Ескерту. Күші жойылды – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 09.06.2017 № 89 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабы 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнің (бұдан әрi – Агенттiк) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына (Ә.Т. Жуанышпаева) заңнамамен белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етілсiн.
3. Агенттiктiң Конфессияаралық қатынастар департаментiне (Б.К. Кулекеев) осы бұйрық күшiне енгеннен кейiн оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етілсiн және Агенттiктiң интернет-ресурсына енгiзілсін, сондай-ақ Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен қарасты мекемелерiн, жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттiк Төрағасының орынбасары М.А. Әзiлхановқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күннен соң күшiне енедi.
Төрағаның | |
міндетін атқарушы | Ғ. Шойкин |
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығымен бекітілген |
Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған
үй-жайлардың орналастырылуын анықтау бойынша нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.11.2015 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтайтын осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайларды және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру тәртібін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:
1) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар (бұдан әрі – діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар) – нысаналы мақсатты діни жораларды, діни құлшылықтарды, рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге арналған тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан оның бір бөлігі;
2) діни әдебиет – діни мазмұнға ие (теологиялық, діни-каноникалық, ритуалдық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) және тұрғындардың діни және рухани-діни ұстанымдарынан туындайтын өзге де әлеуметтік мәні бар сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған баспа немесе электрондық өнім (кітаптары, брошюралар) болып табылады;
3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайлар (бұдан әрі - тұрақты үй-жайлар) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;
4) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын баспа түріндегі және электрондық өнім;
5) діни мақсаттағы заттар – діни құлшылықтарды, діни жоралар мен рәсімдерді өткізуге қажетті, сондай-ақ діни рәміздегі элементтерден тұратын заттар, бұйымдар және атрибуттар.
3. Осы Нұсқаулыққа сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекітеді және діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуына келісімін береді.
2. Тұрақты үй-жайлардың және діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуын анықтау
4. Тұрақты үй-жайлар мен діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар бөлек орналасқан ғимараттардың ішінде немесе жеке ғимараттарда орналасады.
5. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар келесі орындарда орналаса алмайды:
1) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында;
2) мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарында;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшасында көрсетілмеген мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындардың ғимаратында.
6. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген ғимараттардан 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.
7. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы оларға жақын тұрған (көрші орналасқан үй-жайлардағы, ғимараттардағы) тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жол беріледі, сондай-ақ үй-жайлар орналасқан ғимараттардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі керек.
8. Тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу кезде келесі жағдайларға:
1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" және "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес ұсынған құжаттарына;
2) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;
3) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;
4) осы Нұсқаулықтың 5, 6-тармақтарын ескере отырып, тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аудару қажет.
9. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың тізімі облыстардың, республикалық маңызы бар қаласының, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.