн беру тәртібі туралы Нұсқау

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Президентiнiң Заң ретiнде күшi бар 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөнiнде", 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 U952350_ "Мұнай жөнiнде" Жарлықтарына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 тамыздағы N 467-1 ҚРЗ "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мәселелерi және мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi кейбiр Заңды актiлерiне өзгертулер және толықтырулар енгiзу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi N 1019 P991019_ Қаулысымен бекiтiлген пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезiнде жер қойнауын қорғаудың бiрыңғай ережелерiнiң /ЖҚҚБЕ/ талаптарына сәйкес жасалған. Z100291 қараңыз
      Нұсқау барлау үшiн Геологиялық жер бөлiктерiн, пайдалы қазбаларды өндiруге және пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын салуға және пайдалануға, сонымен қоса мұнайды, газды және басқа заттарды және материалдарды жер астында сақтауға, жер қойнауына зиянды заттарды, радиобелсендi қалдықтарды көмуге және қалдық суларды ағызуға Тау-кендiк жер бөлiктерiн берудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Геологиялық жер бөлiгi - келiсiм-шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлауды жүргiзуге құқықты жер қойнауы телiмiн сызбаша және жазбаша сипаттайтын барлау, бiрiктiрiлген барлау және өндiру Келiсiм-шартына қосымшасы.
      3. Тау-кендiк жер бөлiгi - Келiсiм-шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын, сервитут рәсiмделген жағдайда жеке құжат болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушыға өндiрудi, барлаумен және/немесе өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын салуға немесе сервитутты iске асыруға бөлiнген жер қойнауы телiмдерiн сызбаша және жазбаша сипаттайтын өндiру, барлау және/немесе өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын салуға және/немесе пайдалануға жасалған Келiсiм-шарттарының қосымшасы.
      4. Пайдаланылатын Геологиялық және/немесе Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шегiнен тыс орналасқан жер қойнауы телiмдерiн оларға қосу, жаңа Геологиялық және/немесе Тау-кендiк жер бөлiгiн алуға белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      5. Пайдалы қазбаларды өндiрудi жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы игерiлген тау-кен қазылымдарын немесе жер қойнауы бөлiгiн жер асты ғимараттарын салуға, немесе тау-кен қазылымдарында пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес объектiлердi орналастыруға пайдалануға шешiм қабылдаса, онда пайдалы қазбаларды өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгi бар екенiнен тәуелсiз, ол бұл жұмыстарды бастаудан бұрын осы Нұсқауға сәйкес пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсатқа Тау-кендiк жер бөлiгiн алуға мiндеттi.
      6. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда немесе бұрын тау-кенқазылымдарымен игерiлген тау-жыныстары қабаттарында жер асты ғимараттарын салуға Тау-кендiк жер бөлiгiн алудан бұрын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын қорғаудың және пайдаланудың аймақтық мемлекеттiк басқармасынан құрылыс алаңының жағдайы жөнiнде тұжырым алуы мiндеттi.

 2. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУҒА ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕР БӨЛIКТЕРIНIҢ
ЖОБАЛАРЫНА НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

     7. Геологиялық жер бөлiгiн алу өтiнiшiнде келесi мәлiметтер болуы мiндеттi:
      - сұралынған аумақтың болашағы жөнiнде қысқаша геологиялық сипаттама;
      - бұрыштық нүктелердiң географиялық координаттары және Геологиялық жер бөлiгiнiң жалпы ауданы;
      - Геологиялық жер бөлiгiнiң көрнектiлiгiн қамтамасыз ететiн масштабтағы картограмма.

