Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 01 шілдедегі № 199-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 125/НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8616 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.06.2015 № 462 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Аламан):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды               Премьер-Министрінің
      реттеу агенттігінің                 бірінші орынбасары -
      төрағасы                            Қазақстан Республикасының
                                          Өңірлік даму министрі

      ____________М. Оспанов              ____________ Б. Сағынтаев

      2013 жылғы «___» ________           2013 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы Табиғи     
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 01 шілдедегі № 199-НҚ және 
Қазақстан Республикасы           
Премьер - Министрінің бірінші орынбасарының
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму   
министрінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 125/НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген     

Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік
аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Өлшемдер тәуекелдердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын айқындайды, олардың негізінде реттелетін нарық субъектілерін (бұдан әрі – Субъектілер) бағалау және тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.
      3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын Субъектілерге (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) қатысты жоспарлы тексерулер олар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл өткен соң жүргізілуі мүмкін.
      4. Осы Өлшемдерде тәуекел деп тексерілетін Субъектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне тарифті негізсіз көтеру, реттеліп көрсетiлетiн қызметтерді ұсынудан заңсыз бас тарту, тұтынушыларды кемсіту және өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздер) жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы танылады және оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріледі.
      5. Субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша жатқызу бастапқы және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      Бастапқы бөлу кезінде Субъектілер топтарға бөлінеді, олар өз кезегінде Субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұтынушылардың санына қарай тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді:
      Темір жол көлігі, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт саласындағы реттелетін нарық субъектілері:
      1) тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобына – 5 тұтынушыға дейін;
      2) тәуекелдің орташа дәрежесінің тобы – 5-тен 20 тұтынушыға дейін;
      3) тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобы - 20 және одан көп тұтынушы.
      Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілері:
      1) тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобы – 50 000 тұтынушыға дейін;
      2) тәуекелдің орташа дәрежесінің тобы – 50 000-нан 100 000 тұтынушыға дейін;
      3) тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобы - 100 000 және одан көп тұтынушы.
      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілері:
      1) тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобы – 10 000 тұтынушыға дейін;
      2) тәуекелдің орташа дәрежесінің тобы – 10 000-нан 20 000 тұтынушыға дейін;
      3) тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобы - 20 000 және одан көп тұтынушы.
      6. Соңғы тексеру сәтінен бастап Сапалық көрсеткіштерде көрсетілген әрбір бұзушылық фактісі бойынша (оның ішінде жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған) ол болған жағдайда тиісті балл беріледі, ол кейін қосылады және тәуекелдер дәрежесін бағалау кезінде ескеріледі.
      Егер Субъектінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштердің әсеріне тап болған жағдайда, онда балдар қосылады.
      7. Сапалық көрсеткіштер бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.
      8. Жиынтық қорытындының нәтижелері Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін пайдаланылады.
      9. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобына - 30 және одан көп балл;
      тәуекелдің орташа дәрежесінің тобына - 20 бал;
      тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобына - 10 бал жинаған Субъектілер жатады.
      10. Егер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы қандай да бір бұзушылықтар Субъектінің табыс (түсім) алуына әкелген жағдайда, онда осындай Субъект берілген балдың жиынтығына қарамастан жоғарғы тәуекел деңгейіне жатқызылады.
      11. Жоспарлы тексеруден өткен Субъектілер оларды келесі күнтізбелік жылдың тәуекелдер дәрежелеріне бөлу мақсатында жіберілген бұзушылықтар ескеріле отырып Сапалық көрсеткіштердің негізінде тәуекелдерге қайтадан бағалануға тиіс.
      12. Жоспарланып отырған тексерулердің саны Субъектілердің тәуекелдеріне жүргізілген бағалаудың нәтижесіне және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның тексерулерге қатысатын лауазымды тұлғаларының санына сүйене отырып белгіленеді.
      13. Уәкілетті орган тәуекелдің бір тобының ішінен Субъектілерді іріктеуді мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырады:
      1) тексеру жоспарына неғұрлым ұзақ уақыт кезеңінде тексерілмеген Субъект кіреді (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде, жоспардан тыс тақырыптық тексерулер ескерілмейді);
      2) тексерулер жоспарына неғұрлым көп балл жиынтығын алған Субъектілер енгізіледі.

Реттелетін нарық саласындағы  
жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымша

Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Талаптардың бұзылуы

Балдар беру шарты

Балдар

1

Реттелетін нарық субъектісінің уәкілетті органға ақпаратты, есепті табыс етпеуі не ақпаратты, есепті, белгіленген мерзімдерін бұза отырып табыс етуі (заңнама бұзушылығының әрбір фактісі үшін 10 балл беріледі).

иә

10

жоқ

0

2

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы бұзушылықтар (1,3-тармақтарда көрсетілген бұзушылықтарды қоспағанда) (заңнама бұзушылығының әрбір фактісі үшін 20 балл беріледі).

иә

20

жоқ

0

3

Негізсіз табыс (түсім) алуға әкелген Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзушылықтар (заңнама бұзушылығының әрбір фактісі үшін 30 балл беріледі).

