Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 28.07.2021 № 268/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабы 3-тармағына сәйкес және геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандарының лауазымдарына бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаменті (Г.А. Бимендина):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін (Б.Ә. Смағұлов).
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
бірінші орынбасары - | |
Қазақстан Республикасы | |
Өңірлік даму министрі | Б. Сағынтаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің м.а.
_______________Т. Дүйсенова
2013 жылғы 17 маусым
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 03 маусымдағы № 01-04-03/90 НҚ бұйрығымен бекітілген |
Геодезия және картография саласындағы
ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамалары
1-бөлім. Басшылардың лауазымдары
1. Геодезия және картография басқармасының бастығы
1. Лауазымдық міндеттері: нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес басқарманың өндірістік қызметіне, өндірістің тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларына жаңа техникалар мен технологиялар енгізу жоспарының жобаларын дайындауға, карталар мен жоспарларды жаңарту кезінде жұмыс жобаларын әзірлеуге, бөлімше қызметкерлеріне жетекшілік етеді. Ұйымның (кәсіпорынның) өндірістік бөлімшелерінің перспективалық, жылдық, тоқсандық және айлық жоспарларының жобаларын дайындауға басшылық жасайды.
Бағынысты бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін, еңбек және өндірістік тәртіп жағдайын бақылайды.
Басқарманың жұмысын, далалық және камералдық өндірісінің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Олардың қызметін озық техника мен технологияны, еңбекті, өндірістік және басшылықты ғылыми ұйымдастыруды кеңінен енгізу негізінде еңбек өндірісі мен өнім сапасын (жұмысты) барынша арттыруға бағыттайды.
Бөлімшенің белгіленген жұмыс жоспарларының орындауын, мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жоспарлау тапсырмасын орындауды қамтамасыз етеді. Өзіне берілген құқықтардың шегінде барлық мәселелерді шешеді және ұйымның кейбір құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына өндірістік-шаруашылық функцияларын орындауды тапсырады.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; осы салада қолданылатын стандарттар мен технологиялық талаптарын; өнімнің сапасын ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйесін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық) білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
2. Жобалау және жоспарлау бөлімінің бастығы
1. Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бөлімнің өндірістік-шаруашылық қызметіне, құзыреті шегінде бөлім қызметкерлеріне, мамандарды іріктеу және орналастыруды басқаруды жүзеге асырады. Жұмыс өндірісінде жаңа құралдар мен әдістерін экономикалық тиімді енгізудің есебін жүргізеді.
Бөлім қызметкерлерімен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, өндірістік және еңбек тәртібі қағидалары мен нормаларын сақтауын бақылайды. Бөлімде ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау туралы, қажет болған жағдайда материалдық ықпал жасау мен тәртіптік жаза қолдану ұсыныстарын ұсынады.
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісінде техникалық жобалар мен есептік сметасын құрастыру, бөлім қызметін жоспарлау, есепке алу, жасау және ұсынуды ұйымдастырады.
Мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жоспарлау тапсырмасын орындауды, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануды, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; техника-экономикалық және өндірістік жоспарлау тәртібі мен әдістерін; шаруашылық есептер әдістерін, еңбек ақы төлеу бойынша қолданыстағы ережелерді және материалдық ынталандыру нысандары; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық) білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.
3. Бөлім бастығы (топографиялық-геодезиялық, камеральдық,
топографиялық және картографиялық жұмыстар)
1. Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бөлімнің өндірістік-шаруашылық қызметіне, құзыреті шегінде бөлім қызметкерлеріне, мамандарды іріктеу және орналастыруды басқаруды жүзеге асырады. Ұйымның өндірістік бөлімшелерінің перспективалық, жылдық, тоқсандық және айлық жоспарларының жобаларын дайындауға басшылық жасайды. Өндірістік бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді. Олардың қызметін озық техника мен технологияны, еңбекті, өндірістік және басшылықты ғылыми ұйымдастыруды кеңінен енгізу негізінде еңбек өндірісі мен өнім сапасын (жұмысты) барынша арттыруға бағыттайды.
Бағынысты бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін, еңбек және өндірістік тәртіп жағдайын бақылайды.
