Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013 № 328-ө-м бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында алғашқы қоныстандыру қағидалары және олардың уақытша орналастыру орталықтарында болу мерзімдері бекітілсін.
2. «Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 134бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 24 сәуірде № 6908 болып тіркелген, 2011 жылы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 225 (26646) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокинге) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
милиция генерал-майоры Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 570 бұйрығымен
бекітілген
Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман
мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша
орналастыру орталықтарында алғашқы қоныстандыру қағидалары
және олардың уақытша орналастыру орталықтарында
болу мерзімдері.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында алғашқы қоныстандыру қағидалары және олардың уақытша орналастыру орталықтарында болу мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн уақытша орналастыру орталықтарында алғашқы қоныстандыру тәртiбiн және болу мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша орналастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) - этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiнің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын үй.
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде және көші-қон процестерін реттеуді халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестріуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) этникалық қазақ – шетелдік немесе шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ, азаматтығы жоқ, адам.
2. Этникалық қазақ пен олардың отбасы мүшелерін Орталықта
алғашқы қоныстандыру тәртібі және олардың болу мерзімі
3. Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлінісіне өтініш береді.
Өтінішті аумақтық бөлініс оны берген күні қарайды.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерін Орталыққа алғашқы қоныстандырды тiркеу журналында тiркеледi.
5. Өтінішті қарағаннан кейін аумақтық бөлініс осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді және ол этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерiн Орталықта алғашқы қоныстандыруды тіркеу журналында тіркеледі.
6. Жолдаманы алғаннан кейін этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері бес жұмыс күні iшiнде Орталыққа орналастырылады.
7. Орталыққа қоныстандыру мерзімі сақталмаған жағдайда, этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері қоныстану құқығын жоғалтады. Бұл ретте олардың Орталыққа алғашқы қоныстандыруға қайта өтініш беру құқығы сақталады.
8. Орталықта бос төсек-орын болмған кезде өтініш қабылдаудан және оны тіркеуден бас тартылмайды.
Бұл жағдайда этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері өтініш беру кезектілігі тәртiбiнде аумақтық бөлініс қалыптастыратын резервке жолдама бермей қабылданады.
9. Орталықта төсек-орын босаған кезде аумақтық бөлініс жергілікті атқарушы органы кезектiлiк тәртiбiмен Орталыққа қоныстандыру үшін этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелеріне жолдама бередi.
10. Орталыққа этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
11. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта келу мерзімі жолдама алған күннен бастап он бес күнді құрайды.
12. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері оларға берілген Орталықтың үй-жайын оралман мәртебесiн алған не болмаса одан бас тартылған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде босатады.
Этникалық қазақтар мен
олардың отбасы мүшелерін оралман
мәртебесін алғанға дейін олардың
қалауы бойынша уақытша орналастыру
орталықтарында алғашқы қоныстандыру
қағидаларын және олардың уақытша
орналастыру орталықтарында болу
мерзімдерін бекіту туралы
1-қосымша
Нысан
____________________ облысы/қаласы
ІІД Көші-қон полициясы басқармасының
бастығына
____________________________________
(Этникалық қазақтың Т.А.Ә)
Өтiнiш
Сiзден мені және саны _____ адамнан тұратын менің отбасымның мүшелерін Уақытша орналастыру орталығына оралман мәртебесін алғанға дейін қоныстандыруды сұраймын.
___________________ _________________
(күнi) (қолы)
Этникалық қазақтар мен
олардың отбасы мүшелерін оралман
мәртебесін алғанға дейін олардың
қалауы бойынша уақытша орналастыру
орталықтарында алғашқы қоныстандыру
қағидаларын және олардың уақытша
орналастыру орталықтарында болу
мерзімдерін бекіту туралы
2-қосымша
Нысан
Уақытша орналастыру орталығына этникалық қазақ пен оның
отбасы мүшелерін алғашқы қоныстандыруды тiркеу
ЖУРНАЛЫ
р/с |
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. |
Туған жерi және күнi |
Шыққан елi |
Жолдаманың нөмiрi және берiлген күнi |
________ басталды
________ аяқталды
Этникалық қазақтар мен
олардың отбасы мүшелерін оралман
мәртебесін алғанға дейін олардың
қалауы бойынша уақытша орналастыру
орталықтарында алғашқы қоныстандыру
қағидаларын және олардың уақытша
орналастыру орталықтарында болу
мерзімдерін бекіту туралы
3-қосымша
Нысан
№ _______ ЖОЛДАМА
Оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша орналастыру Орталығына қоныстандыру үшiн ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., этникалық қазақтың туған күнi)
Отбасы мүшелерi:
1. ______________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
2. ______________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
3. ______________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесi)
4. ______________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
5. ______________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
6. ______________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
жолданды
________________________ облысы (қаласы)
ІІД Көшi-қон полициясы
басқармасының бастығы
________________________ м.о.
(Т.А.Ә)
________________
(берілген күні)