иә

30

жоқ

0


Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах регулируемого рынка

Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 1 июля 2013 года № 199-ОД и Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра регионального развития Республики Казахстан от 5 июля 2013 года № 125/нқ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2013 года № 8616. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 июня 2015 года № 462

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 27.06.2015 № 462 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках» и пунктами 3 и 4 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые критерии оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах регулируемого рынка.
      2. Департаменту контроля и исковой работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Аламан А.Т.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.
      3. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Базарбаев С.П.) после государственной регистрации настоящего приказа:
      1) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан с последующим представлением в Юридический департамент Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий сведений об опубликовании;
      2) довести настоящий приказ до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Алпысбаева А.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию
естественных монополий

______________________М. Оспанов
«___» ____________ 2013 года


Первый заместитель
Премьер-министра
Республики Казахстан -
Министр регионального
развития Республики Казахстан
________________ Б. Сагинтаев
«___» __________ 2013 года

Утверждены                
Совместным приказом           
Председателя Агентства          
Республики Казахстан           
по регулированию естественных монополий
от 1 июля 2013 года № 199-ОД     
и Первого заместителя Премьер-министра 
Республики Казахстан -        
Министра регионального развития     
Республики Казахстан          
от 5 июля 2013 года № 125/нқ     
 

Критерии
оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в
сферах регулируемого рынка

      1. Настоящие критерии оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сферах регулируемого рынка (далее – Критерии) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан».
      2. Настоящие Критерии определяют совокупность количественных и качественных показателей рисков, на основании которых осуществляется оценка и отнесение субъектов регулируемого рынка (далее – Субъекты) к различным степеням риска.
      3. В отношении Субъектов являющимися субъектами малого предпринимательства плановые проверки могут проводится по истечении трех лет со дня их государственной регистрации (кроме созданных юридических лиц в порядке реорганизации и правопреемников реорганизованных юридических лиц).
      4. Под риском в настоящих Критериях признается вероятность причинения вреда в результате деятельности проверяемых Субъектов жизни или здоровью человека, окружающей среде, имущественным интересам государства, законным интересам физических и юридических лиц путем необоснованного повышения тарифов, отказа в предоставлении регулируемых услуг, дискриминации потребителей регулируемых услуг, а также иными действиями (бездействиями) с учетом степени тяжести его последствий.
      5. Отнесение Субъектов по степеням риска осуществляется путем первичного и последующего распределения.
      При первичном распределении Субъекты подразделяются на группы которые в свою очередь распределяются по степеням риска в зависимости от количества потребителей которым Субъект предоставляет регулируемые услуги:
      Субъекты регулируемого рынка в области железнодорожного транспорта, производства нефтепродуктов, транспортировки нефти, гражданской авиации, портовой деятельности:
      1) к незначительной степени риска – до 5 потребителей включительно;
      2) к средней степени риска – от 5 до 20 потребителей включительно;
      3) к высокой степени риска отнесены – от 20 и выше потребителей.
      Субъекты регулируемого рынка в области электро- и теплоэнергетики:
      1) к незначительной степени риска – до 50 000 потребителей включительно;
      2) к средней степени риска – от 50 000 до 100 000 потребителей включительно;
      3) к высокой степени риска отнесены – от 100 000 и выше потребителей.
      Субъекты регулируемого рынка в области газа с учетом особенностей, установленных Законом Республики Казахстан «О газе и газоснабжении»:
      1) к незначительной степени риска – до 10 000 потребителей включительно;
      2) к средней степени риска – от 10 000 до 20 000 потребителей включительно;
      3) к высокой степени риска отнесены – от 20 000 и выше потребителей.
      При последующем распределении, оценка рисков с целью распределения Субъектов по степеням рисков осуществляется на основании Качественных показателей оценки степени рисков (далее – Качественные показатели), согласно приложению к настоящим Критериям.
      6. По каждому факту нарушений (в том числе выявленных в результате внеплановых проверок), указанных в Качественных показателях за период с момента последней проверки, при его наличии присваивается соответствующий балл, который в последующем суммируется и учитывается при оценки степени рисков.
      В случае, если действие или бездействие Субъекта подпадает под действие нескольких Качественных показателей, то баллы суммируются.
      7. Баллы по Качественным показателям суммируются для определения общего суммарного итога.
      8. Результаты суммарного итога используются для дифференциации Субъектов по степеням рисков.
      9. Дифференциация Субъектов по степеням рисков осуществляется следующим образом:
      к группе высокой степени риска относятся Субъекты, набравшие от 30 и более баллов;
      к группе средней степени риска – 20 баллов;
      к группе незначительной степени риска – 10 баллов.
      10. В случае, если какие-либо нарушения законодательства о естественных монополиях и регулируемых рынках повлекли получение Субъектом дохода (выручки), то такой Субъект независимо от суммы присвоенных баллов относится к высокой степени риска.
      11. Субъекты, подвергшиеся плановой проверке, подлежат повторной оценке рисков с учетом допущенных нарушений на основании Качественных показателей с целью распределения их по степеням рисков на следующий календарный год.
      12. Количество планируемых проверок определяется исходя из результатов проведенной оценки рисков Субъектов и количества участвующих в проверках должностных лиц уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках.
      13. Отбор Субъектов внутри одной группы риска осуществляется уполномоченным органом по следующим принципам:
      1) в план проверок включается Субъект, имеющий наибольший непроверенный период (при определении непроверенного периода не берутся в расчет внеплановые тематические проверки);
      2) в план проверок включаются Субъекты, набравшие наибольшие суммы баллов.

Приложение         
к Критериям оценки      
степени риска в сфере частного
предпринимательства в сферах
регулируемого рынка     

             Качественные показатели оценки степени рисков

Нарушения требований

Условия присвоения баллов

Баллы

1

непредставление субъектом регулируемого рынка в уполномоченный орган информации, отчета в установленные сроки, либо с нарушением установленных сроков (за каждый факт нарушения законодательства присваивается 10 баллов)

да

10

нет

0

2

нарушения законодательства Республики Казахстан о естественных монополиях и регулируемых рынках (за исключением нарушений указанных в пунктах 1,3) (за каждый факт нарушения законодательства присваивается 20 баллов)

да

20

нет

0

3

нарушения законодательства Республики Казахстан о естественных монополиях и регулируемых рынках, приведшие к получению необоснованного дохода (выручки) (за каждый факт нарушения законодательства присваивается 30 баллов)

да

30

нет

0