Өндірістің тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларына жаңа техникалар мен технологиялар енгізу жоспарының жобаларын дайындауға, карталар мен жоспарларды жаңарту кезінде жұмыс жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; осы саладағы қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарын; топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын; карталарды түзету әдістерін, стандартты түзету белгілерін, терминдерді мемлекеттік стандартын, өлшеу бірліктері мен белгілерін, қолданыстағы қысқарту шарттарын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық) білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.
4. Бөлім бастығы (инновациялық технологиялар, цифрлы
аэротүсірілім, жерді қашықтықтан зондтау және фотограмметрия)
1. Лауазымдық міндеттері: бөлімнің камералдық өндіріс қызметіне, құзыреті шегінде бөлім қызметкерлеріне, мамандарды іріктеу және орналастыруды басқаруды жүзеге асырады. Өлшеудің жаңа құралдары мен тәсілдерін енгізудің экономикалық тиімділігін есептейді. Аэротүсірілім жасау сұрағы бойынша (рұқсат беру) құзыретті органдармен келісім жүргізеді. Аэротүсірілім және фотограмметриялық жұмыстар жүргізу үшін жергілікті жерлерге шығу кестесін жасайды.
Бөлім қызметкерлерінің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын сақтауын бақылайды.
Бөлімшенің қызметін жоспарлау, есепке алу, есеп беруді жасау және ұсынуды ұйымдастырады. Басқа бөлімшелермен бірлесіп жаңа техника мен технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруға қатысады.
Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, жоғары сапалы топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерінің бір қалыпты шығарылуын, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; жабдықтар мен оны қолдану қағидасын; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.
5. Карталарды редакциялау бөлімінің бастығы
1. Лауазымдық міндеттері: бөлім қызметіне, нормативтік құжаттар талаптары мен техникалық шарттарға сәйкес жұмыстардың орындалуын, картография өнімдерін редакциялауды, картографиялық өнімнің мазмұнын түзету және рәсімдеу кезінде жұмыстарға әдістемелік басшылықты қолдануды басқаруды жүзеге асырады. Жоғары техникалық деңгейі мен өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізеді. Объектілер бойынша карталар мен жоспарлар жасауға редакциялық нұсқама жасайды. Жұмыс барысында, жасалынатын карталар мен жоспарлардың мазмұны бойынша қателіктер мен кемшіліктерді уақытылы анықтап, оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
Картографиялық және топографиялық жұмыстар өндірісінде техникалық жобаларын әзірлеуге қатысады.
Карталар мен жоспарларды жаңарту кезінде жұмыс жобаларын әзірлеуге, камералды өңдеу кезінде далалық дешифрлеу мәліметтерін түпнұсқаға пайдаланылу тасымалының толықтығы мен дұрыстығын түзетуге, өлшеу құралдары мен құрылғылардың мүліктік түзеу жағдайын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын; карталарды түзету әдістемесін, карталардың технологиясын, дәлдігін және мазмұнын анықтайтын қолданыстағы нұсқаулықтарды; шартты белгілер мен олардың үйлесімділігін қолдану ерекшеліктерін; географиялық тағайындаудың транскрибтік қағидасын; техникалық есептер мен өлшеуді орындау әдістемесін; техникалық құжаттарды ресімдеу қағидасы мен құрастыру тәртібін; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) картографиялық білім және картограф лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.
6. Техникалық бақылау бөлімінің бастығы
1. Лауазымдық міндеттері: ұйым шығаратын өнімнің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады. Өнім (жұмыс) сапасын, бақылау-өлшеу құралдарының жағдайын және оны мемлекеттік тексеруге дер кезінде ұсынуды куәландыратын құжаттарды рәсімдеуді бақылайды. Наразылықты талдау, ақау себептерін зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды.
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдердің, өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ғылым мен техниканың даму деңгейіне, сараптамалық талаптарға жауап беретін жұмыстардың сапасын арттыруды жоспарлауға қатысады.