 3. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУГЕ ТАУ-КЕНДIК ЖЕР БӨЛIКТЕРIНIҢ
ЖОБАСЫНА НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

      8. Жер қойнауын пайдаланушыға өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгi пайдалы қазба кен орнының толық аумағына немесе оның бөлiгiне берiледi.
      Аумағы үлкен немесе бiрнеше жеке пайдалы қазбалар жатқанынан құралған кен орнын игергенде Тау-кендiк жер бөлiктерi бiрнеше жер қойнауын пайдаланушыларға берiлуi мүмкiн.
      9. Берiк пайдалы қазбаларды өндiруге берiлген Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шектерi, тау жыныстарының ығысу зонасын, кенiш кемерi аумағын және жер асты тау-кен қазылымдарының таралу шектерiн ескере отырып, бекiтiлген қорлар шегiмен анықталады.
      10. Техногендiк минералдық түзлiмдердi /қождар, кондициядан тыс рудалар үйiндiлерi, байыту қалдықтары т.б./ өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шектерi маркшейдерлiк жоба негiзiнде анықталады.
      Байыту фабрикаларының тұнбаларында жинақталған техногендiк минералдық түзiлiмдердiң Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шектерiн анықтағанда, Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шегi жер-асты суларының ластануына бақылау үшiн пайдаланылатын гидрогеологиялық ұңғыларды қоса анықталуға мiндеттi.
      11. Мұнай және газ кен орындарының Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шектерi мемлекеттiк баланста тұрған қорлардың шегiмен анықталады.
      Егер өндiру шек сыртына су толтыруды қолдану арқылы жүргiзiлсе, Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шегi шек сыртындағы су толтыру ұңғыларының шегiмен белгіленедi.
      Бiр өнеркәсiптiк алаңда мұнай және газ деңгейлерiн екi немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушылармен игеру жүргiзген жағдайда, осы Нұсқаумен белгiленген тәртiппен екi немесе одан да көп Тау-кендiк жер бөлiктерi рәсiмделуi мiндеттi.
      12. Жер астында газдандыру тәсiлiмен игерiлiп жатқан көмiр кен орындарында көмiрдi өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгiн беру, сонымен қоса ашық немесе жер асты тәсiлдерiмен игерiлiп жатқан кен орындарында жер астында газдандыруға Тау-кендiк жер бөлiктерiн беру, тек қана арнайы жобалық жұмыстар жасалған және жер астында газдандыру станциялары ауданында тау-кендiк жұмыстардың қауiпсiздiгi және газдандырудың көршi пайдалы қазбалар кен орындарына зиянды әсерiнiң жоқтығына сараптамалық тұжырым болғанда ғана берiледi.
      13. Минералдық-шипалық сулар, шипалық лайлар және шаруашылықтың ауыз-сулық сумен қамтамасыз етуге және суландыруға пайдаланылатын кен орындарындағы су алғыш құрылымдардың Тау-кендiк жер бөлiктерiнiң шектерi Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiмен келiсiмделген су көздерiн игеру жобасында белгiленген санитарлық қорғандық зона шегiне сәйкес болуы мiндеттi.
      14. Тау-кендiк жер бөлiгi шегiне кiрген, жер қойнауын пайдаланушының әрекетi әсерiнде дара игеруге жарамсыз жағдайға келген баланстық қорлар /желiлер, жатқындар/, жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалану төлемдерiмен қоса өтелуге мiндеттi.
      15. Пайдалы қазбалар кен орнын немесе оның бөлiгiн өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгi, негiзгi және онымен бiрге орналасқан пайдалы қазбалардың және олардағы компоненттердiң қорлары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөнiнде", "Мұнай туралы" Жарлықтарға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес бекiтiлген жағдайда берiледi.

 4. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ
ЕМЕС МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУҒА ТАУ-КЕНДIК ЖЕР БӨЛIГI
ЖОБАЛАРЫНА НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

