"Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8603 тіркелді

      «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес, поездардың қозғалыс қауіпсіздігі мен теміржол көлігінің үздіксіз жұмыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6859 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, (26593) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерінде:
      33-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жолаушылар вагондары жолсеріктерінің жұмыс және демалу кестелерін жасау кезінде олардың рейстағы үздіксіз жұмысының ұзақтығы 12 сағаттан аспау керек, жолаушылар вагондарының жолсеріктері жұмысының аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында ресми жариялансын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Жұмағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      __________ Т.Б. Дүйсенова
      2013 жылғы 24 шілде

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 февраля 2011 года № 74 "Об утверждении Особенностей учета рабочего времени и времени отдыха работника железнодорожного транспорта, непосредственно связанного с движением поездов"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 22 июля 2013 года № 556. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2013 года № 8603

      В соответствии с пунктом 3 статьи 22 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте», а также в целях обеспечения исполнения требований трудового законодательства Республики Казахстан, безопасности движения поездов и бесперебойной работы железнодорожного транспорта, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 февраля 2011 года № 74 «Об утверждении Особенностей учета рабочего времени и времени отдыха работника железнодорожного транспорта, непосредственно связанного с движением поездов» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6859, опубликован в газете «Казахстанская правда» от 31 мая 2011 года, № 172 (26593)) следующее изменение:
      В Особенностях учета рабочего времени и времени отдыха работника железнодорожного транспорта, непосредственно связанного с движением поездов, утвержденных указанным приказом:
      абзац второй пункта 33 изложить в следующей редакции:
      «При разработке графиков работы и отдыха проводников пассажирских вагонов продолжительность их непрерывной работы в рейсе не должна превышать 12 часов, продолжительность ежедневного (междусменного) отдыха проводников пассажирских вагонов между окончанием работы и ее началом на следующий день (рабочую смену) не может быть менее двенадцати часов.».
      2. Комитету транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Килыбай Н.И.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации и на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и размещение на ИПГО.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Скляр Р.В.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев

      СОГЛАСОВАН»:
      Министр труда и социальной
      защиты населения
      Республики Казахстан
      Дуйсенова Т. Б._______
      24 июня 2013 года