Келіп түсетін материалдар мен материалдық ресурстарды, жинақтаушы бұйымдарды тексеруді, олардың сапасының стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды дайындауды, өндіріс процесінің барлық сатысында операциялық бақылауды, дайын өнімнің сапасы мен жинақтылығын бақылауды, сондай-ақ шығарылатын материалдардың ұйым бөлімшелерінде сақталу талаптарының дұрыстығын тексеруді қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; осы саладағы қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарын; өнімнің сапасын ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйесін; техникалық бақылау жүйелері мен әдістерін; өнімнің сапасын аттестаттау тәртібі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
7. Цех бастығы (картографиялық, материалдарды
дайындау және сақтау)
1. Лауазымдық міндеттері: цехтің өндірістік-шаруашылық қызметіне, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерін геодезиялық мәліметтер және картографиялық материалдармен қамтамасыз ету жұмысын, ақпараттық жұмыстардың жеделділігін арттыруын басқаруды жүзеге асырады. Өндіріс жұмысында жаңа құралдары мен әдістерін экономикалық тиімді енгізудің есептерін жүргізеді.
Цех қызметі туралы есепті жоспарлау, есептеу, жасау және ұсынуды, еңбекті нормалауды жақсарту жұмысын, жалақы мен материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін дұрыс қолдану, құрастыру және балама өнім өндірудің құрылымы мен технологиясының озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу және енгізу жұмыстарын ұйымдастырады.
Жоспарлы тапсырмаларды орындауды, жоғары сапалы картографиялық өнімдерді бір қалыпты шығарылуын, картографиялық-геодезиялық қор материалдары мен мәліметтерінің сақталуын, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуының орындалуын қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; ұйымның келешекте техникалық өркендеуін; цех жабдықтарын және оны пайдалану қағидаларын; техника-экономикалық және өндірістік жоспарлау тәртібі мен әдістерін; топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
8. Топ бастығы (тақырыптық картография,
фотограмметриялық жұмыстар)
1. Лауазымдық міндеттері: топтың өндірістік-шаруашылық қызметіне және топ қызметкерлеріне, мамандарды іріктеу және орналастыруда, олармен қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын басқаруды жүзеге асырады.
Топ қызметі туралы есепті жоспарлау, есептеу, жасау және ұсынуды, жалақы мен материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін дұрыс қолдану, балама өнімнің алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және енгізуді ұйымдастырады.
Жоспарлы тапсырмаларды, қазіргі заманғы талаптарды қанағаттандыратын жоғары сапалы фотограмметриялық, топографиялық-геодезиялық, картографиялық өнімдер шығаруды, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (аэрофотогеодезиялық) білім және аэрофотогеодезист лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) мамандығы бойынша білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
9. Топографиялық-геодезиялық партияның бастығы
1. Лауазымдық міндеттері: топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындайтын партияның өндірістік қызметіне, жұмыстың сапасын тұрақты бақылауды және әрбір орындаушымен қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын басқаруды жүзеге асырады. Орындаушыларға техникалық ұйғарымдар, өндірістік тапсырмалар мен топографиялық-геодезиялық материалдар тапсыру кестелерін береді.
Еңбек өнімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Орындаушыларға өндірістік-техникалық нұсқаулық жүргізеді. Орындалған топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындаушылардан қабылдауды және тапсыруды жүргізеді. Техникалық-қаржы есебін жүргізеді. Партия қызметінің нәтижесін талдайды.
Партияның өндірістік тапсырмаларды сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес орындауын, бригадаларды құралдармен, аспаптармен, жабдықтармен, керек-жарақтармен және азықтармен (қамтамасыз ету базасынан) қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; ұйымның өндірістік қуаттылығын; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнім өндірісінің технологиясын; құралдар мен аспаптар құрылғысын, оны түгендеу қағидасын және техникалық құжаттардың рәсімдеу тәртібін; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және ұйымның тиісті бағытындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
10. Картографиялық өнімдерді жасау тобының меңгерушісі
1. Лауазымдық міндеттері: карталар, жоспарлар және басқа да топографиялық-геодезиялық және картографиялық, графикалық материалдарды жасау жұмыстарын орындайды. Бригада мүшелерімен топографиялық (геодезиялық) материалдарды есептеу және сақтау қағидаларын, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын бақылайды. Бригаданың жұмыс уақытының есебін жүргізеді. Картографиялық жұмыстарды жүргізудің отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді.