      16. Тау-кендiк жер бөлiгi тек қана геологиялық құрылымы, тау-кендiк техникалық және гидрогеологиялық жағдайлары қажет дәлдiкпен зерттелген, жақын орналасқан пайдалы қазбалар кен орындарын игерудi күрделендiрмейтiн, жер қойнауына көмiлген зиянды заттар мен өндiрiс қалдықтарының таралуына жол бермейтiн жер қойнауы бөлiктерiне берiледi.
      17. Тау-кендiк жер бөлiктерiнiң шектерi жобаланған жер асты ғимараттарының тау жыныстарының ығысу және опырылу зоналарын, сонымен қоса бұл ғимараттарды қалыпты пайдалануды қамтамасыз ететiн қорғандық және барьерлiк кен дiңгектердi, санитарлық зоналарды және объектiнi пайдалану кезiндегi мүмкiн экологиялық әсердi ескерген, техникалық шекпен анықталады.
      Зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмгенде және қалдық суларды ағызғанда, Тау-кендiк жер бөлiктерiнiң шектерi оларды белгiленген шекте оқшаулау қамтамасыз етiлетiн жер қойнауы бөлiгiмен анықталады.
      18. Пайдалы қазбаларды өндiруге жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың пайдаланылған тау-кен қазылымдарын пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес ғимараттар салуға және пайдалануға Тау-кендiк жер бөлiгiн беру тек қана пайдаланылатын ғимараттар мен игерiлген кен орындарының өзара зиянды әсерi болмаса ғана берiледi.

 5. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУГЕ ТАУ-КЕНДIК ЖЕР БӨЛIГIНIҢ
ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

