Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін қандас мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Этникалық қазақтар мен олардың отбасылары мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталығына алғашқы орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 570 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 28 қарашада № 7310 болып тіркелген, 2011 жылы 10 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 611-615 жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 328-ө-м бұйрығымен бекітілген |
Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін қандас мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері
Ескерту. Қағидалары мен мерзімдерінің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін қандас мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн уақытша орналастыру орталықтарында бастапқы қоныстандыру тәртiбiн және болу мерзімдерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
2) уақытша орналастыру орталығы (бұдан әрі - Орталық) - этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын үй.
3) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-тарау. Этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін Орталықта алғашқы қоныстандыру тәртібі және олардың болу мерзімі
3. Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ немесе қоныс аударушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган өтінішті берген күні қарайды.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш Уақытша орналастыру орталығында этникалық қазақты немесе қоныс аударушыны, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін алғашқы қоныстандыруды тiркеу журналына тiркеледi.
5. Өтінішті қарағаннан кейін халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді және ол этникалық қазақтарды немесе қоныс аударушыларды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн Орталықта алғашқы қоныстандыруды тіркеу журналына тіркеледі.
6. Этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері жолдаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні iшiнде Орталыққа орналастырылады.
7. Орталыққа қоныстандыру мерзімі сақталмаған жағдайда, этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері қоныстану құқығын жоғалтады. Бұл ретте олардың Орталыққа алғашқы қоныстандыруға қайта өтініш беру құқығы сақталады.
8. Орталықта бос төсек-орын болмаған кезде өтініш қабылдаудан және оны тіркеуден бас тартылмайды.
Бұл жағдайда этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері жолдама бермей өтініш беру кезектілігі тәртiбiнде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын резервке қабылданады.
9. Орталықта төсек-орын босаған кезде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган кезектiлiк тәртiбiмен Орталыққа қоныстандыру үшін этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жолдама бередi.
10. Орталыққа этникалық қазақтан немесе қоныс аударушыдан, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
11. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта қандас мәртебесін алғанға, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шарты жасалғанға дейін, күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзім тұра алады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері оларға қандас мәртебесiн берген немесе қандас мәртебесін беруден бас тартылған күннен бастап, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шартын жасаған күннен бастап немесе жұмыс берушімен шарт жасаудан бас тартқан жағдайда өздеріне Орталықтан берілген үй-жайды бес жұмыс күні iшiнде босатады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сiзден мені және _____ адамнан тұратын менің отбасымның мүшелерін Уақытша орналастыру орталығына қандас мәртебесін алғанға немесе жұмыс берушімен еңбек шартын жасағанға дейін қоныстандыруды сұраймын, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімге бір рет қоныстандыруды сұраймын (қажетінің астын сызу қажет).
______________ ____________
(күні) (қолы)
Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін қандас мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Уақытша орналастыру орталығына этникалық қазақтар мен қоныс аударушыларды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін бастапқы қоныстандыруды тiркеу ЖУРНАЛЫ
Р/с | Кіріс өтініштерінің түскен күні | Өтiнiш беруші этникалық қазақтың немес қоныс аударушының тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты | Туған жерi және күнi | Шыққан елi немесе өңірі | Жолдаманың нөмiрi және берiлген күнi |
________________ басталды
_______________ аяқталды
Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін |
|
қандас мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
№_______ЖОЛДАМА
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, этникалық қазақтың немесе қоныс аударушының туған күнi)
20___жылғы "___" _______ мерзімге дейін Уақытша орналастыру орталығына қоныстандыру үшiн жолданады.
Отбасы мүшелерi:
1.________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
2.________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
3.________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
4.________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
5.________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
6.________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
…….
______________ облысының,
республикалық маңызы бар қала мен
астананың халықтың көші-қон саласындағы
жергілікті атқарушы органның басшысы __________________________________М.О.
(Тегі, аты болған жағдайда әкесінің аты
________________ (берілген күні)