Шартты белгілер мен таңбалар әзірлеуге, шрифттарды таңдауға, картографиялық жұмыстарды жүргізуге тиісті есептер және жобаларды жасауға, әртүрлі мазмұндағы карталарды шығару (көбейтуге) дайындығына қатысады.
Графикалық материалдарды құрастыру үшін топографиялық-аэрофотогеодезиялық мәліметтерді таңдауды, карталарды (жоспарларды) шығаруға дайындау кезінде сызба-рәсімдеу жұмыстарын, технологиялық жабдықтарды дәлдіктің белгіленген нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Берілген проекциялар мен координаттар жүйесінде топографиялық (географиялық) негіздердің түпнұсқаларын жасайды.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Геодезия және картография туралы" Заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; картографиялық өнім өндірісі бойынша әдістемелік құжаттарды; өнімге қойылатын техникалық талаптарын, оны өндіру технологиясын, техникалық мінездемесін, конструктивті ерекшеліктерін, картографиялық тәсіл жұмысындағы мағынасы мен ұстанымдарын; топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын, карталарды түзету әдістерін, терминдердің мемлекеттік стандартын, өлшеу бірліктері мен белгілерін, қолданыстағы қысқарту шарттарын; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) картографиялық білім және картограф лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
2-бөлім. Мамандардың лауазымдары
11. Аэрофотогеодезист
1. Лауазымдық міндеттері: топографиялық және арнайы карталарды (жоспарларды) құру бойынша фотограмметриялық және геодезиялық жұмыстар кешенін орындайды. Түсірілімдердің аэроғарыштық және жер бетіндегі әдістерін қолданады, қозғалатын және басқа да объектілердің координаталарын анықтайды. Аспаптарды тексерудің күнтізбелік кестелерін әзірлейді. Мазмұны тиісті техникалық нұсқаулықтарды, сонымен қатар бірыңғай өнімділік (уақыт) нормаларында анықталған фотограмметриялық, стереотопографиялық және басқа да аэрофотогеодезиялық жұмыстарды орындайды.
Жаңа техниканы енгізудің перспективалық және жылдық жоспарын орындауға, аэрофотогеодезиялық және фотограмметриялық жұмыстарды жүргізу үшін салалық жоспарларына, топографиялық-геодезиялық өнімдерді жетілдіру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарларына ұсыныстар беруге, жобалау үшін техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысады.
Технологиялық жабдықтарды белгіленген нақтылық нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық және геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды далалық және камералдық орындау жөніндегі әдістемелік материалдарды; стандарттар және өлшеу құралдарын пайдалану, тексеру, юстировкасы және сақталуы бойынша басқа нормативтік құжаттарды; өндірілетін өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын; өлшеу құралдарының техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, оларды жөндеу технологиясын; еңбекті қорғау, оның ішінде стереофотограмметриялық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (аэрофотогеодезиялық) білім және аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (аэрофотогеодезиялық) білімі болуы керек, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы аэрофотогеодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (аэрофотогеодезиялық) білім және аэрофотогеодезист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
12. Геодезист
1. Лауазымдық міндеттері: жоғары дәлдікті негізгі астрономиялық-геодезиялық жұмыстарды, гравиметриялық және спутниктік бақылауды, мемлекеттік геодезиялық желіні құру, жалпы жердің және оның жеке бөліктерінің нысаны мен түрін мөлшерлерін анықтау, жер қыртысының қозғалысын және жердің гравитациялық өрісін зерделеу бойынша жұмыстар кешенін орындайды; бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, геодезиялық өлшемдердің нәтижелеріне математикалық өңдеуді орындайды; теңіз түбін картографиялауға және елдің теңіз шельфінің табиғи ресурстарын зерделеуге қажетті топографиялық-геодезиялық және гравиметриялық жұмыстарды орындайды; көліктік және гидротехникалық құрылыстарды, өнеркәсіптік және қалалық объектілерді іздестіру кезінде геодезиялық жұмыстарды жобалайды және жүргізеді; қуатты электр станциялары, жоғары тегеурінді бөгеттер сияқты инженерлік құрылыстарды салу және монтаждау кезінде дәл бөлу жұмыстарын орындайды; құрылыстар мен конструкциялардың өзгеруін зерттейді.
