БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған)) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес елдер бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:
«
39 |
Сербия Республикасы |
680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
».
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Тулеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы М. Орынханов