      19. Тау-кендiк жер бөлiгiнiң жобасы түсiнiктеме жазбасынан және сызбалық құжаттардан құралуы мiндеттi.
      Түсiнiктеме жазбасында Тау-кендiк жер бөлiгiнiң қандай мақсатқа сұранылатыны, сонымен қоса келесi мәселелер көрсетiледi:
      - Тау-кендiк жер бөлiгi жобасын жасаған ұйымның атауы;
      - сұралынған Тау-кендiк жер бөлiгiнiң аумағының жалпы мәлiметтерi /географиялық және әкiмшiлдiк орналасуы, алаң көлемi, ауыл шаруашылықтық және орман жерлерiнiң сипаттамасы, құрылыстар, пайдалану т.б./;
      - кен орнының қысқаша геологиялық сипаттамасы /қабаттардың, руданың көлемi және құлау элементтерi т.б./, геологиялық құрылымы, тау-кендiк техникалық және гидрогеологиялық жағдайлары, iргелес тау-кендiк жер бөлiктерi жөнiнде жалпылама мәлiметтер;
      - кен орнының барлану дәрежесi, негiзгi және онымен бiрге орналасқан пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының мөлшерi, сапасы жөнiнде /әрбiр жатқынға, қабатқа, желiге жеке-жеке/, кен орны ашық игерiлген кезде аршу жыныстары жөнiнде мәлiметтер;
      - Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шектерiн есептеу және бұрыштық нүктелердiң географиялық координаттары;
      - игеру тереңдiгi;
      - Тау-кендiк жер бөлiгiнiң орналасуының көрнектiлiктi қамтамасыз ететiн масштабтағы картограммасы.
      Түсiнiктеме жазбасы оны ұзақ мерзiмге сақтауды қамтамасыз ететiн түптемемен тапсырылады.
      Сызбалық материалдар ситуациялық /шолыма/ картадан, жер бетiнiң топографиялық пiшiнiнен, геологиялық карталардан және қималардан құралуы мiндеттi.
      Жер бетiнiң топографиялық пiшiнiнде келесi мәлiметтер көрсетiлуi мiндеттi:
      - жер бетiнiң рельефi және тұрақты геодезиялық жүйенiң пункттерi, орман және ауыл шаруашылық жерлерiнiң шектерi, кен орны аумағында және оған жақын орналасқан құрылыстар, ғимараттар, бұрыштық нүктелерi көрсетiлген сұранылған Тау-кендiк жер бөлiктерiнiң шектерi, су объектiлерi, жер бетi және жер асты коммуникациялары, тау-кен қазылымдарының және барлау ұңғыларының ернеулерi, пайдалы қазбалар жатқындарының жер бетiне немесе көмбелер астына шығуы, бекiтiлген қорлардың шегi.
      Топографиялық пiшiннiң бос бөлiгiнде тау-кендiк жер бөлiгiнiң ауданының /км2/ жазық беткейге кескiндемесi, бұрыштық нүктелердiң географиялық координаттарының мағынасы, игеру тереңдiгi /абсолюттiк белгi немесе геологиялық немесе стратиграфиялық шегi/, кен орнының географиялық координаттары, пiшiндi толтыру күнi көрсетiледi.
      Топографиялық пiшiннiң масштабы пайдалы қазбаларды өндiруге немесе басқа мақсаттарға пайдалануға белгiленген жер қойнауы көлемiне байланысты, онда техникалық мәселелердi және Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шектерiн анықтау есептерiн айтарлықтай дәлдiкпен шешуге мүмкiндiк беретiндей масштабта қабылданады.
      Тау-кендiк жер бөлiгiн алуға тапсырылған топографиялық пiшiннiң бiр данасы бұрыштаманың, мөрдiң тұрақтылығын және ұзақ мерзiмдi сақтауды қамтамасыз ететiн полотнолық калькiде, лавсанда немесе басқа материалдарда жасалуы мiндеттi.
      Геологиялық карталарда және қималарда: кен орнының және оған жақын аумақтың геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалардың жатқындарының шегi, олардың жер бетiне немесе көмбелер астына шығуы, тектоникалық бұзылымдар, пайдалануға жарамсыз үзiлу, сүйiрлену орындары және басқа да телiмдерi; кен орнының және оған жақын аумақтың гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық жағдайлары; сұранылған Тау-кендiк жер бөлiгiнде пайдалы қазбалар қорларын және тереңдiкке есептеу шектерi көрсетiлуi мiндеттi.