Жаңа техниканы енгізудің перспективалық және жылдық жоспарын орындауға, геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін салалық жоспарларға және топографиялық-геодезиялық өнімдер өндірісінің құралдары мен әдістерін жетілдіру бойынша техникалық-ұйымдық іс-шаралар жоспарына ұсыныстар беруге қатысады; аспаптарды тексерудің күнтізбелік кестелерін әзірлейді, жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысады.
Технологиялық жабдықтарды белгіленген нақтылық нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Геодезиялық құралдар мен аспаптарды тексеруді және юстировкасын орындайды, оларды дұрыс пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді. Өндірістік құжаттарды және есептілікті рәсімдейді.
Топографиялық-геодезиялық жұмыстар материалдарын есепке алу және сақтау ережелерін, өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасының, өндірістік тазалық пен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық және геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды далалық және камералдық орындау жөніндегі әдістемелік материалдарды; стандарттар мен өлшеу құралдарын пайдалану, тексеру, юстировкасы және сақталуы бойынша басқа нормативтік құжаттарды; өндірілетін өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын; өлшеу құралдарының техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, оларды жөндеу технологиясын; өлшеулерді орындау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
13. Картограф
1. Лауазымдық міндеттері: цифрлі топографиялық карталар мен жоспарларды, сонымен қатар әртүрлі тематикалық карталарды жасау, құрастыру және басып шығаруға дайындау жұмыстарын орындайды. Берілген проекцияда және координат жүйесінде топографиялық (географиялық) негіздердің түпнұсқаларын құрастырады.
Картография мәселелері бойынша нормативтік құжаттар әзірлеуге және енгізуге, шартты таңбалар мен белгілерді, шрифттерді таңдайды, картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған тиісті есептерді және жобалар бөлімдерін құруға қатысады.
Түрлі мазмұндағы карталарды баспаға шығаруға (көбейтуге) дайындауды, технологиялық жабдықтарды белгіленген нақтылық нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық және геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, картографиялық өнім өндірісі бойынша әдістемелік материалдарды; жұмыс орнын аттестациялау, аспаптарды пайдалану мен тексеру бойынша стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарын; өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын, техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, картографиялау құралдарының мағынасын және жұмыс қағидаттарын; еңбекті қорғау, соның ішінде гравирлеуді орындау кезінде, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы картограф лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы картограф лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және картограф лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы картограф лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы картограф лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және картограф лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
14. Карталардың корректоры
1. Лауазымдық міндеттері: жасалып жатқан карталар мен жоспарлардың мазмұны бойынша жұмыс барысында қателіктер мен кемшіліктерді уақтылы анықтайды; оларды жоюға шара қабылдайды. Қолданыстағы ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларды қолданады.
Камералдық өңдеу кезінде түпнұсқаларға далалық дешифрлеу мәліметтерінің толықтығы мен және дұрыс тасымалдауын және пысықталуын, артографиялық өнімнің мемлекеттік тілде түзетуді, түпнұсқалар мазмұнына лексикалық, стилистикалық және мағыналық аудармаларының нақты сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын, оларды басып шығаруға дайындауды; карталарды түзету әдістемесін, стандартты түзету белгілерін; терминологияның мемлекеттік стандарттарын, өлшеу белгілері мен бірліктерін; қолданыстағы шартты қысқартуларды; корректорлық жұмыстың қолданыстағы нормативтерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы корректор лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы корректор лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және корректор лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы корректор лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы корректор лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және корректор лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
15. Маркшейдер
1. Лауазымдық міндеттері: маркшейдерлік жұмыстарды және тірек желілерін құру бойынша есептеуді, тау қазбаларын түсіру және өлшеу, түсірілім материалдарына камералдық өңдеу жұмыстарын орындайды. Жару жұмыстарын техникалық есептеу үшін құжаттар мен материалдар дайындайды. Тау-кендік бөлу шегіндегі карьердің немесе құрылыс алаңының аумағына жапсарласып жатқан геодезиялық белгілердің жай-күйін байқайды, есебін жүргізеді және сақталуын қамтамасыз етеді.
Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар жобаларының тиісті бөлімдерін жүргізуге және жоспарларды құрастыруға, сондай-ақ олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырады, құрылыс объектілеріне жер бөлуді рәсімдеу үшін геодезиялық материалдарды келісуге және дайындауға қатысады. Геодезиялық аспаптар мен құрал-саймандарды тексеруін және юстировкасын орындайды, олардың дұрыс пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Тау қазбаларының, құрылыстардың, тас жолдарды және басқа да объектілердің жобаларын жергілікті жердің жағдайына байланыстыруды жүзеге асырады және оларды нақты түріне көшіреді, қажетті геодезиялық өлшемдерді жүзеге асырады және далалық құжаттаманы, материалдардың камералдық өңдеуін жүргізеді, есептеу жұмыстарын орындайды, жоспарлар, сызбалар, бейіндер және басқа да графикалық материалдар жасайды. Өндірістік құжаттаманы және есептілікті ресімдейді.
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық-технологиялық нормалар мен ережелерді, жер қойнауын геологиялық зерттеу, жер қойнауын пайдалану, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларды, өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдары мен жер қойнауын геологиялық зерделеу, жер қойнауын пайдалану, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, далалық және камералдық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік материалдарды, стандарттар мен өлшеу құралдарын пайдалану, тексеру, юстировкасы және сақталуы бойынша басқа нормативтік құжаттарды; өндірілетін өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын; өлшеу құралдарының техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, оларды жөндеу технологиясын; өлшеулерді орындау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білім және бірінші санаттағы маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білім және екінші санаттағы маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білім және маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білімі болуы керек, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білім және бірінші санаттағы маркшейдер лауазымында кемінде жұмыс өтілі 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білім және екінші санаттағы маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білім және маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (маркшейдерлік ісі, тау ісі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
18. Карталардың редакторы
1. Лауазымдық міндеттері: жасалып жатқан карталар мен жоспарлардың мазмұныны бойынша жұмыс істеу барысында қателер мен кемшіліктерді уақтылы анықтайды, оларды жою шараларын қабылдайды; камералдық өңдеу кезінде түпнұсқаларға далалық дешифрлеу мәліметтерін түзеуді және пайдалануды тасымалдаудың толықтығы мен дұрыстығын, карталар (жоспарлар) түпнұсқаларын редакциялау, материалдарды кезекші карталарымен, далалық тексеруден кейін елді-мекендер атауларының индекстерімен келіседі, кезекші редакцияланған схемалармен, анықтамалық материалдармен жұмыс істейді. Карталарды (жоспарларды) жобалау, жасау және басып шығару үшін далалық және камералдық топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындайтын қызметкерлерге арналған редакциялық нұсқаулықтар жасайды, далалық және камералдық топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау кезінде күрделілік санатын анықтау үшін эталондар әзірлеуге қатысады. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жоспарларын орындау туралы есептерді құруға қажетті мәліметтерді жүйеге келтіреді және дайындайды.
Отандық және шет елдік ұқсас өнімге салыстырмалы талдауды, олардың техникалық және эстетикалық деңгейін бағалауды жүргізеді.
Топографиялық және басқа да карталардың (жоспарлардың) тұтынушылық қасиетін жақсарту жөніндегі міндеттерді шешуге байланысты ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстардың кезеңдері мен бағыттарын орындауға қатысады, картографиялауға жататын объектіге техникалық жобалар құрау үшін қажетті құжаттарды әзірлейді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын, оларды басып шығару дайындығын; картаны редакциялау әдістемесін, оның мазмұнына және ресімдеуіне қойылатын талаптарын; карталардың мазмұнын және дәлдігін, технологиясын анықтайтын қолданыстағы нұсқаулықтарын; шартты белгілер және олардың үйлесімділігін қолдану ерекшеліктерін; географиялық жұмыстарды транскрибтеу ережесін; техникалық есептерін және өлшеуді орындау әдістерін; техникалық құжаттарды ресімдеу ережесін және құрастыру тәртібін; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы карта редакторы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы карта редакторы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және карта редакторы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы карта редакторы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы карта редакторы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және карта редакторы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.