      20. Көмiрдi өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгiнiң жобасындағы геологиялық қималарда Тау-кендiк жер бөлiгiнiң жобаланған шегi бейнеленген барлық барланған қабаттар көрсетiлуi мiндеттi.
      Екi және одан да көп қабаттардан құралатын көмiрдi өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгiнiң шегi, ығысу бұрышын ескере отырып, ең шеткi бұрыштық нүктелердiң топографиялық пiшiндегi кескiндемелерi арқылы анықталады.
      21. Мұнайды және газды өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгi жобасында геологиялық карта орнына, қажет дәлдiкпен техникалық мiндеттердi және Тау-кендiк жер бөлiгi шектерiн анықтау есептерiн жүргiзуге мүмкiн масштабта қорлар шегi көрсетiлген әрбiр өнеркәсiптiк мұнай немесе газ деңгейлерiнiң құрылымдық картасы берiлуi, сонымен қоса өнiмдi свиталар мен деңгейлердiң орналасу тереңдiгi көрсетiлген, құрылымдық картамен сәйкестелген геологиялық қималар берiлуi мiндеттi.
      22. Пайдалы қазбаларды геологиялық-технологиялық және басқа қалыптаспаған тәсiлдермен /жер астында ерiту, күкiрттi жер астында ерiту т.б./ өндiргенде осы нұсқаудың 19-тармағындағы талаптарға қосымша, Тау-кендiк жер телiмiнiң жобасында, орналасқан жыныстардың, үстiңгi және табандағы қабаттардың су өткiзгiштiк қасиеттерi, басқа сулы қабаттардан оқшаулануы жөнiнде қысқаша сипаттамалары, сонымен қоса жер астында ерiтуге қолданылатын реагенттердiң және алынатын технологиялық ерiтiндiлердiң сипаттамалары берiлуi мiндеттi.
      23. Минералдық шипалық суларды /лайларды/ өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгiн алу үшiн осы Нұсқаудың 19-тармағында көрсетiлген талаптарға қосымша келесi мәлiметтер берiледi:
      кен орындарын техникалық және экономикалық ұтымды игерудi, оларды сарқылудан, ластанудан сақтауға, құрамының және минералдық сулардың шипалық қасиеттерiнiң нашарламауына кепiлдiк беретiн мақсатында жасалған, гидрогеологиялық негiзделген өндiрудiң технологиялық пiшiнi. Минералды сулар кен орындарын игерудiң технологиялық пiшiнi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, мәдениет және спорт Министрлiгiнiң жергiлiктi органдарымен келiсiмдеу арқылы жер қойнауын пайдаланудың және қорғаудың аумақтық мемлекеттiк органдарымен бекiтiледi.
      24. Пайдалы қазбаларды өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгi жобасына келесi мәлiметтер қоса берiлуi мiндеттi:
      - пайдалы қазбалар қорларын бекiту жөнiндегi және ұсыныстар жасалған қорлар жөнiндегi Мемлекеттiк комиссияның /қорлар жөнiндегi Аумақтық комиссияның/ хаттамасының көшiрмесi;
      - Тау-кендiк жер бөлiгi шегiндегi қорлар жөнiнде Қорлар жөнiндегi Мемлекеттiк комиссияның сараптамалық тұжырымы және жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк органның Тау-кендiк жер бөлiгi шегiндегi қорлардың саны және сапасы, сонымен қоса жобамен ескерiлген пайдалы қазбалар кен орнын толық және жан-жақты пайдалану жөнiнде тұжырымы;
      - өндiрудiң жер бетi суларына, iшкi су қоймаларының акваториiне, теңiз жағалауы зоналарына әсерi болған жағдайда, - жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi Мемлекеттiк орган берген суды арнайы пайдалануға рұқсаты;
      - Тау-кендiк жер бөлiгiнiң жобасы арнайы мамандандырылған жобалау ұйымымен жасалып, оның басшысымен бекiтiледi, немесе жобалау жұмыстарына лицензиясы бар ұйыммен /лицензияның рет санын көрсету арқылы/ жасалып, жер қойнауын пайдаланушымен бекiтiледi.

 6. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ
ЕМЕС МАҚСАТҚА ПАЙДАЛАНУҒА ТАУ-КЕНДIК ЖЕР БӨЛIГI
ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

      25. Жер қойнауын пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсатқа пайдалануға Тау-кендiк жер бөлiгi жобасында осы Нұсқаудың 19-тармағында көрсетiлген талаптарға қосымша келесi мәлiметтер болуы мiндеттi:
      - сұралынған Тау-кендiк жер бөлiгi үстiндегi аумақ жөнiнде жалпы мәлiметтер;
      - жер асты ғимараттарын салу жобаланған жердегi пайдалы қазбалар кен орындары, сонымен қоса тау-кендiк жұмыстар және пайдалы қазбаларды өндiруге және пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсаттарға берiлген Тау-кендiк жер бөлiктерi жөнiндегi мәлiметтер. Егер Тау-кендiк жер бөлiгi - жойылған, консервацияланған, немесе пайдалы қазбаларды өндiрiп жатқан ұйымдардың пайдаланылған тау-кен қазылымдарын пайдалану үшiн сұралынған болса, қосымша бұл ұйым жайында қысқаша мәлiметтер, сонымен қоса кен орнын аршу пiшiнi және игеру жүйесi, пайдалануға жататын тау-кен қазылымдары және бұрғылау ұңғылары жөнiнде қысқаша мәлiметтер берiледi;
      - Тау-кендiк жер бөлiгiнiң аумақтық және тiк деңгейлiк шегiн Тау-кендiк жер бөлiгiне кiретiн жер асты кеңiстiгiн анықтау арқылы негiздеу және аумағын есептеу.
      26. Зиянды заттарды, радиобелсендi қалдықтарды және қалдық суларды жер қойнауына көмуге Тау-кендiк жер бөлiгiн алу үшiн қосымша келесi мәлiметтер болуы қажет:
      - өнiмнiң атауы, өнiм туындайтын технологиялық өндiрiс немесе процесстер, оның сипаттамасы /толық химиялық құрамы, улы компоненттердiң мөлшерi, өрт-қопарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтағанда басқа заттармен сиысуы/, тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасы.
      27. Мұнайды, газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтауға, зиянды заттарды, радиобелсендi қалдықтарды, қалдық суларды және өндiрiс қалдықтарын жер астына көмуге Таукендiк жер бөлiгi жобасында осы Нұсқаудың 19-тармағында келтiрiлгендерге қосымша, аталған мақсаттарда пайдалануға жобаланған деңгейдiң төбесi мен табанының құрылымдық карталары болуы мiндеттi. Топографиялық пiшiннiң көшiрмесiнде пайдалы қазбалар кен орындарының шегi көрсетiлуi мiндеттi.
      28. Пайдаланылған, жойылған, консервацияланған немесе пайдалы қазбаларды өндiрiп жатқан кәсiпорындардың тау-кен қазылымдарын пайдалануға Тау-кендiк жер бөлiктерiнiң жобасына қосымша бұл кәсiпорындардың тау-кендiк қазылымдарының пiшiнi берiледi де, онда пайдалануға жобаланған қазылымдар көрсетiледi.
      29. Жер қойнауын пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсаттарға пайдалануға Тау-кендiк жер бөлiгi жобасына, осы Нұсқаудың 19-тармағының талаптарына қосымша келесi құжаттар берiледi:
      - жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк органның сұранылған Тау-кендiк жер бөлiгi шегiнде жер қойнауын пайдаланудың тау-кендiк-геологиялық жағдайлары жөнiнде тұжырымы;
      - жобалау ұйымдарының пайдаланылған тау-кен қазылымдарының пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсаттарға пайдалануға жарамдылығы туралы, зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын және қалдық суларды залалсыздандыруға техникалық мүмкiндiк жоқтығы, сонымен қоса зиянды заттардың, өндiрiс қалдықтарының немесе қалдық сулардың қоршаған тау жыныстарымен және ағызу немесе көму жобаланған деңгейлердiң қабаттық суларымен үйлестiлiгi жөнiнде тұжырымы;
      - Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк органының тұжырымы;
      - Пайдалы қазбаларды өндiруге Тау-кендiк жер бөлiгi иелiгiндегi немесе консервацияланған қазылымдар иелiгiндегi ұйымның пайдаланылған тау-кен қазылымдарын басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсатта пайдалануға беруге келiсiмi.

  7. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТАУ-КЕНДIК ЖЕР БӨЛIКТЕРIН БЕРУ ТӘРТIБI 

      30. Геологиялық және/немесе Тау-кендiк жер бөлiгiн алуға мүдделi жер қойнауын пайдаланушы сұранымын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органға тапсырады.
      31. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган Тау-кендiк жер бөлiгiн беру мәселесiн қарағанда:
      - өтiнiштi және оған қосымша құжаттарды қарастыруға, Тау-кендiк жер бөлiгi жобасын сараптаудан өткiзуге /қажет болған жағдайларда-тәуелсiз сараптамадан/ және қырық бес күн мерзiмiнде өз шешiмiн беруге мiндеттi. Тәуелсiз сараптама жүргiзген жағдайда шығынды жер қойнауын пайдаланушы өткередi.
      32. Тау-кендiк жер бөлiктерi жобалары осы Нұсқаудың талаптарына сай болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган, жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша мәлiмдегеннен кейiн, Тау-кендiк жер бөлiгi жобасын толықтыруға қайтаруға құқықты.

8. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН ОСЫ НҰСҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ
ОРЫНДАУЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАМАҒАНЫ
YШIН ЖАУАПКЕРШІЛIК

      33. Осы Нұсқаумен белгiленген Тау-кендiк жер бөлiктерiн рәсiмдеу тәртiбiн сақтауға жауапкершiлiк жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледi.
      34. Геологиялық және/немесе Тау-кендiк жер бөлiгi шегiнде жерқойнауын пайдалану жұмыстарын жүргiзгенде жер қойнауы жөнiндегi заңдардың талаптарының орындауына бақылауды жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк органдар атқарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады